Остеопороз кезіндегі тамақтану
Автор: 568986 • Февраль 12, 2021 • Эссе • 594 Слов (3 Страниц) • 534 Просмотры
Эссе
Остеопороз кезіндегі тамақтану
Остеопороз – қаңқа сүйектерінің зат алмасулық бұзылыстарынан дамитын, сүйектің морт сынғыштығымен, куыстауымен, сүйек массасының кішіреюімен көрінетін ауру. Бұл ауру кезінде сүйектің өз бетімен немесе жеңіл жарақаттардың нәтижесінде сынуы байқалады. Остеопороз кезінде сүйек іші куыстанып оның сыртқа кабаты жұқарады. Соның нәтижесінде, сүйектер тез сынғыш болып келеді, тіпті жәй ғана тиіп кетудің өзі сүйектердің сынуына алып келеді. Жаңа айта кеткенімдей остеопороз зат алмасудың , соның ішінде минерал алмасуының бұзылысы нәтижесінде дамитын ауру. Жалпы алғанда сүйек коллаген сияқты протеиндерден және бейорганикалық минералдардан тұрады. Сүйек тінінің 40%-ын протеин, ал 60%-ын кальций тұздары құрайды. Остеопороз осы кальций тұздарының жетіспеушілігінен немесе организмде дұрыс сіңбеуі нәтижесінде дамиды.
Остеопорозды емдеу кезінде дұрыс тамақтану, арнайы емдәм ұстану негізгі емдеу тәсілінің маңызыд бөлігі болып табылады. Себебі, тиімді емдәм сүйекке қажетті заттардың орын толтыруға және қабылданған дәрі-дәрмектердің организмге дұрыс сіңуіне ықпал жасайды. Остеопорозда емдеуде дәрілер мен бірге арнайы емдәм ұстану жақсы нәтижеге алып келеді.
Негзінен көбіне бұл ауру нуриенттерді дұрыс қабылдамаудан дамиды (витаминдерді, минералдарды). Сүйектердің негізі фосфор мен кальциийден тұрады. Осы екі минералдың алмасуының бұзылуынан дамитын ауру. Остеопорозды емдеуде қойылатын негізгі талаптарға:
1. Емдәм құрамында кальцийдің мөлшері жеткілікті болуы керек;
2. Организмге Д витамині жеткілікті түсіп отыруы керек;
3. Асқазан ішек жолдарының саулығы. Себебі АІЖ арқылы кальциийдің Двитаминінің сіңуі және организмге керекті басқада өнімдердің сіңуі жүреді.
Организмде кальцийдің мөлшерінің жеткіліксіз болуы, кальцийдің сүйек тінінен шығуына алып келеді, содан сүйектің деминерализациялануы болады. Сондықтан рационда кальций мөлшері жоғары тағамдар болуы керек.
Әр түрлі жастағы адамдарға күнделікті керек кальций мөлшері:
- 1жастан 5жасқа дейнгі балаларға – 500мг;
- 4 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға – 800мг;
- 9 жастан – 18 жасқа дейінгі жасөспірмдерге – 1300мг;
- 18 жастан 60жасқа дейін – 1000мг;
- 60 жастан асқан қарт кісілерге – 1200мг құрау керек.
Остеоопороз кезінде емдәм әр адамның жасын, жынысын,физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп әр адамға жеке, индивидуально тағайндалуы керек. Және де кальций жеткіліксіздігінің не себепті дамығанны анықтау керек. Мысалға кальций жеткіліксізідгінің дамуына артериальдық гипертензия, асқазан ішек жолдарының аурулары , зәр және өт жолдары арқылы кальцийдің асқазан ішіек жолдарынан көптеп шығарылуы, гиперпаратиреоз нәтижесінде дамуы мүмкін.
Емдәм тағайындауда қойылатын негізгі талаптар:
- Рационға кальций мол
...