Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Автор: raushan00 • Февраль 7, 2018 • Эссе • 322 Слов (2 Страниц) • 1,178 Просмотры
Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы:
діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.
Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені есебінде танылып отырса да, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.
Бұл мәселенің түпкі ошағы қайда жатыр? Не себептен біздің елімізге жетті? Мүмкін бұл белгілі бір ұлтымыздың бірлігін бұзу саясаты ма? Осы секілді сұрақтар әр азаматтың ойын толғандыратын сұрақ деп ойлаймын.
Дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанымдарын экстремисттік деп бағалауға болады. Бұл ағым тек қана «өзгеше ойлаушылардың» өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да орасан зияны тиіп, бейбіт өмірдегі, қызмет үстіндегі адамдардың өміріне қасіретін әкеліп жатыр. Әсіресе Ақтөбе облысында тұрып жатырған азаматтар мен азаматшалар бұл туралы әлдеқайда зор біледі. Себебі 2016 жылы қаламызда осындай жағдай орын алды. Әрине, бұл жағдай тек біздің аумақты ғана емес, Республика ауқымында туындаған мәселе болды. Елдің ушыққаны соншалық, мемлекет басындағы депутаттар мен Елбасы өлім жазасына мараторийден бас тарту туралы мәселе қозғады. Көпшілік қолдағанымен – өлім жазасы демократияға тән белгі емес болғандықтан, мәселе көпшілік қалаған нәтижеге қол жеткізген жоқ. Дегенмен тиісті жаза қолданылып жатырған жоқ деу де дөрекі қате. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 255-260 баптары аралығында «терроризм актісі», «терроризмді насихаттау», «террористік топ құру, басшылық ету» т.б. осы тектес қылмыстың түрлері мен жазалары бекітілген.
...