Микробтық жасушаларды иммобилизациялау әдістері
Автор: mariam98 • Май 22, 2018 • Курсовая работа • 6,320 Слов (26 Страниц) • 1,146 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факултеті
Биотехнология және микробиология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Микробтық жасушаларды иммобилизациялау әдістері
Орындаған: Орашова М.Қ
Тобы: Бт-35
Мамандығы: Биотехнология
Пән аты: Иммобилизденген жасушалар мен ферменттер
Жетекшісі: Аубакирова К.М
Астана қаласы, 2017 жыл
МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
- Әдебиетке шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
- Микроорганизмдер клеткаларын иммобилиздеу әдістері . . . . . . . . . . 6
- Клеткаларды иммобилиздеуге қолданатын тасымалдаушылар . . . . . 15
- . Иммобилзденген микроб клеткаларының ерекшеліктері . . . .. . . . . . 20
- .Микроорганизмдердің иммобилизденген клеткаларын пайдалану 21 ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
- К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі: Иммобилизацияланған микроорганизм жасушасының практикалық маңыздылығы. Экологиялық проблемаларды шешуде қазіргі микробиология және биотехнология жетістіктерәнәң маңызы зор. Экологиялық проблемалардың бірі – ластанған суларды тазалау. Ластанған суды тазалау дүниежүзілік проблемалардың бірі болып отыр. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, табиғатта болып жатқан процестерге де микроорганизмдер қатысады. Осыған байланысты біз ластанған су қоймаларын тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларын пайдаланудың тиімді жолын және маңызын қарастырамыз. Бұл микробиологиялық жолмен тазалау әдісіне жатады.
Микроорганизмдер де су қоймалардың табиғи тазалануына қатысады. Микроорганизмдертабиғатта кең таралған. Микроорганизмдер әрекеті нәтижесінде су қүрамындағы белгілі бір мөлшерден көбейген заттарды тазалауға болады екекн. Микроорганизмдер өздерінің тіршілігі барысында су құрамындағы заттармен қоректенеді. Ластанған су құрамын тазалайтын болғандықтан кқптеген жағдайларды қарастырады. Ластанған су құрамында органикалық және неорганикалық заттардың шектен тыс көп молшерде жиналуы судың табиғи қасиетін өзгертеді. Су құрамы мүнай, ауыр металдар, ауыр металл иондары, тау кен өндірістерінің қалдық суларымен және химиялық заттармен ластанады. Осындай заттармен ластанған суды тазалау үшін осы заттарға тәуелді микроорганизм клеткаларын иммобилиздеп пайдаланудың тиімділігі жоғары. Иммобилиздеуде әр түрлі дәрежедегі микроорганизм клеткаларын пайдалануға болады. Тірі активті клеткаларды немесе жартылай жарақаттанған клеткаларды иммобилиздеу үшін пайдалануға болады. Себебі иммобилизденген клеткалардың тіршілік ету барысында төзімдірек болатыны анықталған. Клеткаларды иммобилиздеудің бірқатар артықшылықтары бар:
...