Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыс өндірісін жоспарлау

Автор:   •  Февраль 25, 2018  •  Реферат  •  1,772 Слов (8 Страниц)  •  1,152 Просмотры

Страница 1 из 8

9-Дәріс

Тақырыбы - «Жұмыс өндірісін жоспарлау»

Дәрістің жоспары: 

1. Жұмыс өндірісін жобалау

     2. ЖӨЖ  құрамы

       Дәрістің мақсаты:  ЖӨЖ көлемін жұмыс сызбаларына, спецификациясына, сметаларына  қарап анықтауға болаатынын дәлелдеу.

           Негізігі және қосымша әдебиеттер: /4,б.16-18/,/8,б.66-74/.

        Жұмыс өндірісін жобалау (ЖӨЖ) мердігерлік мекемелер орындайды  немесе  олардың тапсырмасы бойынша технологиялық жобалау мекемелері  — аймақтық, аудандық және бас басқармадағы  трестер орындайды. ЖӨЖ құру құны күрделі ерекше  нысандар (металургия нысандары, ГЭС ж.т.б ) болса, жобалау жұмыстары сметасы құрамынан, ал   басқалары   қосымша шығындар көлемінен төленеді. Жұмыс өндірісін жобалауды (ЖӨЖ) құруға қажет бастапқы материалдар құрамы: құрамында  құрылыстың ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) бар бекітілген техникалық жоба; жұмыс сызбалары және сметалар; технологиялық, энергетикалық және басқа да жабдықтар туралы мәліметтер; құрама конструкцияларды,  бұйымдарды, детальдарды және жартылай фабрикаттарды тасымалдау туралы деректер; құрылыс және монтаж мекемелерінің құрамындағы машиналар және механизмдер паркін қолдану мен келешекте оларды дамыту туралы  мәліметтер; қолданыстағы нормативтік құжаттар: құрылыс, арнайы, монтаж жұмыстарын және құрылыстағы еңбекті қорғау шарттары бойынша жұмыстарды қабылдаудағы МЕСТтар, нұсқаулар,  ережелер.

ЖӨЖ келесі негізгі үш технологиялық құжаттан тұрады: сызбалардан (күнтізбелік жоспар), құрылыстың негізгі жоспары және технологиялық карта. Нысанның тағайындалуы мен күрделілік мөлшеріне  байланысты жоба құжаттарының құрамы әртүрлі.

ЖӨЖ көлемін жұмыс сызбаларына, спецификациясына, сметаларына  қарап анықтауға болады. Ресурстарды есептеу өндірістік нормалар бойынша іске асады.

Күрделі өнеркәсіптік нысанға ЖӨЖ жасағанда құрамына кіреді:

  • нысан бойынша өндірістік жұмыстардың кешенді торлы графигі немесе күнтізбек жоспар;
  •  құрылыс конструкцияларын, детальдарын, жартылай фабрикаттарын, материалдарды және жабдықтарды  тасымалдау графигі;
  • негізгі құрылыс машиналары мен жұмыс мамандарының жиынтық графигі;
  • нысанның немесе іске қосылатын кешеннің негізгі жоспары, жер массаларының балансы;
  • күрделі жұмыстарға және көпшілікке тарамаған  жаңа әдістермен, орындалатын жұмыстарға технологиялық карта,  басқа қалған жұмыстарға арналған жұмыс өндірісінің тізбегі мен әдістері, БНжБ сәйкес қажет еңбек пен  машина шығыны   көрсетілген ұйымдастыру схемалары;
  • өте күрделі жұмыстарға немесе жұмыс түріне (жиналмалы конструкцияларды монтаждауға, санитарлы - техникалық жұмыстарға, құралдарды монтаждауға) байланысты технологиялық картаның және өндіріс жұмыстары схемасының орнына ЖӨЖ  жасалу мүмкіндігі;
  • қолданатын жобалар орындары көрсетіліп, нөмірмен белгіленген типтік уақытша ғимараттардың жұмыс сызбалары;
  • жобалық зерттеулерді (жер қазындылары мен қойылатын конструкцияларды уақытша бекіту) қажет ететін  еңбек қауіпсіздігі бойынша  шешімдер;
  • қабылданған шешімдерді және өндірістік жұмыстар әдістерін негіздейтін қысқаша түсіндірмелік жазу, қыс мезгіліндегі өндірістік жұмыстар  шарттары,ресурстар көлемін және технико-экономикалық көрсеткіштер есептулері.

           Дайындық жұмыстарына арналған ЖӨЖ негізінде сол номенклатура бойынша  орындалады, тек оған қарағанда көлемі кішірек.

           Техникалық жағынан қиын емес нысандарға жасалған ЖӨЖ тек күнтізбелік жоспар, құрылыстың негізгі жоспары және қысқаша  түсіндірме жазу болады. Типтік жоспар бойынша салынған барлық нысандарда жергілікті  жағдайларға байланысты орындалған ЖӨЖ болады.

 Дайындық  кезеңіне арналған тұрмыстық - азаматтық құрылыстар

нысандарының  ЖӨЖ, құрамы бойынша өнеркәсіптік құрылыстыкінен айырмашылығы жоқ. Жобалауда көлік құралдарынан  конструкцияны тікелей монтаждауда, қосымша негізгі кезеңге монтажды -  көліктік график құрылады.

...

Скачать:   txt (20.5 Kb)   pdf (222.7 Kb)   docx (112 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club