Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері. Қазіргі ауылдық елді мекендердің экологиялық мәселелері

Автор:   •  Февраль 12, 2024  •  Реферат  •  2,474 Слов (10 Страниц)  •  103 Просмотры

Страница 1 из 10

[pic 1]

                   «Гигиена және эпидемиология» кафедралары

 [pic 2]Тақырып: Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері. Қазіргі ауылдық елді мекендердің экологиялық мәселелері.

                                                                        Орындаған:Қожахметов А.

                                                                        Топ: МҚБ-08-23

                                                                        Қабылдаған:Оразова М.М

                                          Шымкент 2024

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. «Урбанизация» түсінігі.
  2. Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері.
  3.  Қазіргі ауылдық елді мекендердің экологиялық мәселелері.
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінің урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация – қалалану – латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді.

Қалалар мен қалалық тұрғындар саны өсуі – заңдылық үрдіс.Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамтамасыз ету; өндірістік және қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік – көлік пен байланыс, инфрақұрылымдарының өрістеуіне ықпал етуде.

Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалардың өсуі адамзат өркениеті дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 20-ғасырда миллион тұрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн. адам), Шанхай (26 млн. адам), Сан-Паулу (22 млн. адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11 %-дан 1989 жылы 46 %-ға дейін.

Бұрынғы КСРО қарамағында болған біздің Республикада қалалық тұрғындар саны 1926 жылы – 18 %, 1940 жылы – 33,0 %, 1959 жылы – 48 %, 1986 – 66,0 % және 1989 жылы – 51,0 % құрады.

Барлық жерлердің урбанизациялануына байланысты қалаларда тұрғындардың шектен тыс орналасуы және қоршаған ортаның ластануы олардың бір қатарында үрей тудыруда. Қалалар тұрғындарының жақсы сапалы ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз етілуі, қалдықтарды жинау және шығару, қоршаған ортаны, ірі қалаларда, әсіресе өте ірі қалаларда адам тіршілік ететін ортаны қорғау бірінші дәрежелі маңызы бар міндет болады.

Урбанизация, тұрғындар мен адам қызметі шоғырланған салыстырмалы шағын аумақтар ғылыми-техникалық прогресс әсерінен дамиды. Елді мекендер саны әдетте азаяды, бірақ олардың аумағы ұлғаяды. Урбанизация үрдісінің ерекше қарқындылығы 20-ғасырдың екінші жартысына келеді. Осылай, 70-жылдар басында экономикалық дамыған елдерде тұрғындардың жартысынан артығы қалаларда тұрды. Сонымен бірге өндіргіш күштердің өсуі қала тұрғындарына амалсыздықтан техногендік әрекеттерін күшейтеді.

Қазіргі 4 миллиард адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті, өзінің масштабы бойынша тас дәуірінің 40 миллиард адамы жасайтын әрекетіне тең. Осы жағдайда әрекеттің негізгі күші қалалардың өз аумақтарына және олардың өз айналасына түседі.

Тұрғындар өмірі жағдайларын көп жағынан жақсарта отырып, ірі қалалар табиғи жүйелерді жасандылармен ауыстырып, қоршаған ортаны ластайды, адамға физикалық, химиялық және техникалық жүктемені көбейтеді. Атмосфера, су нысандары, топырақ, өсімдіктер, климат та өзгереді. Ғимараттар мен аумақтар инсоляциясы 15-30 %, ультракүлгін сәулелендіру – 50 %, бұлтты күндер саны 10 % (жазда 30 % және қыста  100 %) жоғарылайды, тұмандар жиілейді. Қала қаншалықты ірірек болса, соншалық өзгерістер айқын болады.

...

Скачать:   txt (32.6 Kb)   pdf (233.9 Kb)   docx (253 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club