Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Имуниттеттің генетикасын зерттеу әдістері

Автор:   •  Апрель 16, 2018  •  Реферат  •  1,065 Слов (5 Страниц)  •  1,628 Просмотры

Страница 1 из 5

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология және биотехнология факультеті

[pic 1]

Реферат

Тақырыбы: 

Имуниттеттің генетикасын зерттеу әдістері

Орындаған: Омарова Б.Ж.

Қабылдаған: Омирбекова Н.Ж.

Тобы: ХБТ-1206

Алматы 2015

Жоспар:

I.Кіріспе         

Иммунитет  түсінігі
II.Негізгі бөлім

2.1. Өсімдіктер иммунитет категориялары

2.2. Өсімдіктер иммунитет генетикасы

2.3. Ауру тудырушы патогендер

        
III.Қорытынды

IV. Әдебиеттер тізімі

Иммунитет түсінігі

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу), Биологияда – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.

Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сортты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әр түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сорттарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Әр түрлі зиянкес жануарлармен – нематодалар, кенелер, насекомдармен көптеген ауылшаруашылық дақылдарының қарым-қатынасы барысында иммунитет құбылысы ашылып, зерттелінген.  Бұрыннан, фитофагтардың ұзақ эволюциясы барысында өсімдіктердің табиғи қорғаныс механизмдері қалыптасқан. Маңызды зақымдануларға өсімдік жауабы әртүрлі морфологиялық, физиологиялық биохимиялық қорғаныс заттарын қорғаныс заттарын арттыру; фитофагтар өз кезегінде олардың бейімделуін, иммундық барьерлерін жеңуге тырысады. Өсімдіктерді культивирлеу және селекциясы кезінде, бірінші кезекте адамдар өнімнің сапасы мен сандық көрсеткіштерінің жоғарылату мен табиғи иммунитеть факторларының жойылуы мен бәсеңдеуіне  көңіл аудару керек.

Өсімдік иммунитетінің категориялары

Өсімдіктердің (түрлері, сорттары) қандайда бір ауруларды жеңіп шығуы,  ол оның тұрақтылығы  болып табылады.егер иммунитет абсолютті болса, тұрақтылық әр уақытта біркелкі.

Өсімдіктердің ауруға ұшырауы барысынды өнімділіктің (егістіктің сапасы мен саны) төмендемеу қабілеті толеранттылық деп аталады.

Шалдыққыштық –өсімдіктердің зақымданулар мен олардың  ұлпаларына патогендер таралуына қарсы тұруға қабілетсіздігі.

Иммунитет табиғи (туа біткен) және жасанды (жүре болған) болуы мүмкін.

 Табиғи иммунитет – ата-тектен беріледі, бөгде аурулармен зақымданбайтын өсімдік қасиеті. Табиғи иммунитеттің өзі активті және пассивті болып бөлінеді.

  • Активті иммунитет – бұл өсімдіктің патогенге қарсы тұруы тек паразит шабуылы кезінде ғана байқалады, белсенді түрде қарсы тұру. Активті иммунитеттің байқалуы өсімдік зақымданғанда спецификалық (арнайы) қорғаныш реакциясы ретінде сипатталады
  • Пассивті иммунитет  немесе аксения – бұл өсімдіктегі патогеннің дамуына және зақымдауына өсімдіктің пассивті бөгет жасау қасиеті. Пассивті иммунитет  - клетка шырынындағы химиялық заттар яғни қасиеттерге, өсімдік құрылысы мен форма ерекшелігіне және олардың физиологиялық және функциялық ерекшеліктеріне сәйкес өсімдіктің дәл бір түріне тән, патоген шабуылына жауап ретінде қорғаныс реакциясын көрсетеді.

Жасанды иммунитет – өсімдіктердің жеке даму процессінде ауруларға қарсы табылған, жасалған иммунитет.  Ол ұрпақтан-ұрпаққа таралмайды, сыртқы орта жағдайларына қарай төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін. Ауруларды тасымалдау нәтижесінде  пайда болса инфекционды,  ал егер өсімдік иммунизациясы әдістерімен құрылған болса – инфекционды  емес жасанды иммунитет болуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (387.6 Kb)   docx (268.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club