Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Поляриметрия әдісімен танысу

Автор:   •  Апрель 15, 2018  •  Практическая работа  •  3,190 Слов (13 Страниц)  •  3,596 Просмотры

Страница 1 из 13

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиасы
                         Фармтехнология және токсикология кафедрасы

СӨЖ

 Тақырыбы: Талдаудың оптикалық   әдістері: Поляриметрия

        

                              

                                  Дайындаған: Кузембай Ж.М

                                     Тобы: 203 ФК  Б

                                                     Қабылдаған: Айтымбетова Ә.Н    

                

                        

Шымкент,  2018

Жоспар

 І. Кіріспе

 ІІ. Негізгі бөлім

а) оптикалық әдіс

 ә) поляриметрия туралы жалпы түсінік

б) Талдауға алынған дәрілік препараттың тазалық параметрі.

 в) Дәрілік заттардың тазалығын анықтау.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Мақсаты:  Поляриметрия әдісімен танысу. Дәрілік заттарды талдауда қолданылуының физико-химиялық әдістерінің маңыздылығы.

Тақырыбтың өзектілігі: поляриметрия әдісі дәрілік ерітінділердің тазалығын және оптикалық белсенділігін анықтауда қолданылады.                           Оптика. (гр. Optike- көзбен көрген қабылдау жөніндегі ғылым,  optas- көрінетін) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бөлімі. Жарық –  электромагниттік толқын болғандықтан оптика электро-магниттік өріс жөніндегі жалпы ілімнің бір бөлігі болып табылады. Оптика қалыптасқан дәстүр бойынша геометриялық, физикалық, және физикологиялық оптика болып бөлінеді.                                                Геометриялық оптика жарықтың табиғатына назар аудармай, тек оның таралуының тәжірибелік заңдарына сүйеніп, өзара тәуелсіз жарық сәулелерінің біртекті ортада түзу сызықтар бойымен таралуын және сыну заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар ол жарық әртекті орта арқылы өткенде байқалатын құбылыстар(сағым, кемпірқосақ) зерттейді.                  Жарықтың табиғаты, оған байланысты әр түрлі оптикалық құбылыстар (интерфереция,  дифракция) физикалық оптикада зерттеледі. Жарықтың толқындық қасиеттері физикалық оптиканың негізгі                                       бөлімі- толқындық оптикада зерттелінеді.  Оны Х.Гюйгенс (1629-1695),                                                Т. Юнг(1773-1827),  О.Френель (1788-1827) және т.б. қалаған.                                                 Талдаудың оптикалық әдістері оптика заңдарына негізделген. Оптикалық зерттеу әдістеріне: фотометрлік әдістер, нефелометрия мен турбидиметрия, рефрактометрия, поляриметрия, спектральды және люминесцентті талдаулар жатады.                                                                             Фотометрлік талдау әдістеріне: спектрофотометрия және фотоколориметрия, көрінетін, инфрақызыл,ультракүлгін аймақтардағы жарықтың жұтылуына негізделген.                                              Нефелометрия мен турбидиметрия. Нефелометрлік және турбидиметрлік талдау әдістері газды, қатты немесе сұйық, жүзгін күйдегі көбінесе коллоидты жүйеде кездесетін бөлшектердің электромагниттік сәуле шығаруды сіңіру немесе шашырату процесіне негізделген. Нефелометрлік әдісте эмульсияда, суспензияда, коллоидты ерітіндіде, жоғары молекулалық қосылыс ерітінділерінде (олигомерлерде, полимерлерде) жүзгін күйдегі бөлшектер шашыратқан жарық ағынынын интенсивтігін өлшейді.                                                                                 Рефрактометрия- оптикалықсәуле шығару спектрінің әр түрлі телімдерінде қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың сыну көрсеткішін (n) өлшеудің әдістері мен құралдарына арналған оптикалық техниканың бөлімі.                                                                                                             Спектрлік анализ негізін атомдар мен молекулалардың спектроскопиясы құрайды және ол спектрлерді талдау мақсаты мен олардың түрлеріне қарай ажыратылады. Атомдардың (иондардың) сәуле шығару және жұтылу спектрлері бойынша заттың элементтік құрамын анықтау атомдық спектрлік анализ (АСА) тәсілдерімен, ал сәуленің жұтылу, люминесценция және жарықтың комбинациялық шашырау спектрлері арқылы заттың молекулалық құрамын талдау молекулалық Спектрлік анализ әдістерімен орындалады.                                                                                           Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы.                                                                                     Поляриметриялық – жарықтың оптикалық белсенді заттармен поляризация жазықтығының айналу бұрышын  өлшеуге негізделдген.  Поляриметрия әдісі туралы жалпы түсінік.                         Поляризациялау жазықтығын айналдыру құбылысын Д.Арго 1811 ж кристалды кварцты, ал Ж.Био (1815) ерітіндіні зерттеу кезінде ашқан.                                                                           Кейбір заттардың сол зат арқылы таралған жарықтың поляризация жазықтығын бұратын қасиеті бар. Мұндай заттарды оптикалық белсенді заттар деп, ал осы құбылысқа сүйеніп олардың концентрациясын анықтау әдісін поляриметрия әдісі деп атайды. Бұл әдіс медициналық диагностикада (ақ уыз, қан сарысуы және т.б. заттардың оптикалық белсенділігін), клиникалық тәжірибеде (қан құрамындағы, зәрдегі қанттың мөлшерін), фармациялық талдауда (дәрілік ерітінділердің тазалығын және олардың оптикалық белсенділігін), молекулалық биофизикада (құрылымдық өзгерістерді зерттеу) қолданылады.                                    Поляриметрия - жарықтың поляризациялану дәрежесін   және ортаның оптикалық активтілігін өлшеуге негізделген зерттеулер тәсілдері. Поляриметрия әдісі поляризацияланған жарықты зерттеуге негізделген. Поляризация жазықтығының айналу бұрышын өлшейді, ол анықталатын заттың концентрациясына тура пропорционал мән:                                          β = (α*l*T) / 10    мұндағы β - поляризация жазыктығының айналу бұрышы; α - поляризация жазықтығының меншікгі айналымы, ол зат табиғатын білдіреді; l - кювета ұзындығы (түтікше), см; Т - анықталатын заты бар ерітіндінің титрі, г/см3. Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болады. Табиғи жарық сәулесінің толқыны барлық жазықтықта болады, және оның бағыты перпендикуляр. Анализ жасаған кезде толқыны тек бір жазықтыкта поляризацияланған сәуле қажет. Ол үшін арнаулы кристалдары бар, жарық сәулесі өткен кезде поляризацияланатын қондырғыларды (поляризаторлар) орналастырады. Осындай сәулені оптикалық активті заты бар ерітіндіден өткізсек, онда өткен жарықтың жазықтық бұрышы белгілі бір бағытқа айналады - оны поляризация жазықтығының айналу бұрышы деп атайды. Қондырғыларда анализатор болады, ол поляризациялау жазықтығының бұрылу бұрышын анықтайды.                                                                                           Поляриметрияны зерттеудің схемасын былай жасауға болады:

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (330.6 Kb)   docx (712 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club