Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аралас түрі, орташа ағымы (II сатысы), ауыр өршуі
Автор: Erkinay • Февраль 12, 2024 • История болезни • 1,509 Слов (7 Страниц) • 104 Просмотры
Медицина негіздері кафедрасы
Ауру Тарихы
Пациент аты-жөні,жасы: : Тарғынбеков Мейрам Болатұлы, 53 жас
Болжам диагноз:Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аралас түрі, орташа ағымы (II сатысы), ауыр өршуі
Студент:Бақытжан Еркінай
Курация уақыты:16.10.2023-27.10.2023
Топ:322 ЖМ
Ауру тарихы:
І. Паспорттық бөлім
1.Аты-жөні: Тарғынбеков Мейрам Болатұлы
2.Ұлты:қазақ
3.Жыныс:Ер адам
4.Жасы:13.05.1970 жылы; 53 жас
5. Жұмыс орны: егін алқабы
6.Мамандығы: трактор жүргізушісі
7.Мекен-жайы:Ақмола облысы,Қосшы қаласы
8.Келген күні:16.10.23 жылы
ІІ.Шағымдары:
Жөтел:құрғақ жөтел қақырықпен,таңертеңгі уақытта,тұрақты
Қақырық мөлшері таңғы уақытта мөлшері көп емес(сирек>50мл/тәул),шырышты сипатта болады,сары түсті,жағымсыз иісті
Қан түкіру:жоқ
Аралас түрде тыныштық жағдайда да және кішкене физикалық күш түскенде ентігу сезімі, жалпы әлсіздік, кешкі уақытта температураның 38С дейін көтерілуі.
III.Ауру анамнезі:
Науқас өзін 2013 жылдан бері аурумын деп санайды, жоғарыда аталған шағымдар алғаш пайда болған кезде станционарда пульмонологиялық бөлімде толық тексеруден өтті, СОӨА диагнозы қойылды және ем қабылдады. Науқас емді қалай қабылдағандығын ұмытып қалған,бірақ, жағдайы жақсарып шыққан. 2013-2019жылдар аралығында жылына 1рет ауру ұстамасы болып тұрған. Емі амбулаторлы. Соңғы 2 жылда жағдайы ауырлаған жылына 2 ретке дейін ұстама болған:жөтел,онымен бірге түсуі қиын қақырық,ентігу,жоғары температура. Соңғы рет пульмонологиялық бөлімшеге 2022жылдың қарашасында жатқызылған. Қазіргі уақытта белгіленген уақытта-беродуал мен серетид,ситуационды беротек-1-2дозадан қабылдайды.
Қазіргі жағдайының нашарлау себебі:осыдан 2 апта бұрын қатты салқындап қалған, содан кейін жөтелмен бірге қиын шығатын қақырықпен,тыныштық қалыпта ентігу,тұншығу ұстамалары, беротектің 1-2дозасын қабылдағаннан кейін өтетін шағымдар пайда болған. Осы шағымдармен учаскелік терапевтке жүгінген,одан №14 қалалық емханаға жалпы қаралуға және ем қабылдауға жоспарлы түрде жіберілген.
IV.Өмір тарихы:
Науқастың туған жері 1970 жылы Ақмола облысы,Қосшы қаласы
Әлеуметтік анамнез: отбасында бірінші бала,отбасылық материалдық жағдайы – орташа.
Балалық шақ: бала кезінде иммунитеті жақсы болған, туберкулез,вирусты гепатитпен ауырмаған.Толық вакцинацияланған.
Оқу орны: 7 жасында мектепке барған,қабілеті орташа деңгейде,дене шынықтыру,спортпен жақсы шұғылданған. Білімі - орташа.
Еңбек тарихы: Ауыл шаруашылығымен айналысады. Еңбек алқабында трактор айдайды. Жұмыс орнында шаң-тозаң,аллергенді заттар бар.Ақыл-ойы анық,жағымсыз әдеттері –шамамен 30 жыл көлемінде күніне 20 дана шылымнан тартады, темекі тарту индексі-30қораптан/жылына, ішімдік ішпейді.
Басынан кешкен аурулар: операция,жарақат,ісінулер болмаған,бүйрек ауруларына шағымданбайды,психикалық зат алмасу аурулары болмаған .
Отбасылық және жыныстық анамнез: Некеде – әйелі бар. 4 бала-шағасы бар. Неке құрғанына 25 жыл.
Тұқым-қуалаушылық анамнез: Жақын туыстарының денсаулығы жақсы болған. Генінде тұқым-қуалайтын ауру жоқ. Ата-анасында бронхиальды астма болмаған.
Аллергиялық анамнез: Жұқпалы аурулармен ауырған адамдармен байланыста болмаған,дене температурасы қалыпты.Денесінде бөртпелер жоқ.Эпидемиологиялық қолайсыз аймақта болмаған. Аллергия болмаған.
V.Жалпы қарау:
Науқастың жалпы жағдайы:қанағаттанарлық.Санасы - анық . Байланыс - орната алады.Төсектегі қалпы - активті.Дене бітімі -нормостеникалық.Бойы - 168,салмағы – 83кг.Дене салмағының индексі-29кг/м2.Қалпы(осанка) -тіке.
Тері түсі -қалыпты, серпімді, тыртықтар жоқ, ылғалдылығы -қалыпты. Шаштары - шаштың көп түсуі байқалмайды, сынғыш емес. Тырнақтары -сынғыш емес, түсі аздап өзгерген. Ісінулер - көзге көрінетін - тері жабыны мен шырышты қабаттарда ісіну жоқ. Лимфа түйіндері - консистенциясы тығыз, қозғалмалы, бұршақ көлемімен бірдей,жанындағы тіндермен байланыспаған.Лимфа түйіндері қалыпты жағдайда пальпацияланбайды.
...