Елді мекендерді жоспарлау жөніндегі нормативті құжаттармен танысу
Автор: Канат Рустемов • Март 26, 2021 • Курсовая работа • 6,192 Слов (25 Страниц) • 697 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы
«Жер шаруашылығын құру және елді мекендерді жоспарлау» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖОБА
Орындаған: __Құтымбай А.Р_
студенттің аты-жөні, қолы
Қабылдаған: __Будикова К.М.___
оқытушының аты-жөні
Қызылорда 2021ж.
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................
1. Елді мекендерді жоспарлау жөніндегі нормативті құжаттармен танысу.....................................................................................................
2. Жоба алдыңғы есептеулер................................................................
3. Жанұя санын есептеу..........................................................................
4. Қоғамдық ғимараттарды есептеу.....................................................
5. Елді мекеннің көлемін есептеу............................................................
6. Елді мекен аумағын аймақтарға бөлу..............................................
7. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді құру............
8. Жобаны техникалық – экономикалық бағалау..............................
Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................
Кіріспе
Елді-мекендер егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты адамдардың отырықшылдық тұрмыс қалпына өту кезінде тұрақты, ұзақ уақыт тұратын мекендер ретінде пайда болды. Территорияны ұйымдастырып және онда тұрғын, қоғамдық және басқа да үйлер мен ғимараттарды орналастыра отырып, елді мекендерді құру оны жоспарлауды білдіреді. Елді-мекендерді жоспарлау оның сәулеттік кеңістіктік ұйымдастырылуы болып табылады.
Алғашқы қауымдық қоғамда елді мекенді ұйымдастырудың 3 типі болды:
- палаткалар мен киіз үйлерден тұратын далалық типі елді-мекендер
- тұрғын үйлерден тұратын елді мекендер
- көл жағасындағы тіреуішті үйлері бар елді мекендер.
Палаталы лагерь көшпелілердің ең қолайлы орны болды. Палаталар немесе киіз үйлер қатармен орналасты.
Егіншіліктен қолөнердің бөлінуі нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамнан құл иеленушілік қоғамға өту елді мекеннің жаңа типінің - қаланың пайда болуына себеп болды. Алғашқы қалада өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастардың жетілуіне себеп болған қолөнер мен сауда шоғырланды.
Құл иеленушілік құрылыстың жойылуы жаңа феодалдық қоғамның пайда болуына әкелді. Ауылдар феодал сарайының айналасында, өзендер жағасында орналасты. Қолөнершілер мен саудагерлердің, сонымен бірге феодалдар арасындағы тап күресі қаланың жоспарлануына әсер етті, яғни тұрғындар қорғаныс ғимараттарын салуға мәжбүр болды.
Капиталистік кезеңде деревнялар дамыды. Қалалар экономикалық саяси және мәдени орталық болып қалды. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы құрылыстандырудың жаңа түрінің қажеттігін айқындады.
XVII-XIX және XX-ғасыр басында Ресейдегі елді мекенді салу мен жоспарлау кезеңі 3-ке бөлінді:
- Петр дәуіріне дейін
- Петр дәуіріндегі
- Капиталистік кезең.
Елді-мекендер: қалалар, қыстақтар және ауылдық елді-мекендер болып бөлінеді.
Қалалар – бұл тұрғындар саны көп барынша ірі елді мекендер. Олардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен байланысты емес.
Қыстақтарға жұмысшы, саяжайлық, курорттық мекендер, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы елді мекендер жатады.
...