Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мал өлексесін сойып-зерттеу әдістері

Автор:   •  Октябрь 14, 2018  •  Доклад  •  1,564 Слов (7 Страниц)  •  3,852 Просмотры

Страница 1 из 7

Мал өлексесін сойып-зерттеу әдістері

Өлексені сойып-зерттеудің үш әдісі бар: мүшелерді жекелеп шығарып алу, эвисцерация, жартылай бөлшектеу.

Мүшелерді жекелеп шыгарып алу әдісі (Р. Вирхов үсынған). Алдын ала қарап шыққаннан кейін, мүшелерді анатомиялық-физиологиялық байланысты және патологиялық анатомиялық өзгерістерді ескере отырып шығарып, эрқайсысын жеке зерттейді. Бүл әдіс оңай жасалады, бірақ мүшелер мен патологиялық анатомиялық өзгерістердің арасындағы өзара байланысы бұзылады.

Эвисцерация әдісі (лат. eviscerare - ішкі қүрылыстарды шығару) - бастың, мойынның, көкірек, қүрсақ және жамбас қуыстары мүшелерін біртүтас кешен етіп шығару (Г. В. Шор үсынған). Бүл әдіс мүшелердің анатомиялық-физиологиялық байланыстарын бүзбай зерттеуге мүмкіндік береді. Ішегі қысқа үсақ мал өлексесін сойып-зерттеуде қолданылады (терісі бағалы аңдар, ит, мысық жэне т.б.). Лабораториялық жануар мен қүстың ішкі мүшелерін орнында зерттейді.

Мүшелер кешенін жартылай бөлшектеу эдісі - анатомиялық- физиологиялық жэне жүйелік байланыстарды ескере отырып жүргізеді. Бүл эдіс мүшелер жүйелерін зерттеуге мүмкіндік береді: тіл, мойын мен көкірек қуысының мүшелері, бауыр, он екі елі ішек, бүйректер, жыныс мүшелері жэне т.б.

Осы аталған әдістер әр түрлі мал түліктерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктерін, жасын, аурудың сипатын жэне патологиялық анатомиялық зерттеудің мақсатын ескере отырып қолданылады. Бірақ эр кезде эрбір мүшені толық жэне жан-жақты зерттеуге тырысу керек.

Өлексені түгел ала алмаган жағдайда, толық емес (жартылай) сойып-зерттеу жүргізіледі. Жануар өлексесін сойып-зерттеу белгілі бір тэртіп бойынша жүргізіледі:

1) тіркеу, жануардың тіршілігі (anamnesis vitae), ауру тарихы жэне өлгені (anamnesis morbi) жөнінде анамнездік мэліметтер жи- нау;

2) сыртқы көрініс. Сыртқы көріністі зерттегенде төмендегілерге назар аударады:

* танымдық белгілері;

* өлгеннен кейінгі (өлекселік) өзгерістер;

* табиги тесіктердің жэне көрінетін кілегейлі қабықтардың күйі;

* тері жэне оның туындылары (жүн, мүйіз, тырнақ, түяқ);

* тері асты шелі (теріні сылып алганнан кейін);

* сүт бездері жэне сыртқы жыныс мүшелері;

* беткейлі (соматикалық) лимфалық түйіндер (жақасты, жүтқыншақтық, беткейлі мойындық, тізе үсті жэне сыртқы шап жэне т.б.);

* қаңқа бүлшық еттері;

* сүйектер жэне сүйек кемігі, сіңірлер, буындар мен байламдар;

3) ішкі көрініс:

* дененің табиги қуыстарын жарып көру - қүрсақ (көкет күмбезінің биіктігін анықтау) жэне плевралық;

* көкбауыр мен шарбыны шыгарып зерттеу;

* қарынды, он екі елі ішекті, аш жэне тоқ ішекті шыгарып зерттеу;

* бауыр мен үйқы безін шыгарып зерттеу;

* қүрсақтық қолқа мен алдыңгы шажырқай артериясын (жылқыда) жарып көру;

* тоқ ішекті алып тастау;

* бүйрек (үсақ малда несеп жолдары мен қуық) пен бүйрек үсті безді шыгарып зерттеу;

* жамбас қуысын ашып, ондағы мүшелерді шығару;

* ауыз қуысын, мойынды, көкірек қуысын ашып, ондағы мүшелерді шығару;

* шығарылған мүшелерді қарап шығу жэне зерттеу: жүрек, қолқа, өкпе артериясы; тіл, миндалиндер, жүтқыншақ, өңеш, бронхтық жэне медиастеналдық лимфалық түйіндер, көмей, кеңірдек, бронхтар, өкпе, бауыр мен үйқы безі, бүйрек пен бүйрек үсті безі, қынап, жатыр жэне аналық без (ірі малда куықпен бірге);

* ми сауытын ашып, миды шыгарып зерттеу;

* танау қуысын, ми сауытының бағыныңқы қуыстарын ашу;

* жүлын өзегін ашып, жүлынды шыгарып зерттеу;

* қарынды, аш ішек пен тоқ ішекті жарып зерттеу;

*

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (57.4 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club