Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы
Автор: 87784882588 • Март 27, 2019 • История болезни • 1,811 Слов (8 Страниц) • 2,020 Просмотры
Факультативті терапия кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Қасқабаева А.Ш.
Оқытушы: Калимолдина Г.К.
Сырқатнама
Пациент: Курмангожина Самал Заманбековна
Диагноз: Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы
Жетекші:Қожа Айбол
Топ: 421, Жалпы медицина
Курация күні: 18.11.2018-19.11.2018ж
Семей қаласы, 2018 жыл.
Жалпы мәліметтер:
а) Науқастың аты-жөні: Курмангожина Самал Заманбековна
б) Жынысы: әйел адам
в) Жасы: 29
г) Жұмыс орны: үй шаруашылығында
д) Мекен жайы: Семей қаласы, Бобровка 45-76
е) Клиникаға түскен мерзімі: 11.11.2018 жыл.(экстренная) 05:00 сағат
Науқастың шағымдары:
Негізгі: Бел аймағындағы тұрақты сыздайтын ауырсынуы, зәр шығаруы жиі және ауырсынумен, зәрдің түсінің өзгеруіне.
Қосалқы: жалпы әлсіздік, тез шаршау
Anamnesis morbi:
Өзін төрт күн науқаспын деп санайды. Алғашында қуығында зәр шығару кезінде ауырсыну болған.
Бұрынғы аурулары:
Өсуі мен дамуы жасына сәйкес келеді.Туберкулез,Боткин ауруымен ауырмаған. Бала кезден бастап ОРВИ, тұмаумен жиі ауырған.Бірақ науқас өздігінен емделген. Венерологиялық аурулары жоқ. Психикалық жағдайы қалыпты. Ешқандай уланулар болмаған. Эпидемиологиялық анамнезі егулерді уақытымен алған. Осы ауруын бақшада көктемде бірінші рет қолғапсыз жұмыс істеуімен байланыстырады. Осы уақытқа дейін жұқпалы аурулармен ауырмаған. 14 жасынан бастап созылмалы пиелонефритпен ауырады. Жүктілік саны-3, Босану саны-1 (2017 жыл) Түсік-1.
Аллергологоиялық анамнез: теріс. Егулері өз уақытында жүргізілген. Дәрілерге жоғары сезімталдығы жоқ.
Отбасылық анамнез және тұқым қуалаушылығы:
Отбасында ерекше аурулармен ауыратындар жоқ.
Пациенттің өмір тарихы:
Науқас 25.06.1997 жылы Ақсуат ауданында дүниеге келген. Бала кезінен дамуы өз жасына сай. Жастық шағы өсуі ерекшеліксіз. Материалдық-тұрмыстық жағдайы орташа. Тұрғылықты үйі жылы, жер үйде тұрады. Тамақтануы толық, реттілікпен, тұзды және ашты тағамды көп мөлшерде қабылдайды. Көп уақытын дем алумен және үй шаруасымен өткізеді. Дене шынықтыру мен спортпен айналыспайды. Зиянды әдеттері жоқ.
Жалпы қарау:
Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Төсектегі қалпы мәжбүрлі, есі анық, бет әлпетінен ауру байқалмайды, салмағы – 55 кг, бойының ұзындығы – 163 см, дене бітімі дұрыс пішінді, орташа, нормастеник. Тері түсі қалыпты, ылғалдылығы орташа, тургоры сақталған, пигментациясы байқалмайды, тері эластикасы мен қатаюы қалыпты, тыртықтар жоқ. Тері асты май қабатының дамуы қалыпты. Ісінулер жоқ. Шырышты қабаттары түсі ашық қызғылт, жаралар байқалмайды. Лимфа түйіндері ісінбеген, қалыпты. Бұлшық етінің даму дәрежесі қанағаттанарлық, тонусы орташа, тығыздалуы және контрактурасы қалыпты. Сүйектер деформацияланбаған. Буындар конфигурациясы қалыпты, қозғалысы белсенді және еркін, моторикасы бұзылмаған, функциясы сақталған.
Тыныс алу жүйесі:
Жалпы қарап тексеру: Тыныс алу сипаты мұрын арқылы, еркін. Кеуде клеткасының формасы дұрыс пішінді, симметриялы, екі өкпе де тыныс алуға бірдей қатысады, конус тәрізді, нормостеник. Тыныс алу типі кеуделік, ТАЖ – 19 рет \ бір минутта.
Пальпация: кеуде клеткасында ауырсыну жоқ, терісі ісінбеген, дауыс дірілі байқалмайды. Серпімділігі қалыпты (2-3 см).
Перкуссия:
Салыстырмалы: екі өкпеде де ашық өкпе дыбысы.
Топографиялық:
Өкпенің төменгі шекаралары | Оң жақ | Сол жақ |
Төс маңы сызығы | 5-ші қабырғааралықтан 1-1,5 см сыртқа қарай | |
Бұғана орта сызығы | 6 | |
Алдыңғы қолтық асты сызығы | 7 | 7 |
Ортаңғы қолтық асты сызығы | 8 | 8 |
Артқы қолтық асты сызығы | 9 | 9 |
Жауырын сызығы | 10 | 10 |
Омыртқа маңы сызығы | 11 кеуде омыртқасының өсіндісі |
...