Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аралық сотта іс жүргізуді құқықтық реттеу

Автор:   •  Май 27, 2018  •  Курсовая работа  •  19,376 Слов (78 Страниц)  •  790 Просмотры

Страница 1 из 78

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3

1  Азаматтық құқықтық дауларды шешудің баламалы әдістерінің   түсінігі мен түрлері............................................................................................11

1.1Азаматтық құқықтық дауларды шешудің баламалы әдістерінің қалыптасуының тарихи алғы шарттары мен дамуы..............................................11

1.2Азаматтық құқықтық дауларды шешудің баламалы әдістерінің түсінігі, түрлері..................................................................................................................22

2         Аралық сотта іс жүргізуді құқықтық реттеу .........................................35

2.1Аралық соттың түсінігі, іс жүргізу мәні.....................................................35

2. 2Аралық соттың құрамы және артықшылықтары....................................50

2.3Аралық сотта азаматтық істерді қарау.....................................................61

Қорытынды................................................................................................72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................76

         

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.  Дипломдық жұмыс ҚР азаматтық құқықтық дауларды шешудің баламалы әдістерін кешенді зерттеуге арналған, яғни азаматтық дауларды мемлекеттік аппараттың қатысуынсыз, өзара тиімді жолмен реттеу тәртібіндегі кездесетін өзекті мәселелерге арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 2016 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа азаматтық процесстік кодекс күшіне еніп, қолданылуда. Жаңа кодекс ескі заңнаманың кемшіліктері мен жетіспеушіліктерін ескеріп қабылданып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын едәуір жақсартты.Азаматтық сот өндірісінің міндеттерін орындау мақсатында көптеген нормалар өзгертіліп, толықтырылды.

Маңызды толықтырулардың бірі азаматтық сот өндірісінің міндеттерінің өзгертілуі болып табылады, жаңа кодекс азаматтық сот өндірісінің жаңа міндеті ретінде тараптардың дауды бітімгершілікпен шешуіне көмек көрсету міндетін енгізді. Бұл мақсатқа жету үшін заң шығарушы дауды шешудің баламалы әдістерін көздеген.

Азаматтық дауларды шешудің баламалы әдістері көп зерттелмеген тың тақырып болғандықтан, сонымен қатар олардың қолданылуына қатысты тәжірибелік бірқатар мәселелер бар болуы таңдап алынған тақырып өзектілігін негіздейді.

АПК нормаларына сәйкес судья тараптар арасындағы дауды бітімгершілікпен шешуіне көмек көрсетуі қажет.Бірақ дауды шешуде судьяның көмегі қандай әрекеттер арқылы көрініс табуы тиіс? Бұл мәселе заңда көзделмеген. Судья сот төрелігін жүзеге асырушы билік өкілі, және де мемлекеттік биліктің ерекше нысанын жүзеге асырушы тұлға. Яғни ол азаматтық істерді қолданыстағы құқықты қолданып мемлекет атынан шешім шығару арқылы шешеді. Дауды шешудің баламалы әдістері соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында қолданылуы тиіс және сот төрелігінің баламасы болып табылады. Осыған байланысты судья тараптарға баламалы әдістерді қолдану жөнінде ұсыныс жасаумен шектелгені дұрыс, бірақ баламалы әдістерді өзі жүзеге асыруы біздің ойымызша дұрыс емес.

Баламалы әдістерді қарастыратын болсақ, бүгінгі таңда оларға медиация, партисипативтік процедура, төрелік соттар жатады. Өз жұмысымда осы дауды шешу жолдарының ерекшеліктерін қарастырдым.

Жалпы баламалы әдістер түсінігіне тоқталатын болсақ, бұл түсінік әлемдік тәжірибеде сот тәртібіне балама болып табылатын мемлекеттің қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіппен дауларды шешу әдістерінің ортақ атауы ретінде қолданылады.Ағылшын тілінде «Alternative Dispute Resolution», аудармасы альтернативные разрешение споров яғни дауларды балама әдіспен шешуді білдіреді. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Австралия елдерінің тәжірибесінде кең қолданысқа ие.

...

Скачать:   txt (276.4 Kb)   pdf (773.2 Kb)   docx (832.9 Kb)  
Продолжить читать еще 77 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club