Ұсату аппараттарынын жумысы
Автор: Thunder King • Февраль 15, 2023 • Контрольная работа • 3,921 Слов (16 Страниц) • 175 Просмотры
2 – Зертханалық жұмыс
ҰСАТУ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
2.1 – тапсырма. Жақты ұсатқыштың жұмысы
Жұмыстың мақсаты
Жақты ұсатқыштың құрылымын оқып–білу, ұсату аппаратымен жұмыс істеуге және оның жұмысын реттеуге дағдылану, олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Жұмыстың мазмұны
1. Зертханалық жақты ұсатқыштың эскизін түсіру, басты бөлшектерінің өлшемдерін келтіру.
2. Ұсатқыштың техникалық сипаттамасын келтіру.
3. Ұсатқыштың шығару жырығын реттеу әдістерімен танысу.
4. Ұсатқыштың қозғалмалы жағының тербелу санын, жақтың қозғалу қашықтығы мен қапсыру бұрышын анықтау.
5. Кенді ұсатып, төмендегілерді анықтау қажет:
а) бастапқы және ұсатылған кеннің гранулометриялық құрамы;
ә) қойылған шығару жырығына сәйкес ұсатқыштың нақтылы және теориялық өнімділігі;
б) ұсатуға дейінгі және ұсатылғаннан кейінгі алынған кендегі ең ірі кесектердің диаметрлері және араластардың орта диаметрлері негізінде табылатын ұсату дәрежесі;
в) ұсату кезіндегі кайтармалы жүктің мөлшері.
Қауіпсіздік техникасы
Ұсату кезінде ұсатқыштан кен кесектері шашырауы мүмкін. Сол сияқты ұсатқыштың айналмалы (қозғалмалы) бөлшегінің қаптамасыз болуы да қауіпті. Ұсатқышты іске қосар алдында оның жанында тым жақын, қауіпті жерде адамдардың жоқтығына көз жеткізу керек.
Мына жағдайлар рұқсат етілмейді
1.Ұсатқышты рұқсатсыз іске ету;
2. Кен ұсатылып жатқанда, ол түсіп жатқан жырыққа үңіліп қарауға;
3. Ұсатқышқа кенді қолмен, күрекшемен не дорбашамен салу;
4. Шығару жырығын жұмыс үстінде реттеу. Ұсатқыш іске, тек оқытушының рұқсатымен ғана соның көзінше қосылады. Ұсатқышқа кен тек арнаулы науашықпен ғана түсіріледі.
Жұмыстың теориялық негізі және оны орындау реті
1. Ұсатқыштың құрылысымен танысқан соң оның эскизі түсіріледі. Проекция саны екі не үш. Ол барлық негізгі бөлшектердің көрініп тұруына және олардың өлшемдерін көрсетуге байланысты анықталады. Ұсатқыштың техникалық сипаты кесте түрінде (2.1-кесте) келтірілген.
2. Ең үлкен шығару жырығының өлшемі қозғалмалы жақ, қозғалмайтын жақтан алыстағанда нутролирмен өлшенеді, ал кіші жырық өлшемі қозғалатын жақ қозғалмайтын жаққа өте жақындағанда, ұсатқьштың жұмыс істеп түрған кезінде сол арқылы өткізілген қорғасын кесегінің қалыңдығын өлшеу арқылы табылады.
3. Жақтың қозғалу қашықтығы, ол қозғалмайтын жақтан ең алыс және ең жақын қашықтықтарда болған кездегі екі арадағы айырмашылықпен (L2 –L1=e) анықталады.
Берілген шығару жырығына сәйкес қапсыру бұрышы (3-сурет) төмендегі формуламен анықталады:
[pic 1] [pic 2]; (2.1)
мұндағы В – түсіру жырығының көлденеңі, см; [pic 3]
Н – ұсату жырығының биіктігі,см және [pic 4]екі шет қашықтықтар. см;
L – қозғалу қашықтығы, см.
Бұл формула, егер қозғалмайтын жақ тік болғанда қолданылады.
3 –сурет.
2.1-кесте.Зертханалық ұсатқыштың техникалық сипаттамасы
Шыға-ру жыр-ығы- ның өлшем- дері, м | Жақ-тың қозға-лу қаш- ық-тығы,м | Биік-тігі, м | Түсі-ретін жарық- тың өлшемі,м | Жақтың тербеліс саны, м/мин | Өнімділік, кг/сағ | ||
теория- лық | нақты- лы | теория- лық | нақты- лы | ||||
Ұсатқыш валының айналу саны, электрқозғалтқыш пен ұсатқыш шкивтерінің ара қатынасынан табылады да, мына формуламен тексеріледі:
[pic 5]; (2.2)
...