Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пневмония, басқа стрептококктармен шақырылған оң жақтық ауруханадан тыс пневмония

Автор:   •  Сентябрь 30, 2023  •  История болезни  •  1,401 Слов (6 Страниц)  •  156 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

[pic 1]

Ауру тарихы

Орындаған: Аманбек Аружан

Қабылдаған: Кабикен Айнұр Серікқызы

Тобы: 20-02 топ. 

        Алматы, 2023 жыл

Ауру тарихы

I.Паспорттық бөлім

ТАӘ: Алихан Әлібек

Жыныс: Еркек

Жасы: 23.09.2022

Үйінің мекенжайы: Алматы қаласы,  Алатау ауданы, Асановой 65

Жұмыс орны және лауазымы: Бала

Стационарға түсуі: 28.08.2023

Стационардан шығуы: 02.09.2023

Қорытынды диагноз: Пневмония, басқа стрептококктармен шақырылған оң жақтық ауруханадан тыс пневмония, орташа ауырлықта, Streptococcus viridans

Негізгі ауруының асқынуы: Жедел респираторлық жеткіліксіздігі

II. Шағымдары

Шағымдар: Дене температурасының 38,5 °C-қа дейін көтерілуі, жөтел, мұрынның ағуы, сұйық нәжіс күніне 2 рет, құсуға шағымданады.

III. Ауру тарихы (Anamnesis morbi)

Анасының айтуы бойынша бала 6 күн бойы ауырған. Ауру жедел жөтел және мұрынның ағуымен, температураның 39 °C-қа дейін көтерілуімен басталған. Анасының айтуы бойынша 3 күннен бастап аз өнімді жөтел бола бастаған. Осы күндерде өздері ем жүргізген. Ем ретінде зитмакты 100 мг 2 күн 5 мл-ден күніне 1 рет қабылдаған. Емдік терапиядан кейін дене температурасы түспеген. 26.08.2023 күні өнімді жөтел жиі бола бастаған. Сол күні жергілікті дәрігерге қаралған және цефамед 500 мг күніне 1 рет қабылдауға кеңес берген. Жүргізілген терапиядан аурудың жағдайы жақсармаған. 28.08.2023 ентігу және жиі өнімді жөтел қосылған, жағдайы ауырлаған. Жедел жәрдем бригадасы көктамыр ішіне 30 мг преднизолон енгізген. Шұғыл түрде № 2 балалар ауруханасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде баланы 2,0 л/мин жылдамдықта ылғалды өттегі терапиясына қосты. Оксигенотерапияның нәтижесінде максимальді сатурация 94%-ға көтерілді.

IV. Өмір тарихы (Anamnesis vitae)

Отбасында 2 бала, 2 жүктіліктен туылған. Анасының айтуы бойынша жүктілік төмен плацентациямен көрінген. 2,3 триместрде 2 рет ЖРВИ-мен ауырған, аллергиялық ринит болған. Туылғанда бірден кеудеге жатқызылған, бірден қатты айқайлап жылаған. Перзентханадан 3 күннен кейін шығарылған. БЦЖ, ВГВ профилактикалық екпелер салынған. «Д» учетта тұрмайды.

Бұрынғы аурулары: ЖРВИ, 12.01.2023-18.01.2023 № 2 балалар ауруханасында ауруханадан тыс пневмония жедел ағымды, орташа ауырлықта, тыныс алу жеткіліксіздігінің 1 дәрежесі стационарлық ем алған.

Операция, травма, гематрансфузия жоққа шығарылады. Тұқымқуалаушылық аурулар отбасында кездеспейді.

Аллергиялық анамнез: Цефазалин+лидокаин дәрілеріне аллергия.

Эпиданамнез: Инфекциондық аурулармен контакт жоқ. Отбасында туберкулез, вирусты гепатит, терілік-вен аурулармен ауыратын адамдар жоқ.

Тұрғылықты үйі Алматы қаласы, Алатау ауданы, Асанова 65 жер үй. Әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Баланың жеке бөлмесі бар, қасында 1 адам тұрады. Бөлме таза, уақытында вентеляция жасалады, жарық. Аптасына 3-4 рет жуындырады. Үй жануарлары жоқ.

Тамақтануы: Емшекпен емізу+ смесь нутрилон премиум

Шет елге 1 ай көлемінде шықпаған.

V. Объективті деректер ( Status praesens communis)

Дене температурасы: 37,4 °C

ЖСЖ: 155 минутына

ТАЖ: 50 минутына

Сатурация: 96 %

Дене салмағы: 8860 гр

Жағдайы орташа ауырлықта, интоксикацияға байланысты, катаральды көріністер, ТЖ 1 дәреже. Қарау кезіндегі дене қызуы және оттегімен қанықтылығы қалыпты. Санасы анық. Баланың әл-ауқаты нашар, мазасыз. Қарап тексеру кезінде бала жауап қайтарады, жылайды, даусы қатты. Құрысу, құсу жоқ. Менингеальды симптомдар теріс. Бала белсенді түрде емеді, бірақ тез шаршайды. Сұйықтықты ішуі нашар.

Жүйке жүйесі ерекшеліксіз.

Тері, Тері Тасты Май Қабаты, Лимфа Түйіндері.

Тері бозғылт және таза; шаш пен тырнақ өзгермеген; тері серпімді, аздап ылғалды, симметриялы аймақтарда температура бірдей, теріде бөртпе немесе ошақты өзгерістер жоқ, оң жақта санның төменгі үштен бір бөлігінде тыртықтың болуы анықталады, сезімталдық бұзылмаған. Дермографизм ақ түсті, 2 секундтан кейін пайда болады, 6 секундтан кейін жоғалады, бұл симпатикалық жүйке жүйесінің басымдылығын көрсетеді.

Тері асты май қабаты жеткілікті түрде экспрессияланған, біркелкі дамыған, жұмсақ тіндердің тургоры сақталған, ісіну немесе тығыздалу жоқ.

...

Скачать:   txt (20.9 Kb)   pdf (485.1 Kb)   docx (361.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club