Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Облыстық клиникалық ауруханада науқастарды ишемиялық инсульттан кейінгі оңалту шаралары

Автор:   •  Октябрь 30, 2022  •  Дипломная работа  •  7,533 Слов (31 Страниц)  •  215 Просмотры

Страница 1 из 31

«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: «Облыстық клиникалық ауруханада науқастарды ишемиялық инсульттан кейінгі оңалту шаралары».

                                                                          Орындаған: Абдигаппарова А.Б.

                                                                          Ғылыми жетекші: Эдилова Р.М.

Шымкент 2020ж.

МАЗМҰНЫ

Шартты белгілеулер мен қысқартулар......................................................

КІРІСПЕ...................................................................................................

І ТАРАУ. Инсульт. Ишемиялық инсульт туралы түсінік...................

1.1. Ишемиялық инсульттің себептері.........................................

1.2. Ишемиялық инсульттің дамуына әсер ететін негізгі факторлар....

1.3. Ишемиялық инсульттің негізгі клиникалық белгілері........

1.4. Ишемиялық инсульттің асқынуларын алдын алудағы мейіргердің рөлі...............................................................................................................

ІІ ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ......................

2.1. Зерттеу материалдары мен әдістері

2.2.

Қорытынды.......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Жұмыстың өзектілігі. Мидың қан тамырлары аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық және әлеуметтік мәселесі болып табылады. Бұл олардың ауру мен өлім құрылымындағы жоғары пайыздық үлесіне, уақытша еңбек шығындарының және алғашқы мүгедектіктің маңызды көрсеткіштеріне байланысты.

Ресейде инсульт алғандар ішінде науқастардың тек 10%-ы жұмысқа оралады, 85% - ы тұрақты медициналық-әлеуметтік қолдауды қажет етеді, ал науқастардың 25% - ы өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалады. 

ДДҰ-ның  2016 жылғы деректері бойынша ми қан айналымының бұзылуымен байланысты аурудың жалпы көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 1,08%-ды құрайды, бұл өлім-жітімнің жалпы 26%-ын құрайды.

Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 3,7%-ды құраса, аурушаңдық құрылымында 52%-ы инсультқа алып келеді. Инсульт – бұл науқастар арасында еңбек ету қабілетін төмендететін себептердің бірі, соның салдарынан 100 000 адамға шаққанда 104,6 адам зардап шегеді.  []

Мидың ишемиялық аурулары, инсульт және ІІ типті диабет жағдайларының 80%-ы, сондай-ақ обырдың үштен бірінен астамы темекі тұтыну, зиянды тамақтану, дене белсенділігінің жетіспеушілігі және алкогольді тұтыну салдарынан болады. Адамда қауіп факторларының әсері қан қысымының жоғарылауы, қандағы глюкоза мен липидтердің деңгейі, сондай-ақ артық дене салмағы мен семіздік салдарынан болады. Осы қауіп факторларын бағалау бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Мамандар инсульттің, жүрек жеткіліксіздігінің және басқа да асқынулардың жоғары қаупін уақтылы анықтайды. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістерге әкелетін негізгі қозғаушы күштердің көрінісі болып табылатын созылмалы аурулардың дамуына әсер ететін бірқатар негізгі себептерді атап өткен жөн: бұл жаһандану, урбанизация және халықтың қартаюы. Жүрек-қан тамырлары аурулары үшін басқа анықтаушы факторлар әлеуметтік жағдайлар, күйзеліс және тұқым қуалайтын факторлар болып табылады. []

Ресейде жыл сайын 450 мыңнан астам инсульт оқиғасы тіркеледі. Ми қан айналымының жедел бұзылуымен  жылына 1000 тұрғынға шаққанда 2,5-3,5% жағдайды құрайды, ал жедел кезеңіндегі өлім-жітім 35%-ға жетеді. Инсульттан кейін 5 жыл ішінде науқастардың 44%-ы қайтыс болу қаупі жоғары.

АҚШ-та қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын барлық өлім-жітімнің 10%-дан азы 65 жасқа дейін, ал Ресейде бұл жаста науқастардың 30%-ы қайтыс болады. Ресейде инсульт өлімі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол әр 100 000 адамға шаққанда  175 науқастың  қайтыс болуымен аяқталады.

...

Скачать:   txt (113.7 Kb)   pdf (299 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club