Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Созылмалы холециститті тудыратын факторлар

Автор:   •  Июнь 14, 2018  •  Реферат  •  484 Слов (2 Страниц)  •  679 Просмотры

Страница 1 из 2

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ішкі аурулар кафедрасы №  2

Тақырыбы: Созылмалы холециститті тудыратын факторлар

Орындаған: Ахилбек Г.Н.

6052  топ ЖМ

Қабылдаған: Кабидолдина Г.Е.

Қарағанды 2017 жыл.

Созылмалы холециститті тудыратын факторлар

Созылмалы холецистит-өт қабының алты айдан астам ұзақтықта созылатын полиэтиологиялық қабынбалы ауруы, өт шығару жолдарының моторлы тондық бұзылуларымен жəне өттің физикалық химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен қоса жүретін, өт қабында тастың пайда болуымен, билиарлы жүйенің моторлы тондық бұзылуларымен бірге жүруі мүмкін.

Созылмалы холециститті тудыратын факторларды екіге бөліп қарастыруға болады: эндогенді және экзогенді.

Себебі созылмалы холециститті бір ғана фактор туғызбайды.

Енді созылмалы холециститті тудыратын эндогенді факторларға тоқталсақ:

  • Жасы 40 жастан жоғарылар.Мұнда да ескеретін жағдай бар: калькулезді холециститке қарағанда тассыз холецистит 10 жыл бұрын ерте дамиды.
  • Өт қабының құрылысының туа біткен бұзылысы, оның тонусының тқмендеуі, іш қусында мүшелердің төмен түсуі.
  • Өт шығару жолдарының дискинезиясы
  • Жынысы әйел: ерлерге қарағанда әйелдер -
     есе жиі ауырады. Себебі әйелдерде эстроген гормонының жоғары болуы.
  • Тұқымқуалаушылық.  Созылмалы холециститтің тұқымқуалаушылық көрсеткіші 15-20 % -ды құрайды.
  • Жиі жүктілік.Себебі жүктілік кезінде құрсақ қабырғасының тонусы мен құрсақ ішілік қысым төмендегеннен өт қабының  моторикасы бұзылады, осыдан холециститтің дамуына қауіп жоғарылайды.Бұдан басқа жүктілік кезінде эстрогендердің мөлшері жоғарылайды бұл өз кезегінде өт шығару қызметін бұзады.
  • Семіздік әртүрлі генездегі гиперлипидемия. Шектен тыс тамақтану өттегі холестерин деңгейін жоғарылатады,осыған сәйкес өтте холестериндік тастардың жиналуына себеп болады.
  • Қант диабеті
  • Билиарлы тракттың аномалиясы
  • Жасырын немесе айқын аллергия

Созылмалы холецистті тудыратын экзогенді факторлар:

  • Ішектердің дисбиозы мен қабынулық аурулары.Инфекцияның созылмалы ошағы болуы мүмкін: аднексит, простатит,панкреатит және т.б.
  • Токсикалық фактор- химиялық өнеркәсіптерде жұмыс жасау
  • Алкоголизм.Шектен тыс алкогольді қабылдау.
  • Гиподинамия созылмалы іш қатумен қосарласқан
  • Психоэмоциональды стресстер мен жүктемелер
  • Ятрогенді- бірқатар дәрілік препараттарды қабылдау (диуретиктер, статиндер,контрацептивтер құрамында прогестиндер және эстрогендер және олардың аналогтары бар)
  • Диеталық- ашығу, құндылығы аз тағаммен тамақтану.

Сонымен қатар созылмалы холециститтің Циммерман 1992 жіктемесі бойынша этиологиясына:

  • Бактериальды
  • Вирусты
  • Паразитарлы
  • Аллергиялық
  • Ферментативтік
  • Иммуногендік  деп жіктеген,яғни бұл деген созылмалы холецистті тудыратын факторларға жоғарыда аталған эндогенді және экзогенді факторлардан басқа вирустар, бактериялар, паразиттердің де созылмалы холециститті тудыру қаупі бар екенін аңғартады.

Созылмалы холециститтің ең жиі себептері – ішек таяқшасы (40%), стафилококктар, энтерококктар (15%), стрептококтар (10% жоғары), гепатит вирусы (10%), оларға қарағанда сиректеу себептеріне протей, іш сүзегінің таяқшасы, паратиф, ащытқы саңырауқұлақтар жатады. Өт қабының қабынуы паразиттар инвазиясымен (лямблиоз, описторхоз, фасциолез, стронгилоидоз, аскаридоз, клонорхоз) байланысты болады. Холециститтің себебіне аллергия мен панкреатобилиарлық рефлюкс-ті жатқызады.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (78.2 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club