Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты
Автор: nurball • Февраль 21, 2019 • Реферат • 6,287 Слов (26 Страниц) • 1,194 Просмотры
КІРІСПЕ
Мен алып отырған тақырып әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге,заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған.Сол мәселелер ғылыми түрғыдан зерттеліп,тұжырымдалып,ғылымның пәніне –предметіне айналды.Жалпы мен өз тақырыбымның кіріспесіне мемлекет пен құқықтың пайда болуы қоғамға қаншалықты маңызды тақырып екенін айта кеткім келеді.Тақырып тікелей мемлекет пен құқыққа қатысты болғандықтан оларға анықтама беруді жөн көрдім.
Мемлекет және құқық теориясы-қоғамдағы саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп,қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасты реттеу,басқару әдіс-тәсілдерін ,обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.
Теория-мемлекет пен құқықтың өмірге келу,даму заңдылықтарын,мақсатын,мазмұнын ,құрылысын,нысанын,қағидаларын,белгі-нышандарын,функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды,қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын,маңызын,азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын,адамдардың сана-сезімін,оның қоғамдағы маңызын,мемлекеттің болашағы,құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп,қорытынды тұжырымдар жасап отырады.Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды.Олар обьективтік түрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым.Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады.
Мемлекет-қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шүғылданады,құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Міне,осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын,мақсатын,қызметіеің әдіс-тәсілдерін,функцияларын жан-жақты зерттеуге,жаңартуға,дамытуға мүмкіншіліктер береді.Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде,қазрігі кезең,болашақта мемлекет пен құқықтың басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын,әдіс-тәсілдерін зерттейді.Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мелекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде қорытынды жасап отырды.Адам өмірінде заң мен құқық маңызды орын алғаннан кейін,бұл тақырыпты таңдап,зерттедім.Көп мәліметтер мен танысып,анықтау жүргіздім.Уақытымды құнды мәліметтерге жұмсап,жұмысымды сапалы түрде жасадым.Енді осы тақырып бойынша біраз шолу жасайық.
1.МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ.
1.1.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары.Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып,сол мемлекеттің билігіне,құқықтық тәртібіне бағынып,өзінің іс-әрекетін,мінезін,тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауғажұмсап келді.Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды,қалай дамып келеді?-деген мәселелерді қарастырып,ғылыми зерттеу жасап келеді.Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.Теологиялық теория-мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,дамып келеді деп түсіндіреді,бұл теория дұрыс не бұрыс деуге болмайды.Мәселені дінмен ьірге зерттеу керек.Себебі бұл теория адамдардың сенімі,иманы ретінде қалыптасқан ұғым,көне заманнан дамып,нығайып келеді.Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский,Жак Маритен. Патриархалдық теория-мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсінеді.Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы-әке,мемлекет басшысы-монарх.Бұл теорияның зерттеушісі және өкілі Аристотель. Органикалық теория-бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған.Бірақ теория толық түрде X|X ғасырда қалыптасты.Өкілдері:Блюнчли,Г.Спенсер,Вормс,Прейс.[1.15]
...