Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфекциялық аурулардың зертханалық диагностикасы.Әдістері, олардың мүмкіншіліктері, нақтылығы, құндылығы, кемшіліктері

Автор:   •  Январь 25, 2018  •  Курс лекций  •  1,680 Слов (7 Страниц)  •  2,254 Просмотры

Страница 1 из 7

Ф КГМУ 4/3-04/04

ИП № 6 от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Микробиология кафедрасы

0

ДӘРІС

Тақырыбы: Инфекциялық аурулардың зертханалық диагностикасы.Әдістері, олардың мүмкіншіліктері, нақтылығы, құндылығы, кемшіліктері. Бактериологиялық зертханада заманауи әдістерді қолдану.

Пәні  LIB3225 Бактериологиядағы  зертханалық әдістер

Мамандығы  5В060700 «Биология»

Курс 3

Уақыты  (ұзақтығы) 1 сағат (50 минут)

Қарағанды 2015 ж.


Микробиология кафедрасының мәжілісінде бекітілді

1. 09. 2015 ж. Хаттама № 1        

Кафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.

 


Тақырыбы: Инфекциялық аурулардың зертханалық диагностикасы.Әдістері, олардың мүмкіншіліктері, нақтылығы, құндылығы, кемшіліктері. Бактериологиялық зертханада заманауи әдістерді қолдану.

Мақсаты: студенттер дәріс соңында бактерияның микробиологиялық диагностика әдістерін,олардың мүмкіншіліктерін, нақтылығын, жетістіктерін,кемшіліктерін,сонымен қатар қазіргі таңда бактериологиялық зертханада қолданылуын білу.

Дәрістің жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Микробиологиялық  диагностика әдістері
  3. Микробиологиялық  диагностика әдістерінің мүмкіншіліктері,туралығы, жетістіктері және кемшіліктері
  4. Бактериологиялық зертханадағы заманауи әдістер
  5. Бактериальді инфекцияның микробиологиялық  диагностика әдістері


Кіріспе

Қазіргі кезде заманауи медицинаның және ауыл шаруашылығының жетістіктері көбіне адам немесе жануар ағзасынан, өсімдіктерден, судан немесе топырақтан, вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, паразиттік микроорганизмдер, ақуыз және төменгі молекулалық қосылыстардың табылуына байланысты. Мысалы, кез-келген жұқпалы ауруды емдеу және де алдын-алу шаралары, сол ауруды тудырушы патогенді микроорганизмді ертерек және дәл анықтау едәуір жеңілдетеді. Көптеген диагностикалық шараларды жүргізу үшін ең алдымен  потенциальді патогенді микроорганизмді дақылдандыру қажет, содан соң ғана оның физиологиялық қасиеттерінің кеңдігін талдауға болады. Осы тәрізді сынақтар тиімді және жоғары нәтижелі болғанымен, олар көп уақыт алады және қымбат. Бұл бактерияларды, паразиттік микроорганизмдерді идентификациялауға қатысты. Сонымен қатар, дақылдандыруға мүлдем келмейтін патогенді микроорганизмдерді бақылау мүмкіндігі шектеулі. Сәйкесінше, микроорганизмдерді алу және анықтау үшін дақылдандырудың өте үлкен тәжірибесі қажет. Соның өзінде барлық белгілі патогенді микроорганизмдердің ішінен бірнешеуін ғана анықтауға болады. Бұл шектеуден шығу үшін молекулярлық диагностика әдістері жасап шығарылды. Бұл әдістердің негізінде иммунологиялық тәсілдер және спецификалық ДНҚ-ны анықтау тәсілдері жатыр.

        Кез-келген патогенді микроорганизмдерді анықтау әдісі қарапайым және өте сезімтал, жоғары спецификалық болуы қажет. Спецификалық диагностикалық сынақ тек микроорганизм немесе нысан-молекулаға ғана оң жауап көрсетуі қажет, ал сезімтал – басқа микроорганизмдер мен молекулалармен салыстырмалы түрде өте аз мөлшердегі нысанды да табуы қажет. Әдістің қарапайымдылығы дегеніміз – оның нәтижелі, әсерлі және тәжірибеде қолдануға қолжетімді болуы.

Микробиологиялық  диагностика әдістері

Аналитикалық кезең келесі микробиологиялық  диагностика әдістерін жіктейді:

- микроскопиялық,

- дақылдық,

- биологиялық, .0

- серологиялық,

- аллергологиялық.

Микроскопиялық әдіс зерттелетін материалдан препараттар дайындау (нативті немесе қарапайым боялған немесе күрделі әдістермен) және олардың  микроскопиясы әртүрлі микроскопиялық техникаларды қолдану арқылы   (сәулелі, қараңғы аймақтық, фазалы-контрастты, люминесцентті, электронды және т.б.). Бактериологияда  микроскопиялық әдіс   бактериоскопиялық атауға ие болған, ал  вирусологияда - вирусоскопиялық.

Дақылдық әдіс зерттелетін материалдан жасанды қоректік ортаға егу,қоздырғышты немесе қоздырғыштың  таза дақылын бөліп алу мақсатында жасуша дақылы немесе тауық эмбрионына егу. Бактериологияда дақылдық әдіс  бактериологиялық,  микологияда - микологиялық,  протозоологияда - протозоологиялық,  вирусологияда – вирусологиялық атауларға ие болды.

...

Скачать:   txt (28.4 Kb)   pdf (262.6 Kb)   docx (21.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club