Қара шаңыраққа- 85 жыл
Автор: aruzhan012 • Апрель 14, 2019 • Статья • 296 Слов (2 Страниц) • 644 Просмотры
Қара шаңыраққа- 85 жыл
Биыл еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтарында қара шаңырақ өз негізін қалаған болатын. Сол жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығында ҚазҰУ ғылым және білім беру кеңістігінде өзіндік лайықты орнына ие болып, еліміздегі жетекші университетке айналды.
Қазіргі кезде қара шаңырақ білім ордасында 16 факультет, 67 кафедра жұмыс жасауда. Бұл білім ошақтарында қазақ халқының болашағына елеулі үлес қосар жастар тәрбиеленуде.
Қазақстанның Гарварды аталған бұл оқу орны өзінің құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін үздік университет статусын жоғалтпай келеді. Өткен жылы «QS World University Ranking» халықаралық рейтингінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік 800 жоғары білім беру ордасының арасында 220-орынға тұрақтады. Қара шаңырақ түлектері бүгінде қоғамның барлық саласында өз орындарын тапқан және әрдайым алдыңғы қатардан көрінуде.
Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың алдына қойған басты мақсаты бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, сондай- ақ дүниежүзілік үздік 200 университеттің қатарына ену.
Білім мекенінің 85 жылдықты қарсы алуға деген талпынысы тамаша. Мерейтой қарсаңында университет қоржыны бірнеше ауқымды шаралармен толықпақ. Бұл туралы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов өзінің «Биік асулар жолында» атты мақаласында былайша жазады: «2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары деңгейдегі әлемдік үш маңызды ірі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты QS World Wide-2019 дүниежүзілік көрме-конференциясы, Жібек жолы университеттері желісінің Бас Ассамблеясы және Әлеуметтік жауапкершілік университеттері әлемдік желісі үшін халықаралық Workshop».
...