Азаматтық істі сотта қозғау
Автор: Uganda • Декабрь 13, 2018 • Доклад • 6,384 Слов (26 Страниц) • 3,212 Просмотры
Азаматтық істі сотта қозғау
1. Талап қою тәртібі. Талап қою арызы және оның реквизиттері.
2. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту.
3. Талап қою арызын қайтару.
4. Талап қою арызын қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.
1. Азаматтық істі қозғау – азаматтық процестің алғашқы және дербес сатысы. Талап құзыретті органға (сотқа) қатал белгіленген процестік тәртіппен қарау және шешу үшін қойылады. Судьяның істі қозғау кезіндегі әрекеттерінің қаншалықты дұрыстығына және бірізділігіне байланысты мүдделі тұлғаның сотта қорғалу құқығы жүзеге асырылады.
Азаматтық істі қозғаудың ерекшелігі:
- мұнда судья жеке дара әрекет етеді;
- арызды қабылдау кезінде судья ҚР АПК-нің 150-бабына сәйкес 5 күн мерзімде істі қозғау немесе арызды қабылдаудан бас тарту не қайтару туралы мәселені шешеді. Бұл жөнінде ұйғарым шығарылады.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің барлық түрлерінде істі қозғаудың мазмұны мен мәні бірдей. Талап қою ісін жүргізудің ережелері ортақ болып табылады. Басқа сот ісін жүргізуде ерекшеліктер көзделуі мүмкін. Сот істі жүргізуге мүдделі тұлғаның арызы бойынша кіріседі. Заңда көзделген жағдайларда іс прокурордың, мемлекеттік органның, т.б. тұлғалардың арыздарымен де қозғалуы мүмкін (ҚР АПК-нің 54, 55 баптары).
Талап қою – мүдделі тұлғаның процестік әрекеттерінің жиынтығы. Олардың көмегімен сотқа талап қою арызы беріледі және азаматтық іс бойынша процесс қозғалады. Жазбаша нысандағы талап қою арызын сотқа мүдделі тұлғаның өзі тікелей тапсырады не почта арқылы жібереді. Сонымен бірге арыз электронды құжат нысанында берілуі мүмкін. Арыз беру сотта өзінен өзі азаматтық істің сотта қозғалуына әкелмейді. Судья арызды қабылдау туралы оңды шешім қабылдауы керек. Алдымен сот мүдделі тұлғада талап қою құқығының бар не жоқтығын тексеруге міндетті. Талап қою құқығының алғы шарттарының болмауы – талап қою құқығының жоқ екенін және сотқа осындай талап қоюмен қайтадан жүгінуге болмайтынын көрсетеді. Талап қою арызын қабылдаудан бас тартуға әкеледі.
Егер тұлғада талап қою құқығының бар екені анықталса, судья осы құқықты іске асыру шарттарының, яғни талап қою тәртібінің сақталғанын тексеруі керек.
Талап қою құқығын іске асыру шарттарына мыналар жатады:
1) істің осы соттың қарауына жатуы;
2) талап қоюшының әрекет қабілеттілігі;
3) істі жүргізуге және талап арызға қол қоюға өкілеттіктің болуы;
4) талап арыздың нысанын және реквизиттерін сақтау;
5) мемлекеттік баждың төленуі.
Бұл шарттарды сақтамау – талап қою құқығының бар екенін, бірақ осы сәтте сотта іс қозғала алмайтынын білдіреді. Тұлғада сотқа екінші рет жүгіну мүмкіндігі болады. Талап қою тәртібін сақтамау талап қою арызының қайтарылуына әкеледі.
Талап қою арызы 4 бөліктен тұрады: кіріспе (ҚР АПК-ның 148 баб. 2 бөл. 1-3 т/ш), сипаттау (ҚР АПК-ның 148 баб. 2 бөл. 4 т/ш), дәлелдеу (ҚР АПК-ның 148 баб. 2 бөл. 5, 6, 7 т/ш, 3 бөл.), қорытынды бөліктері (ҚР АПК-ның 148 баб. 2 бөл. 8 т/ш, 4, 5 бөл., 149 бабы). Талап қою арызының қорытынды бөлігі «өтінемін» сөзінен басталады, қысқа, әрі анық болуы тиіс, онда мүдделі тұлғаның өтініші болады.
ҚР АПК-ның 148 бабының 2 бөлігіне сәйкес, арызда:
1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
...