Дәрілік түрлер технологиясында дозалау
Автор: Zhans.12 • Октябрь 10, 2021 • Лабораторная работа • 362 Слов (2 Страниц) • 725 Просмотры
№1 тақырып. Дәрілік түрлер технологиясында дозалау. Лабораториялық жұмыс: таразының сезімталдығын анықтау, стандартты емес тамызғышты калибрлеу.
Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.):
1. Дәріханада салмақ бойынша дозалаудың қандай тәсілдері қолданылады?
2. Дәріханалық іс-тәжірибеде дәрілік заттарды дозалау үшін қандай таразылар қолданылады?
3. Қол және тарирлі таразылардың негізгі құрам бөлшектері қандай?
4. Таразылардың метрологиялық сипаттамаларының анықтамаларын (тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, орнықтылық) қалай түсінуге болады?
5. Тарирлі таразылардың сезімталдығы қалай тексеріледі?
6. Таразыларда салмақпен дозалау дәлдігі қалай анықталады?
7. Құрғақ және сұйық заттарды қол және тарирлі таразыларда қалай дозалайды?
8. Көлем бойынша дозалау үшін қандай өлшегіш құралдар қолданылады?
9. Дәріханалық бюретка дегеніміз не?
10. Дәріханалық пипетка дегеніміз не?
11. Дәріханалық бюретканың және пипетканың негізгі бөлшектеріне не жатады?
12. Дәріханалық бюреткалармен және пипеткалармен жұмыс істеу ережелері қандай?
13. Көлем бойынша дозалау дәлдігіне әсер ететін факторлар қандай?
14. Тамшымен дозалау қай жағдайларда жүргізіледі?
15. Стандартты тамызғыш өлшемдері қандай?
16. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу мақсаты қандай?
17. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу қалай жүргізіледі?
Оқыту тапсырмалары
1. 100,0 г өсімдік майын ВКТ-1000 таразыда өлшеудің салыстырмалы қателіктерін есептеңіз.
2. 0,5 г стрептоцидті ВСМ-5 таразыда өлшеудің салыстырмалы қателіктерін есептеңіз.
3. Заттардың салмақтарын атаңыз: 0,00125 г; 0,015 г; 0,05 г; 0,3 г; 1,2 г.
4. 0,4 г шүйгіншөп тұндырмасы стандартты емес тамызғыш бойынша 20 тамшы болды. Егер рецепте 30 тамшы және 1,3 мл жазылса, онда шүйгіншөп тұндырмасынан неше тамшы босату қажет?
...