Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асқазанды жуу бойынша тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз

Автор:   •  Апрель 26, 2022  •  Практическая работа  •  526 Слов (3 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 3

Асқазанды жуу бойынша тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз.

Науқасқа жүргізілетін процедураны түсіндіріп, сенімді қатынас орнатамыз. Қарсы көрсеткіштерін айтамыз. Науқасқа дұрыс қалыпты қамтамасыз етеміз: есін жоғалтқан адам болса, сол жақ бүйірімен жатқызамыз; есі бар болса – басы мен денесін шамалы алдына қарай иіп отыруын сұранамыз. Науқасқа клеенкалы фартукты кигіземіз. Фартук етегіне, яғни науқас алдына таз (шара) қоямыз. Қолғап киеміз.

Енгізетін зондымыздың ұзындығын өлшеп аламыз:

1-әдіс: мұрын арқылы болса, мұрын түбірінен төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізіне дейін +10см;

2-әдіс: езуліктен сырғалыққа дейін, сырғалықтан төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізіне дейін + 5-6см.

Зондта белгі қалдырамыз.

Дәрігер науқастың оң жағынан тұрып, зондты оң қолымен алады. Зондтың бір ұшына вазелин жағып, оны белгіге дейін мұрын немесе ауыз арқылы енгіземіз.

Зондтың екінші ұшына воронканы қойып, оны науқастың иығының деңгейінде ұстап, 200мл-дей  су құйып, құйып болғаннан кейін зондты науқастың тізесі деңгейіне әкеліп, асқазан құрамындағы заттар анықталғанда, оны талдауға пробирка немесе бөтелкеге жинап, қалғанын тазға құямыз.

Осы процедураны асқазанды жуған су таза болғанға дейін қайталаймыз. Асқазанды жууға кететін судың жалпы көлемі 2-3л.

Жуған судың соңғы порциясын талдау үшін пробирка немесе бөтелкеге жинаймыз. Зондқа ересектердің  дозасында 10кг дене салмағына  1табл.  Белсендірілген көмірдің суға ерітілген күйде енгізіп, зондты ақырындап алып тастаймыз.

Науқасқа аузын шаюға рұқсат беріп, ауыз айналасын сүртуге салфетка береміз. Қолданылған құрал-саймандарды дезинфекциялық  ерітіндіде өңдейміз.

Қуықты катетерлеу  бойынша тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз.

Қолымызды мұқият жуып, өңдейміз, керекті құралдарды аламыз: лоток (науа), мақта, стерильді пинцет, вазелин, эластикалық катетер.

Стерильділікті сақтай отырып, маска, қолғап киіп, қолымызды спиртпен өңдейміз. Науқас арқасымен жатуын сұранамыз.

Мақтаны фурациллиннің әлсіз ерітіндісіне малып, зәр шығару жолының сыртқы тесігін өңдейміз.

Ер адамдардың қуығын катетеризациялағанда сол қолымызда  жыныс мүшесін ұстап, оң қолымызға  глицерин немесе вазелин майы жағылған катетерді стерильді пинцетпен аламыз. Катетердің  дистальді ұшын оң қолымыздың  IV және V саусақтарының арасында ұстап тұрып, проксимальды ұшын ақырындап пинцетпен қуыққа енгіземіз.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (73.4 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club