Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар. Наркотикалық (есірткі), улы және күшті әсер ететін заттармен жұм
Автор: Mako1 • Январь 27, 2024 • Реферат • 2,428 Слов (10 Страниц) • 141 Просмотры
Дәрілер технологиясы кафедрасы[pic 1]
Реферат
Тақырыбы: Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар. Наркотикалық (есірткі), улы және күшті әсер ететін заттармен жұмыс істеуді реттейтін нормативті құжаттар.
Орындаған: Ержігіт М. Б.
Қабылдаған: Нурбаева С. Е.
Тобы: ФӨТ 303Б
Шымкент 2023.
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
Қосымша заттар
Улы және күшті әсер ететін заттар
- Қорытынды
Қазіргі кезде барлық белгілі дәрілік түрлерді қосымша заттарды қосу арқылы дайындайды, яғни, дәрілік түр - дәрілік және қосымша заттардан тұратын жүйе.
Қосымша заттар – дәрілік препаратты дайындау үшін қолданылатын көмекші заттар. Қосымша заттар МФ, ФМ, УФМ немесе арнайы нормативтік құжаттармен медициналық қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.
Әсерлі дәрілік препараттарды жасау көптеген косымша заттарды қолдануды талап етеді. Бұрынғы кезде қосымша заттарға фармакологиялық және химиялық индифференттік талаптары қойылатын, бірақ, бұл заттар белгілі бір дәрежеде дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне әсер етуі мүмкін: дәрілік заттардың әсерін күшейтуі немесе төмендетуі, әртүрлі себептер салдарынан әсер ету сипатын өзгертуі, атап айтқанда, комплекс түзу, молекулярлық реакциялар, интерференциялар және т.б.
Қосымша заттар дәрілік түрлерден дәрілік құралдардың резорбция- лануына әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады, демек қосымша заттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың фармакодинамикасын реттеуге болады. Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің физика-химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде сақталу кезіндегі жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.
Қосымша заттар барлық дәрілік түрлердің міндетті түрдегі ингредиенттері болып табылады және қолданған кезде ағзаның мүшелерімен, ұлпаларымен контактіге түседі, сондықтан, оларға белгілі бір талаптар қойылады:
1) дәрілік препараттың медициналық белгіленуіне сәйкес болуы, яғни, дәрілік құралдың сәйкес фармакологиялық әсер көрсетуін қамтамасыз етуі, дәрілік құралдың биологиялық тиімділігіне әсер етпеуі және өзгертпеуі тиіс;
2) қолданылатын қосымша заттардың мөлшерлері биологиялық зиянсыз және ағза ұлпаларымен биологиялық сыйымды болуы және аллергиялық, улы әсер көрсетпеуі қажет;
3) қосымша заттар дәрілік түрге талап етілетін қасиеттер беруі тиіс: құрылыстық-механикалық, физика-химиялық. Қосымша заттар дәрілік препараттардың органолептикалық қасиеттеріне кері әсерін тигізбеуі керек (иісі, дәмі, түсі және т.б.);
4) дәрілік препараттарды дайындау және сақтау процесінде дәрілік құралдармен, орамдаушы және тығындаушы құралдармен, сонымен бірге, технологиялық қондырғы материалдарымен химиялық немесе физика- химиялық әрекеттесуінің болмауы. Әртүрлі әрекеттесулер салдарынан дәрілік препараттың әсерінің төмендеуі, жеке жағдайларда улы қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін;
5 ) қосымша заттар дәрілік препараттардың микробтық ластануының негізгі көзі болып табылатындықтан, дайындалатын препараттың микробио- логиялық тазалығының дәрежесіне байланысты, жіберілуі шектеулі микробтык контаминация талаптарына сәйкес болуы және стерильдеу мүмкін-дігі болуы кажет;
6) экономикалық тиімді және отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек. Тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа да салала- рында қолданылатын құралдар тізімін қысқарту қажет.
Қосымша заттардың жіктелуі. Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын қосымша заттар номенклатурасы өте көп, сондықтан, оларды бір жүйеге келтіру тиімді.
...