Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Тағам биотехнологиясы»

Автор:   •  Март 5, 2019  •  Отчет по практике  •  5,517 Слов (23 Страниц)  •  1,325 Просмотры

Страница 1 из 23

КІРІСПЕ

        Мен, Әбен Қайсар Асқарұлы, Алматы технологиялық университеті,  Тағам өндірісі факультеті, Тағамдық биотехнология кафедрасының 5В070100-«Биотехнология» мамандығының БТ-15-14 тобының студенті 2019 жылдың 21 қаңтарынан 8 наурызға дейін Алматы технологиялық университетінің Тағамдық биотехнология кафедрасында диплом алды тәжірибеден өттім.

        Тәжірибенің мақсаты түйінді құзіреттілігін бекіту, оқыту мамандығы бойынша тәжірибелік дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.

        Тәжірибенің негізгі мақсаттары:

  • мамандық бойынша кәсіби қызметтің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін зерттеу;
  • теориялық білімді шоғырландыру және осы негізде кәсіби дағдыларды және құзіреттерді қалыптастыру;
  • инновациялық технологияларды меңгеру, еәбек және өндірістің озық әдістері;
  • ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибені алу;
  • командалық жұмыс дағдыларын игеру, корпоративтік басқару принциптерінің құзіреттілігі;
  • өз іс-әрекеттерін дербес жоспарлау дағдыларын игеру, әріптестермен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Диплом алды тәжірибенің мақсаты: Өсімдік биотехнологиясы әдістерімен, соның соның ішінде өсімдіктерді микроклональды көбейту әдістерімен танысу. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістерін меңгеру;
  • Өсімдік клеткаларын өсіруге арналған қоректік орталарды дайындау тәсілін үйрену;
  • Өсімдік клеткаларын микроклональды көбейту: каллус алу және өсіру әдістерімен танысу.

        1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

        1.1 «Тағамдық биотехнология» кафедрасы туралы мағлұмат

«Тағам биотехнологиясы» кафедрасы  1995 жылы құрылған. Құрылған құннен бастап кафедраға Қазақстанның көрнекті ғалымы, химия ғылымдарының докторы, профессор Ержанов Қазбек Бекмағанбетұлы  және ғалымдарға арналған ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері, ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері,  биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ауылшаруашылығы ғылымдары Академиясының корреспонденті Хожамуратова Светлана Шарафедденқызы жетекшілік жасаған. «Тағам биотехнологиясы» кафедрасы «биотехнология» мамандығы бойынша бакалавр, магистр, Phd докторанттарды дайындайды.

Жоғары мамандандырылған кафедра қызметкерлері қауымының ішінде профессорлар және ғылым кандидаттары  жұмыс істейді. Олар жас мамандарға тәлімгерлік жасауда белсенділік көрсетеді. Кафедрада белгілі қазақстандық өндіріс орындарының мамандары дәріс оқиды.

Тағам өнеркәсібі биотехнология және биопрепараттарды  қолдануда дәстүрлі сала болып табылады. Биотехнология – бұл ғылымның қазіргі таңдағы жаңа бағыты. Бакалаврлардың ғылыми - зерттеу жүмыстарының белсенділігі олардың түрлі ғылыми халықаралық конференцияларға қатысуымен дәлелденеді. Студенттердің үздік жұмыстары ғылыми басылымдарда жарық көреді.

Бакалаврлардың кәсіптік тәжірибесін арттыру  мақсатында  кафедра ғылыми зерттеу ҚР БҒМ институттарымен (Микробиология және Вирусология, Химия, Молекулярлық биология және бихимия), сонымен қатар «Саржайлау», «Даулет-Бекет», «Бахус», «Есік сыра зауыты», «Дионис», «Ралко», №1 сыразауыты, «Дербес», «Эфес», «Ак-нар», «Gold product», Алматы ашытқы зауыты, Алматы маргарин зауыты, «Фуд мастер» және т.б. тағам өнеркәсібінің жетекші кәсіп орындарымен тығыз байланыста. Кафедраның түлектері республиканың көптеген тағам өнеркәсібіндегі  орындарында жұмыс істейді.

«Тағам биотехнологиясы» кафедрасы биотехнология саласы бойынша мамандар дайындайды. Кафедра зертханасы қажетті құрал-жабдықтармен, оқулықтармен қамтылған. Сонымен қатар, бакалаврлар мен магистранттарға  зертханада  ғылыми жұмыстарды жүргізуге жағдай жасалған.

Оқу жоспарына сәйкес, бакалаврлар бірінші курстан бастап, төрт түрге бөлінетін мынадай тәжірибелерден өтеді: танысу (өнеркәсіп, өндіріс т.б.), педагогикалық, өндірістік, диплом алдындағы тәжірибе. Университет  тәжірибені өткізуге байланысты барлық өндіріс орындарымен келісім шарт жасайды. Мұндай тағам өндірісі орындарына «Аксай-нан», ТОО «ALBA Foods Company», ТОО «Берекет Ф», ТОО «RG Brands Kazakhstan», ТОО «GSK Lactis Ltd», ТОО «Galanz Bottlers», ТОО «Алматы Нан», ТОО «Сырат», және т.б. жатады, сонымен қатар, келісім шарт ҚР БҒМ академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен: Микробиология және Вирусология, М.А. Айтхожин атындағы  Молекулярлық биология жәнен биохимия, Химия, Адам және Жануарлар физиологиясы, Биология және Өсімдіктер биотехнологиясы, ҚР Тағам Академиясымен жасалған.

...

Скачать:   txt (69.3 Kb)   pdf (867 Kb)   docx (592.7 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club