Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары
Автор: Symbatikk • Октябрь 4, 2021 • Реферат • 3,885 Слов (16 Страниц) • 691 Просмотры
1.1« Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары
Экономиканың дамуыньң барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын больш өндірістік-техникалык бірліктерден тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өңдіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорыннын ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылык жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысьшда Қазақстан Республикасындағы бекітілген зандарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған занды тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін калыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азамат та, олардан құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын - деп өнім өндіру және қызмет түрлерін хольщка көрсету аркылы тұтынушылықты қанагаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралган жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты максатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.
Кәсіпорын қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Әдетте кәсіпорыннын негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
- жоғары сапалы өнім өндіру;
- технология бойыпша нарықта жетекші орынды иелену;
- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
— жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу; Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:
- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасьш өндіру және сату керек;
- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;
- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;
- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады.
1) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
2) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар
мен іс-әрекеттерді анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:
- кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;
— кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
3) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мер-
зімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анық-
тау.
Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.
...