Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрілік түрлер технологиясында дозалау

Автор:   •  Март 2, 2021  •  Реферат  •  1,281 Слов (6 Страниц)  •  863 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

Дәрілер технологиясы кафедрасы

044-43/     -      (2019-2020)

68 беттің  беті

«Дәрілік түрлер технологиясы» пәнінен

зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

№1-САБАҚ

1. Тақырыбы: Дәрілік түрлер технологиясында дозалау.

2. Мақсаты: Дәріханалық қол таразылардың және тарирлі таразылардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып білу. Салмақ бойынша қатты, тұтқыр және сұйық заттарды дұрыс дозалауды және таразылардың дәл көрсеткіштерін тексеруді үйрену.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білуге тиіс:

  1. Салмақ бойынша дозалау құралдарының жалпы сипаттамаларын.
  2. Зат массасын дәл анықтауды қамтамасыз ететін метрологиялық сипаттамаларды.

Студент істей алуға тиіс:

  1. Қол таразылардың тең иінін қайта байлауды.
  2. Таразыны теңестіруді.
  3. Заттың салмағын көрсететін грамдық бөліктерді дұрыс оқуды.
  4. Техникалық таразылардың негізгі метрологиялық  сипаттамаларын  тексеруді.
  5. Әртүрлі өлшемдерді қол және тарирлі таразыларда өлшеуде салыстырмалы қателіктерді анықтауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дәрілік құралдарды салмақ бойынша дозалау.
  2. Дәрілік құралдарды көлем бойынша дозалау.
  3. Дәріханалық іс-тәжірибеде қолданылатын таразылар.
  4. Беттік тартылу. Нақты сұйықтықтың тұтқырлығы.
  5. Қондырғылар дәлдігі. Тамшы түзілу.
  6. Көлем және тамшы бойынша дозалауда қолданылатын өлшегіш құралдар.

Сабақ басында студенттер білуі тиіс:

  1. Таразы (қол және тарирлі) және кір тастарының құрылысын;
  2. Көлем және тамшы бойынша дозалау қондырғыларының (дәріханалық бюретка, пипетка, стандартты және стандартты емес тамшы өлшеуіштер) құрылысын;
  3. МФ құрылымын;
  4. ҚР ҰЭМ 19.03.2015ж №232 бұйрық «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
  5. Рецепт құрылысын. Рецептуралық бланктердің түрлері мен формасын;
  6. ҚР ДС және ӘДМ 2015 жылғы 22 мамырдағы №373 бұйрығы «Рецептерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы».

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма 1. Техникалық таразының сезімталдығын тексеру және әдістемесін (Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы» 29-31, 33-34 б.) конспектілеу.

Тапсырма 2. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу және әдістемесін (Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы» 37-40 б.) конспектілеу.

Тапсырма 3. Күнделіктің құрылымымен және толтыру тәртібімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: дәрілік заттар, химиялық жиынтық, зертханалық ыдыстар, келі, келсап, кесте, тест тапсырмаларының кешені және т.б.

Тәжірибелік күнделіктің үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі ұнтақтар                                                                                Күні:

Латын тіліндегі рецепт

Ингредиенттер мөлшерін есептеу және бақылау паспорты

Дәрілік және қосымша заттардың физико-химиялық қасиеттері

Дәрілік түрдің технологиясы және теориялық дәйектемесі

Сапасын бағалау

1

Шымкент қаласы

Асқаров көшесі 1

Қалалық емхана

Күні:

Аурудың аты-жөні:

Иванов П.

Аурудың жасы:

25 жас

Дәрігердің аты-жөні: Петров И.

Rp.:Bismuthi subnitratis

       Magnesii oxydi

      ana 0,25

       Misce fiat pulvis.

       Da tales doses №6.

       Signa. 1 ұнтақтан  

      күніне 3 рет

Дәрігердің қолы:

Дәрігердің мөрі:[pic 2]

Есептеу:

0,25 х 6 = 1,5 (висмуттың негізгі нитраты)

0,25 х 6 = 1,5 (магний тотығы)

mж = 1,5 + 1,5 = 3,0

m1 =3,0 : 6 = 0,5

Бақылау паспорты:

1. Bismuthi subnitratis 1,5

2. Magnesii oxydi 1,5

mж  =3,0

m1= 0,5 № 6

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

Күні:

МФ Х, 107 мақала

Bismuthi subnitras

Висмуттың негізгі нитраты

Қасиеті: ақ түсті аморфты немесе майда кристалды ұнтақ. Сумен суланған препарат, көк лакмус қағазын қызыл түске бояиды.

Сақталуы: күннің әсерінен қорғайтын, жақсы тығындалған ыдыста.

ҚР МФ, 2-том, 297 бет

Magnesii oxydum

Магний оксиді

MgO       М.в. 40.30

Сипаттама. Ақ түсті, ұсақ, аморфты ұнтақ.

Сақталуы: Тығыз жабылған контейнерде сақтайды.

Технологиясы: Келіде 1,5 висмуттың негізгі нитратын ұнтақтайды. Содан соң, 1,5 магний тотығын бөлшектеп қосып, баяу араластырады. Дайын ұнтақтың біркелкілігін тексереді, ол үшін ұнтақты капсулаторка көмегімен келі түбіне жинақтап, келсаппен із қалдырады, 25 см қашықтықта қарусыз көзбен қарағанда ірі бөлшектер болмауы тиіс. Ұнтақты 0,5 г дозалап, балауыз капсулаға орап, қағаз қорапқа салып, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка “Ішуге”, қосымша этикетка “Балалардан сақтаңыз”, “Құрғақ, салқын жерде сақтаңыз”.

Теориялық дәйектемесі:

  1. ҚР ҰЭМ 19.03.2015ж. № 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы талаптарына сәйкес жұмыс орны дайындалады.
  2. Рецепте күрделі, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішуге арналған ұнтақ берілген.
  3. Дәрілік заттардың мөлшерлері және физика-химиялық қасиеттері бірдей. Магний тотығы жеңіл тозаңданатын зат, оның шығынын азайту үшін, ең соңында қосады.
  4. Біркелкілігі ҚР МФ «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» мақаласына сәйкес тексеріледі.
  5. Орамдау дәрілік заттардың қасиеттеріне сәйкес жүргізіледі.
  6. Дайын дәрілік түрдің сапасын бағалау ҚР ДС және ӘДМ 28.05.2015ж. №405 «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
  7. Босатуға безендіру ҚР ДС және ӘДМ 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
  1. Құжаттарды тексеру: Рецепт дұрыс жазылған. Есептеулер дұрыс. Бақылау паспорты дұрыс құрастырылған.
  2. Ұнтақ орамасы дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты дұрыс таңдалған.
  3. Безендірілуі дәрілік түрдің белгіленуіне сәйкес.
  4. Ұнтақтың түсі, иісі дәрілік заттардың қасиеттеріне сәйкес.
  5. Ұнтақ біркелкі, сусымалы.
  6. Ауытқу мөлшері.

0,5  -  100 %

х    -   5 %

[pic 3]

0,5 + 0,025 = 0,525

0,5 - 0,025 = 0,475

Дәрілік түр қанағаттанарлық дайындалған

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (172.4 Kb)   docx (610.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club