Сүт безінің аурулары. Зерттеу әдістері Желінсауды анықтаудың зертханалык әдістері
Автор: Sanzhar26 • Ноябрь 17, 2022 • Контрольная работа • 767 Слов (4 Страниц) • 442 Просмотры
Елтаев Санжар 19-01
Тақырып: Сүт безінің аурулары. Зерттеу әдістері Желінсауды анықтаудың зертханалык әдістері
Бақылау сұрақтары
1. Сүт безін зерттеу үлгілерін атаныздар?
Сүт безін зерттеу анамнез деректеріне, клиникалық және зертханалық зерттеу мәліметтеріне қарап жүргізіледі.
Анамнез арқылы біз шаруашылықта жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық ауруларға қатысты жағдайларын анықтаймыз, сонымен қатар, азықтандыру типі мен деңгейі; ұстауымен суалым мерзімінің жағдайы; серуеннің бар-жоғы, оны ұйымдастырылуы; соңғы төлдеу мерзімі және тағы да басқа жағдайлар қараластырылады.
Клиникалық зерттеуді жануарды қарап зерттеуден, дене температурасын, тамыр соғуы мен тыныс алу жиілігін өлшеуден бастаймыз. Сосын тері, лимфа түйіндері, жүрек-тамыр жүйесі мен асқазан-ішек торабы жағдайы тексереміз.
Ал зертханалық зерттеулерді жүргізгенде сүтті 5%-ды димастин ерітіндісімен, 2% және 10%-ды мастидин ерітінділерімен, Ланжу мастит тестімен реакция жүргізу әдісі, Italmas SK-test экспресс-диагностикум, Масттест-АФ қою үлгісі, Мастит диагностикалык тестпен (МТД) зерттеу тәртібі тұнба реактциясымен желінсауға және т.б-мен тексереміз.
2. Зерттелетін сүтте қандай көрсеткіштерді аныктайды?
Зерттелетін сүтте 2 көрсеткіш анықталады:
1-Сүттің рН-ы
2-Соматикалық клеткалар саны
3. Зерттелетін сүттің рН қандай тестермен аныктайды?
Сүттің рН−ын анықтау үшін индикаторлық тесттер:
-бромтимол көгі;
-розол қышқылы;
-ПЭДМ-аспабы;
-Уайтсайд үлгісі
-индикаторлық қағаздар пайдаланылады.
[pic 1][pic 2]
Сиыр сүтінің РН мөлшері 6,4-тен 6,8-ге дейін. Жаңа сиыр сүтінде әдетте рН 6,5-тен 6,7-ге дейін болады.
[pic 3] ПЭДМ - аспабы
Тапсырма сұрақтары
1. Зерттелетін сүтте соматикалық клеткаларды қандай тестермен аныктайды?
Соматикалық клеткаларды зерттеуге арналған тесттер бұл:
а) сүтті 5%-ды димастин ерітіндісімен қою үлгісі.
[pic 4] [pic 5]
Димастин препаратымен жасалынып, алынған сүттің оң реакциясы
б) 2% және 10% мастидин ерітінділерімен зерттейді
[pic 6]
в) Мастопримнің 1% ерітіндісімен қойылатын сынама
[pic 7]
г) Мастопримнің 2,5% ерітіндісімен қойылатын сынама
д) Маститодиагностпен қойылатын сынама (Загаевский реактиві).
е) Диагмаст-тестін қолдану әдісі.
ж) Ланжу мастит тестімен реакция жүргізу әдісі.
з) Соматик тестті қою үлгісі
и) Italmas SK-test экспресс-диагностику
[pic 8] [pic 9]
ж) Масттест-АФ қою үлгісі.
[pic 10]
2. Кафедра ғалымдарынын ұсынган диагностикалық тестің атаныздар?
Профессор Т.Ж. Әбдірахманов, А.Н. Ахметов желінсаудың жасырын түрін анықтауға арналған жаңа диагностикалық тест- диагмаст ұсынды.
Бұл тест арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткішті, яғни сүттің рН-ын және соматикалық клеткалар саның бірдей анықтай аламыз. Бұл тест басқаларға қарағанда өзгешелеу, жасырын ауру мал санын көбірек анықтайды.
...