Оба қоздырғышы
Автор: madiyar.yntykbai • Ноябрь 30, 2021 • Доклад • 2,636 Слов (11 Страниц) • 418 Просмотры
Оба қоздырғышы
Оба (лат. pestis) - Yersinia pestis тудыратын ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, тері, өкпе, жэне де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары деңгейде өлім туғызатын жү қпалы ауру. Ауру аса қауіпті инфекция тобына кіреді, халықаралық ережелерімен бақыланады, сондықтан конвенциялық (карантинді) инфекцияларға жатады.
Таксономиясы. Ү.pestis Graeilicutes бөлiмi, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Yersinia туыстастығына жатады.
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Ү.pestis - полиморфты, ү сақ сопақша таяқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, капсуланы 37°С түзе алады, грамтеріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады.
Дақылды өсіру. Оба қоздырғышы факультативті анаэроб, психрофил: ең қолайлы өсуі 28°С. Тығыз қоректік орталарда R- және S- пішінді колониялар түрінде өседі; R-пішіндісі жоғары вирулентті, S-пішінділердің вируленттілігі төмен. Иерсиниялардың өсуін жылдамдату үшін қоректік орталарға өсу стимуляторлары қосылады: натрий сульфиті, гемолизденген қан. Тығыз қоректік ортада өскенде 8-12 сағатта «сынған шыныға» ұқсас тү ссіз колониялар түзеді, 18-20 сағатта колониялары «тоқыма орамалына» үқсас, кейбір кезде 48 сағаттан кейін S-колонияларға ауысады. Сүйық қоректік ортада агглютинация реакциясына ұқсас түйіршіктеніп (хлопья) өседі. Ферментті белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі бар, көмірсуларды кө мірқышқыл газға дейін ыдыратады, фибринолизин, гемолизин, лецитиназа, РНҚаза мен коагулазаны түзеді. Глицеринді ыдыратуына байланысты «+» және «-» хемоварианттарын бөледі. Идентификациялау үшін қолданатын негізгі биохимиялық қасиеттері:
- желатинді сұйылтпайды, мочевинаны ыдыратпайды;
- рамноза мен сахарозаны ыдыратпайды
- декстринді ыдыратады.
Антигендік курылымы мен патогенді факторлары. Ү.pestis- тің термолабилді капсулалық және термостабилді соматикалық антигендері бар; олардың негізгілері Ғ.- (капсулалы), V- жэне W- антигендер. Басқа иерсиниялармен, эшерихиялармен, сальмонеллалармен, шигеллалармен ортақ антигендері бар. Оба бактериялары жоғары вируленттілігімен ерекшеленеді, зақымдалмаған тері арқылы да ене алады, тышқандар үшін улылығы жоғары ерекше токсин бактериоциндер (пестициндер) түзеді. Вируленттілігінің көптеген факторлары (V., W- антигендер, тышқандық токсин, коагулаза жэне т.б.) плазмидалардың гендерімен бақыланады (рРѕt, pCad, pFra): рРѕt плазмидасы-пестицин, плазмокоагулаза, фибринолизин түзілуін қадағалайды; pFrа плазмидасы-капсуланы 37 °С-та түзілуіне және фагоциттердің микробты жоюына кедергі жасайды; pCad плазмидасы - V- жэне W-антигендердін, тү зілуін және фагоциттер құрамында сақталуын қадағалайды. Сонымен қатар, вируленттілік факторларға микробтың антифагоцитарлық қасиетін күшейтетін жасушадан тыс аденилатциклаза, цитохромоксидаза ферменттері жэне пигмент түзілуі жатады.
Резистенттілігі. Күн жэне ультра күлгін сәулесі, кептіру, жоғары температура мен дезинфекциялық заттар (лизол, фенол, хлорамин жэне басқалары) Y.pestis-ті тез арада жояды. Төменгі температурада, мұздатқанда жэне еріткенде тұрақты, патологиялық материалда 10 тәулікке дейін өмір сүреді, 0°С кезінде 6 айға дейін сақталады.
Жануарлардың сезімталдығы. Оба қоздырғышына кемірушілер (тарбағандар, суырлар, құрсуырлар, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар, үй тышқандары) сезімтал. Түйелер, ақбөкендер, мысықтар, түлкілер, кiрпiшешендер сезімтал болады. Зертханалық жануарлардың ішінде ақ тышқандар, теңіз шошқалары, орқояндар және маймылдар анагү рлым сезімтал. Қазақстан Республикасында арнайы обаға қарсы мекемелер бүл індеттің 17 автономды ошақтан түратын 6 табиғи ошагына эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның 38% территориясында обаның табиғи ошақтары орналасқан.
Эпидемиологиясы. Оба табиғи-ошақтық ауру, аса қауіпті инфекцияларга жатады. Орта ғасырдағы оба эпидемиялары ондаған миллион адамның өліміне экелді. Ү.pestis-тің негізгі көзі кемірушілердің бірнеше түрлері (тарбағандар, суырлар, саршұнақтар, құртышқандар). Екіншілікті көздері үй тышқандары, дала суыры, қояндар, егеуқұйрықтар болып табылады. Инфекцияның негізгі таралу механизмі - трансмиссиялық. Бүл індет адамдарға инфицирленген бү ргенің шағуы нәтижесінде, сондай-ақ қарым-қатынас (ауру жануарды сойғанда, терісін алып, етін бөлгенде) және тағамдық (жануардың етін жеткіліксіз термиялық өндеп қолдану кезінде) жолдармен жұғады. Зақымданғаннан кейін науқас адам инфекция көзі болады. Аурудың қандай түрінде болмасын науқастарды оқшаулайды (изоляциялайды), қатал карантиндік шаралар өткізеді.
...