Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зертханалық зерттеу әдістері:Қан,Несеп,Нәжіс,Қақырық,Плевра сұйықтығы

Автор:   •  Март 1, 2019  •  Лекция  •  1,408 Слов (6 Страниц)  •  11,516 Просмотры

Страница 1 из 6

Дәріс №4. Зертханалық зерттеу әдістері:Қан,Несеп,Нәжіс,Қақырық,Плевра сұйықтығы.

     Зертханалық зерттеу әдістері клиникалық практикада кеңінен қолданылады. Ағзаның секреттері, экскреттері, қан, экссуданттар мен транссуданттар зерттеледі. Оларды келесі бағытта зерттеу қажет:

- зерттелетін материалдың жалпы қасиетіне назар мөлшерін,түсін, түрін,қоспалардың бар-жоғын,тығыздығын;

- макроскопиялық зерттеу;

- химиялық зерттеу (қалыпты жағдайда кездесетін заттар немесе тек аурулар кезінде ғана пайда болатын патологиялық заттар);

- бактериологиялық диагностика;

- гистологиялық зерттеу және мүшелердің пунктаттарын цистологиялық зерттеу;

- иммунологиялық зерттеу;

     Зертханалық көрсеткіштердің нақтылығы материалды жинау техникасына, оны дұрыс сақтауға, реактивтердің сапасына, зерттеу әдістемесінің дұрыс жүргізуге байланысты болады.

Зерттеудің клиникалық - зертханалық әдістері.

Қанның жалпы анализі. Қан деп-белгілі бір морфологиялық құрылысты және түрлі функцияны атқаратын ағзаның ішкі ортасын атайды. Қан құрамы формалық элементтер мен қан плазмасынан тұрады. Формалық элементтерге: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер жатады. Қан плазмасының құрамына белок, ферменттер, гормондар, дәрумендер жатады.

Қанның атқаратын қызметі:

- тыныс алу функциясы (ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ету,олардан көмір қышқыл газын тасымалдау);

- қорғаныс функциясы (антиденежәне фагоциттерді жас бөлу);

- алмасу-экскреторлық функциясы (ағзадан алмасудың сонғы өнімдерін шығару(мочевина,аммиак);

- қоректендіру функциясы (глюкоза,белок,майларды тасымалдау);

- гемостаз функциясы (қан тамырларының ішінде белгілі мөлшерде сапалы қан молшерін тұрақты түрде қолдау);

- физико-химиялық  функциясы (глюкоза,белок,майларды тасымалдау);

- микроэлементтердің алмасуы: кальций,калий,фосфор;

- су  алмасу;

- нейрогормональдық функция (сүйек миындағы клеткалардың қанға шығуы).

Эритроциттер. Бұл қызыл қан түйіршіктері. Олардың негізгі функциясы - қан тасымалдау. Қалыпты жағдайда эритроцит деңгейі ер адамда-4,5-5,5х1012/л-тең, ал әйел адамда-3,5-4,5х1012/л-тең.  Эритроцит санының көбеюін эритроцитоз деп атайды.     Пойкилоцитоз деп эритроцит формаларарының өзгеруін атайды. Анизоцитоз деп эритроциттердің өлшемдерінің өзгеруін атаймыз. Бұндай өзгерістер темір жетіспеушілік және гипопластикалық анемияларда кездеседі.                                                                          Ретикулоциттер деп жас эритроциттерді атаймыз.                         Гемоглобин-бұл оттегін тасымалдайтын қан пигменті. Ол эритроциттердің құрғақ қалдығының 80% құрайды. Гемоглобин ер адамдардағы мөлшері қалыпты жағдайда 130-160г/л,ал әйел адамда 120-140г/л-ге тең.

Гиперхромия деп-бір эритроциттегі гемоглобиннің көп мөлшерде болуын атайды.                                                                                                    Гипохромия-бір эритроциттегі гемоглобин мөлшерінің төмендеуі. Ол гемоглобин түзілу процесінің бұзылуына және эритроциттегі темір санының азаюна байланысты дамиды.                                                                   Түсті көрсеткіш деп - эритроциттер саны мен олардың құрамындағы гемоглобиннің қатынасын атайды. Қалыпты жағдайда ол 0,8-1,1 аралығында ауытқиды. Эритроциттер тұну жылдамдығы (ЭТЖ) әйелдерде 3-15мм/сағ, ерлерде2-10мм/сағ. ЭТЖ сепсистік және іріңді процестерде, инфекциялық қабыну ауруларында, бүйрек ауруларында жылдамдайды.  

Лейкоциттер деп-қанның ақ түйіршіктерін атайды. Қалыпты жағдайда лейкоциттер 4-8х10/л-ге тең.лейкоцитоз деп-қандағы лейкоциттер санының көбеюін  атайды. Ол ас қабылдағанда,жұмыс істегенде,кейде жүктілік кезінде байқалады. Патология кезінде лейкоцитоз жіті қабыну ауруларында, миокард инфарктісінде, лейкоздарда байқалады.                                                                                 Лейкопения деп-лейкоциттер санының азаюын атайды.              Лейкоциттік формула деп-лейкоциттің түрлі формаларының проценттік қатынасын атайды. Оларға нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер жатады. Протоплазмасында түйіршіктері жоқ лейкоциттер агранулоциттер деп аталады. Оларға лимфациттер, моноциттер жатады.                                                                                       Нейтрофилдер 67% құрайды. Нейтрофилдер қорғаныс функциясын атқарады.                                                                                                            Эозинофилдер қанның 2-4% құрайды.                                                     Базофилдер қанның 0,5-1% құрайды. Қабыну және аллергиялық реакцияларға қатысады.                                                                            Лимфоциттер 23-25% құрайды. Олардың санының көбеюін лимфоцитоз деп аталатын инфекциялық аурулардың жазылу сатысында кездеседі.                                                                                            Моноциттер қалыпты жағдайда 4-8% құрайды. Олар қорғау функциясын атқарады.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (414 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club