Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тікелей емес әсер ететін адренергиялық заттар

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Реферат  •  704 Слов (3 Страниц)  •  1,333 Просмотры

Страница 1 из 3

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

             

        

СӨЖ

Тақырыбы:   Тікелей емес әсер ететін адренергиялық заттар

 

                                                         

                                  Орындаған: Есенбек Жансая

                                                                  Топ: ЖМ16-013-1

                                               Қабылдаған: Парманкулова Ташкул

                                                        Алматы, 2018

     

Жоспары:

  • Адренергиялық заттар
  • Тікелей емес әсер ететін адренергиялық заттар
  • Эфедрин

Қорытынды

  • Адренергиялық заттар – бұл адренергиялық синапстың қызметіне әсер ететін заттар
  • Адренергиялық синапс бойынша импульcтің берілуі норадреналин медиаторы арқылы жүзеге асады

Тікелей емес әсер ететін адренергиялық заттар

Эфедрин

Эфедрин – эфедраның әр түрлерінде кездесетін алкалоид. Химиялық құрылымы жағынан адреналинге жақын, алайда оған қарағанда ароматтық сақинасының құрамында гидроскилдер тобы жоқ.

Әсер механизмі

Эфедрин норадреналин медиаторының   симпатикалық нерв талшықтарының варикоздық кеңеюлерінен босап шығуына септеседі. Сонымен қатар адренорецепторларды ынталандырады бірақ бұл әсері аз мөлщерде болғандықтан, ол адреномиметиктердің тікелей емес тобына жатады.

Фармакологиялық әсері

  • Жүрек жиырылу күші мен жиілігін арттырады. Қан тамырларды тарылтады. Артериялық қысымды көтереді. Бронхтарды кеңейтеді. Ішек перистальтикасын төмендетеді. Көз қарашығын кеңейтеді. Қандағы глюкоза мөлшерін жоғарылатады. Қаңқа бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады.
  • ОЖЖ-не ынталандырғыш әсер етеді: тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтардың белсенділігін жоғарылатады. Аздап психостимуляторлық әсері де бар: шаршағанды басады, жұмысқа қабілеттілікті көтереді.

Негізгі фармакологиялық әсерлері адреналинге ұқсас.

Ерекшелігі:

  • Әсері ұзақ, себебі құрамында гидроксил тобы жоқ.
  • Белсенділігі төмен
  • ОЖЖ жақсы өтеді, айқын қоздырғыш әсер көрсетеді.

Қолданылуы

  • Бронхиалды демікпе
  • Тамырлық коллапс
  • Ринит - жергілікті
  • Ұйықтатқыштармен және наркотикалық заттармен улану
  • Нарколепсия
  • Артериялық қысымды жоғарылату мақсатында
  • Аллергиялық реакциялар кезінде пайдасы бар. Мысалы, безгек, сарысулық аурулар кезінде.
  • Атриовентрикулярлық блок кезінде қолданылады.
  • ОЖЖ ынталандырғыш әсеріне байланысты нарколепсияда пайдаланылады.
  • Тері астына, бұлшықетке енгізеді. Ішке тамақтанудан бұрын тағайындалады. Эфедрин асқазан-ішек жолынан жылдам әрі толығымен қанға сіңіріледі. МАО мүлдем қорытылмайды, оның әсеріне тұрақты. Бүйрек арқылы шығарылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданған жөн, себебі бірқатар жанама әсерлері бар.

Жанама әсерлері

  • Қозу
  • Ұйқысыздық
  • Тремор
  • Тахифилаксия
  • Қанайналу бұзылыстары
  • Тәбеттің жоғалуы

Қорытынды

Адренергиялық (симпатикалық) жүйке жүйесіне әсер ететін заттар медициналық практикада кең қолданылады. Соның ішінде адренергиялық синапстарға ынталандырғыш әсер ететін заттар (адреномиметиктер) практикалық маңызды көптеген әсерлер шақырады, атап айтқанда, қан тамырларын тарылту, артериялық қысымды жоғарылату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату, бронхтарды кеңейту және т.б.  Топ препараттары медицинаның барлық  салаларында кең қолданылады: кардиология – жүрек тоқтап қалғанда, әртүрлі себепті артериялық қысымның төмендеуі  (коллапс, шок), пульмонология - бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында (демікпе  ұстамасын тоқтату үшін және алдын алу үшін), акушерлік практикада – түсік түсудің алдын алу үшін,  стоматологияда – жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін және т.б.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (182.7 Kb)   docx (760.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club