Аудитті жоспарлау мақсаты ,принциптері және кезеңдері
Автор: kuklka • Декабрь 6, 2018 • Курсовая работа • 6,241 Слов (25 Страниц) • 1,709 Просмотры
Кіріспе
Аудитор жұмысын жоспарлау аудиттің маңызды сапасында қажетті көңіл бөлуге , потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау тапсырманы дұрыс білуге және басқа аудиторлармен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі. Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау – бұл кез-келген тексерудің жүргізу процесінде қайталанатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай миханикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп қаржылық есеп беруге ,оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын-ала зеттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен оның ұзақтылығына байланысты аудит құны анықталады. Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін. Аудиттің халқаралық тәжербиесіндегі стандарттары мен мемарандумы әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қортындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тексерістер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедуралды түзетулері мен қосымшалармен бірге жазылған . Ары қарай жоспарлау мен бақылау бойынша міндеттерді шешу үшін дайындаған осындай тексеруші тізім мыслады келтіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторлық қызметтің оперативті және тиімді жүргізуді бақылауды теориялық тұрғыдан ашып, талдау.
Міндеті:
а) аудитті жоспарлаудың бастапқы кезеңін сипаттау;
б) аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын дайындау принциптерін тұжырымдау;
в)аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын дайындау мен құру тәртібін сипаттау;
Аудитті жоспарлак аудитті жүргізудің жалпы және жеке принциптеріне:
- жоспарлаудың жинақтылығына;
- жоспарлаудың үздіксіздігіне;
- жоспарлаудың оптималдылығына сәйкес жүргізіледі;
Аудитті жоспарлаудың өзектілігі – аудиторларға кездесетін тапсырмаларды анықтауды және мерзім, (еншілес, тәуелді) ұйымдар бойынша жоспарлау кезеңдерін қолайлы вариантын таңдап алуды қамтамасыз ету.
Менің курстық жұмысым 2 – бөлімнен тұрады : 1-ші бөлімде аудитты жоспарлаудың мақсаты , принциптері мен кезеңдері жайлы жазылған. 2-ші бөлімде аудиторлық жоспарлау және аудиторлық қорытынды жасау қарастырылды.
Бөлім-1. Аудитті жоспарлау мақсаты ,принциптері және кезеңдері
- Аудиттің мәні мен маңызы
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
...