Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармакогенетика және дәрілік препараттармен улану

Автор:   •  Декабрь 11, 2018  •  Реферат  •  1,522 Слов (7 Страниц)  •  1,379 Просмотры

Страница 1 из 7

                        

 Жоспар:

  1. Кіріспе

Фармакогенетика ғылымы

  1. Негізгі бөлім
  1. Фармакогенетикалық құбылыстар
  2. Фармакогенетикалық аурулар
  1. Қорытынды

Фармакогенетика – болашақтың құралы

  1. Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Кіріспе

Фармакогенетика - адам ағзасының дәрі- дәрмектерге фармакологиялық реакция түрінде жауап қайтаруындағы генетикалық факторлардың рөлін зерттейтін ғылым саласы. «Фармакогенетика» терминін 1959 жылы Ф. Фогель енгізді. Фармакогенетика өткен ғасырдың 50 жылдары ферменттердің жеткіліксіздігінен дамитын генетикалық патологиялық реакциялар анықталғаннан бастап дами бастады. Дәлірек айтқанда фармакогенетика жеке адамдардың немесе популяциядағы адамдардың жеке топтарының арасындағы дәрі-дәрмектерге түрліше фармакологиялық жауап қайтарудың тұқым қуалайтын айырмашылықтарын зерттейді. Адамдардың кез келген фармакогенетикалық реакциялары адам популяциясында қазіргі кезде қолданылатын фармакологиялық заттарды қолданғанға дейін эволюция процесінде қалыптасқан кең көлемді генетикалық полиморфизм негізінде дамиды. Клиникалық медицинаның негізі болатын принциптердің бірі- әр ауру адамның жеке өзіне дәрілердің түрін нақты мөлшерде белгілеу болғандықтан, ол дәрілердің ағзадағы әрекеті мен оған қайтарылатын жауап та түрліше сипатта көрінеді. Осы себепті фармакогенетика ғылымының қалыптасуы мен дамуы заңды құбылыс болып табылады. Генетикалық зерттеулер ауру адамда дәрілерді қабылдау кезінде байқалатын жеке дара сезімталдығы мен жауап қайтару реакциясының ерекшелігі генетикалық факторларға байланысты екенін көрсеткен.

  1. Негізгі бөлім
  1. Фармакогенетикалық құбылыстар.

Фармакогенетикаға назар аудару әр адам ағзасының  нақты дәрілердің түріне өзгеше реакция көрсететіні жайлы баспа бетінде жарияланғаннан кейін арта түсті. Мысалы, псевдохолинэстераза ферментінің кемістігіне байланысты миорелаксант сукцинилхолин дәрісіне өте жоғары сезімталдық байқалған (W.Kalow, K.Gehest, 1957), эритроциттердегі глюкоза- 6- фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі безгек ауруын емдеуге қолданылатын примахинді қабылдау кезінде эритроциттердің гемолизіне себеп болған, туберкулез ауруын емдеу үшін пайдаланылатын изониазид препаратын қабылдау, түліше болғандықтан, түрлі дәрежедегі токсиндік әсер көресеткен болатын.

Соңғы 20 жылда қарқынды жүргізілген зерттеулер бірқатар гендердің жеке тұқымдастарының фармакогенетикалық рөлін ашып көрсетті. Олар: Р-450 цитохромдар, УДФ глюкуронилтрансферазалар, глутатион сульфотрансферазалардың т.б гендері, жалпы алғанда 200-ге жуық гендер мен олардың полиморфтық нұсқалары. Ауру адамдардың қабылдаған дәрілері жағымды емдік әсер етуге дейін ағзада күрделі алмасу процестеріне ұшырайды. Бұл процестер фармокодинамикада немесе дәрілердің фармакокинетикасы деп аталып дәрілердің биотрансформациясымен сипатталады.

Ағзаның дәрі-дәрмекттер әсерлеріне қайтаратын жауап реакцияларының генетикалық факторлары төмендегі құбылыстарға негізделеді:

  1. Дәрі-дәрмек метаболизміне қатынасатын ақуыздарды кодтайтын гендер полиморфизмі (СУР450). Бұл полиморфизм жиі кездеседі және ол қан плазмасындағы дәрі-дәрмек концентрациясын анықтайды;
  2. Дәрі-дәрмектермен алғаш әрекеттесетін жасуша рецепторларының тұқым қуалайтын ерекшеліктері. Егер рецептор дәрі-дәрмек құрамындағы белгілі бір молекулаға сезімтал болмаса, онда оның (дәрі-дәрмектің) концентрациясын қанша көбейткенмен ешқандай терапивтикалық (емдік) эффект бермейді;

Дәрілер қанға сіңіріліп бүкіл денеге таралады ( мүше, жасуша, органелларға дейін) Жоғарыда аталған екі фактор бойынша гомозиготалы генотиптері бар «оптимальды белсенді» дараларға дәрі-дәрмек ең жақсы әсер етеді. Шынында да, осындай оптимальды белсенді ақуыздары болатын даралар ағзасына дәрі-дәрмек енгеннен кейін ол оптимальды концентрацияға жетеді де терапевтикалық қызметін атқарып ағзадан шығарылады. Гетерозиготалы, белсенділігі жеткіліксіз болатын аллельдері бар ағзаларда- аралық метаболайзерлерде, дәрі-дәрмек концентрациясы жоғары болып терапевтикалық қызметін атқаруы мүмкін, бірақ олар ағзадан баяу шығарылады.

...

Скачать:   txt (25 Kb)   pdf (250.8 Kb)   docx (83.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club