Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жануар тектес улы заттар

Автор:   •  Апрель 22, 2023  •  Реферат  •  902 Слов (4 Страниц)  •  188 Просмотры

Страница 1 из 4

        Жануар тектес улы заттар

        Табиғатта ауыл шаруашылығы жануарларын уландыратын тірі жәндіктер жеткілікті. Олардың ішінде токсикологиялық маңызы ерекше жәндіктер тобына:

  1. Рептилий класы – жыландар;
  2. Амфибиялар – саламандра бақалар;
  3. Балықтар – алабұға(окунь), мурена, таутан(ерш);
  4. Моллюскалар – осминог;
  5. Жәндіктер – ара, маса, шіркей;
  6. Буын аяқтылар – қарақұрт, шаяндар, тарантул;
  7. Қоңыздар – колорид қоңызы, алагүлік(шпинка) т.б.

  1. Жануарлардың бал ара уынан улануы

Ағзаға ара уы өте ауыр әсер етеді. Бұл уға жылқылар сезімтал келеді. Қой – ешкілер өліп кетуі мүмкін. Бал ара уына аю, кірпінің сезімталдығы  төмен.

Ағзаларда(аратоксин) – түссіз. мөлдір, сұйық, бал иісті, ащы-қышқыл дәмді. Химиялық құрамы өте күрделі.

Патогенезі. Бал ара уының әсеріне жануар организмінде кері реакция қалыптасады. Орталық жүйке, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы қанның түзілуі бұзылады.

Бал ара уымен улану аллергиялық белгілер түрінде білінеді.

Ацетилохолин және гистамин әсерінен қан тамырының капилярлары кеңейіп, артериялық қысым төмендейді. Ара уы әсерінен бауырдағы тромбокиназа ферменті блокадаланып, қан қоюланып, ұйып қалады.

Клиникалық белгілері. Терінің шаққан жерінде ісінулер пайда болады. Жануарлар жалпы қозады, тыныс алуы баяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалады. Ауыз және мұрын қуыстарынан көпіршікті сұйық ағады. Орталық жүйке жүйесіне нейротоксикалық әсер етіп, тырысулар байқалады. Температура жоғарылайды.

Балау. Анамнез, клиникалық көрсеткіштері, зертахана қорытындысы.

Емі. Жануарлардың зақымданған жерлеріндегі тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40% - ды глюкоза ерітіндісін егеді. Тырысып – бүрісу кезінде тыныштандырғыш, сұйықтатқыш дәрілер береді.

Жылқыға: 7% хлоралгидрат, венаға 200-300мл.

КРС 50-75мл;

МРС. барбитур, кофеин, ішке камфора майын қолданады.

Димедрол – антигистаминдік препарат қолданады.

  1. Жануарлардың жылан уымен улануы

        Бұларды офидиотоксиндер деп атайды. Ол антитоксикалық сарысу және әртүрлі дәрі-дәрмек (випраксин, новокоин, лебетокс) алу үшін қолданылады.

        ТМД елдерінде жыланның 58 түрі кездеседі, оның ішінде 11 улы.

        Улы жылан(кобра) құрамында кездесетін улы заттар. Нейротоксин және геморрагинді біріктіріп, жалпы кобратоксин деп аталады. Түсі сәл сарғыштау сұйық, иіссіз.

        Патогенезі. Нейротоксикалық, геморрагиялық және тамыр кеңейтіп әсер етіп, артериялық қысымды төмендетеді. У қанға түскеннен кейін, қан тамырларында фибрин талшықтары көбейіп, қан ұйығыш келеді.Түзілген фосфолифаза ферменті торша митохондриясын бұзып, нәтижесінде аденазин үш фосфатаза ферментінің әсері төмендеп, торшалардың тыныс алуы нашарлайды.

        Улану белгілері. Тістеген жердердегі капилярлар түйілуі, домбығу, артериялық қысым төмендеп, қозу, тырысып-бүрісу пайда болады.Тыныс алуы салданып, өлімге ұшырайды.

        Патологиялық өзгеріс. Өкпе сіресіп қалады. Бауыр, бүйрек басқа ішкі мүшелерде некроз пайда болады. Жүрегі пысқан ет сияқты жұмсап кетеді. Ас қорыту жүйесінің қабынуы байқалмайды. Сілекей мен ұйқы безінің сөлі уды залалсыздандыра алады.

        Емі.Венаға 20-40% глюкоза  1мл\кг егеміз. Тістелген жараны 0,1%-ды калий перманганат, 2%-ды хлорлы әк ерітіндісі және 10%-ды сутек асқын тотығымен залалсыздандырады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (82.2 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club