Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Лабораторная работа  •  3,700 Слов (15 Страниц)  •  360 Просмотры

Страница 1 из 15

 Зертханалық  сабақтардың жоспарлары   және орындаудың нұсқаулығы

№ 1 жұмыс

Тақырыбы: Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы.

Систематикалық орны

Бір клеткалы жануарлар - Protozoa

Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastigophora

Класс Жалған аяқтылар - Sarcodina

Класс тармағы Тамыр аяқтылар - Rhizopoda

Отряд Амебалар - Amoebina

Өкілі Кәдімгі амеба – Amoeba proteus

Отряд Қабыршақты амебалар - Testacea

Өкілдері: Арцелла sp. , Диффлюгия

Отряд фораминифералар - Poraminifera

Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.

        Мақсаты: Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, құрылысы қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау.

        Тапсырма: Амебаның дене пішінімен танысып, қозғалысын бақылау. Цитоплазманың жіктелуіне назар аудару. Жиырылғыш және асқорыту вакуольдерінің пайда болуын бақылау. Эктоплазманы және эндоплазманы салыстырып. Олардың бір-  бірінен айырмашылықтарын анықтаңдар. Қабыршақты құрылысымен танысу. Фораминифералардың жәй және күрделі қабыршақтарын микроскоппен қарау.

        Жабдықтар:Таблицалар: қарапайымдардың систематикасы, амебаның құрлысы, дизентерия амебасының даму циклінің схемасы. Лабораторияда өсірілген амебалар.заттық және жабын әйнектер, пипеткалар. Амебаның тұрақты препараты. Қабыршақты амебалардың тұрақты препараттары.

Жұмыстың барысы: Уақытша препарат жасап, амебаны тауып, оны микроскоптың әр түрлі ұлғайтқыштарымен қарау. Амебаның қозғалуын, қоректенуін бақылау. Ядросын боялған тұрақты препараттан табу: Экто- және эндоплазманы ажыратып, оларды салыстырыңдар. Көпіршік тәрізді асқорытувакуольдерін және жиырылғыш вакуольдерін табыңдар. Амебаның суретін сызып, онда эктоплазманы, эндоплазманы, жалған аяқтарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін көрсетіңдер.

Дизентерия амебасының даму циклімен таблица арқылы танысыңдар.

Қабыршақты амебалардың құрлысымен танысып, арцелланың және диффлюгияның схемалық суретін сызыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар.

  1. Бір клеткалы жануарлардың қандай типтерін білесіңдер?
  2. Қарапайымдардың құрлысының көп клеткалы жануарлардың жеке клеткасымен ұқсастығы неде?
  3. Қарапайымдардың қозғалу органеллаларын атаңдар?
  4. Жалаңаш амебалар мен қабыршақты амебалардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтары қандай?
  5. Амебаның, диффлюгияның, фораминифераның денесіне сұйық заттар қалай енеді және олар қандай жолмен қоректенеді?
  6. Цистаға қоршалудың қандай биологиялық маңызы бар?
  7. Жалаңаш және қабыршақты амебалар қалай көбейеді?
  8. Фораминифералар қалай көбейеді?
  9. Жалған аяқтыларды неге ең төменгі сатыдағы қарапйымдарға жатқызады?                                

№ 2 жұмыс

Тақырыбы: Жасыл эвгленаны мысалға ала отырып, талшықтылардың құрлысы және тіршілік циклімен танысу.

Систематикалық орны

Бір клеткалы жануарлар - Protozoa

Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastigophora

Класс Талшықтылар - Mastigophora

Класс тармағы Өсімдік тектес талшықтылар – Phytomastigina

Отряд Эвгленалар - Euglenoidea

Өкілі Жасыл эвглена – Euglena viridis

Отряд Фитомонадылар - Phytomonadina

Өкілі Вольвокс – Volvox globator

Класс тармағы Жануар тектес талшықтылар – Zoomastigina

Отряд Кинетопластидтер - Kinetoplastida

Өкілі Трипаносома – Trypanosoma

Өкілі Лейшмания (Leishmania)

        Мақсаты: Еркін тіршілік ететін талшықтылардың өсімдіктермен ұқсастығын анықтау. Талшықтылардың колониялы және паразиттік тіршілік ететін формаларымен танысу.

 Тапсырма: Эвгленаның дене пішінімен және қозғалу тәсілімен танысу. Микроскоппен қарап, оның қоректену, қозғалу және қысымды реттейтін органеллаларын ажырату. Цитоплазманың экто- және эндоплазмаға жіктелуіне назар аудару. Вольвокстың колониясымен танысу. Колониядағы соматикалық және генеративтік клеткаларды ажырату.Трипанозоманың құрлысымен танысу.

...

Скачать:   txt (59.6 Kb)   pdf (170 Kb)   docx (23.4 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club