Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пациенттің медициналық қызметке қанағаттануын бағалау әдістері

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Реферат  •  2,326 Слов (10 Страниц)  •  3,316 Просмотры

Страница 1 из 10

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

[pic 1]

        

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Коммуникативті дағдылар курсы

Дисциплина: Пациентке бағытталған оқыту

Тақырыбы: Пациенттің медициналық қызметке қанағаттануын  бағалау әдістері

Курс: 1

Орындау түрі: мәнжазба

                                                              Орындаған: Ерсұлтан Г.Е

                                                             Тобы: 104 «Б»

                                                               Тексерген:Книсарина М.М                                                             

                       

                                                             Ақтөбе 2017 ж

        

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1) Науқаспен тиімді интервью жүргізу

2) Медициналық этиканың негізгі және жеке қағидалары

3) Науқастармен тиісті қарым –қатынас жасаудың жалпы принциптері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

                   Кіріспе

    Науқастардың тілектерін жалпы тәжірибеде Еуропалық нысаналы топ анықтаған болатын. Неғұрлым жоғары бағаланған сипаттамалар:

  • Адамгершілік;
  • Біліктілік;
  • Шешім қабылдауға науқастарды қатыстыру;
  • Күтім және емдеу шаралары үшін уақыт бөлу;

Науқастар өздерін мұқият тындайтын және асықтырмайтын; емдеу шарасына қатысты мәліметтерді хабардар етіп отыратын және оған қатысуға мүмкіндік беретін дәрігерді іздейді. Науқастардың қанағаттануы әсіресе науқасқа бағытталған кеңес беру бағытында арта түседі. Науқастар өз дәрігеріне сенімді болғысы келеді. Зерттеулер көрсеткендей, науқастың өз дәрігеріне деген сенімі, мынадай жағдайлардан соң төмендейтіні анықталған:

  • «Не шығатынын қарап көремін»;
  • «Мен білмеймін»;
  • «Медбикемен ақылдасып көруім керек»;
  • «Бұл «осылай шығар» деп ойлаймын»;
  • «Мен бұл нәрсеге сенімді емеспін»;
  • «Бұл жөнінде көбірек білу үшін маған уақыт керек»;
  • «Жай –күйіңізді білу үшін кітаптарды қарап шығуым керек»;

     Жақсы коммуникативтік дағдылары бар дәрігер өз жұмысынан ләззат алып қанағаттанады, қиналмай жұмыс істеп, науқастың қиындықтарын неғұрлым дәл анықтайды, оның пациенттері де оған тез, әрі жеңіл бейімделіп, оның көмегіне қанағаттана алады.

                             [pic 2]

                                     

              Негізгі бөлім

I. Науқаспен тиімді интервью жүргізу

1. Сіздің айтқандарыңызды науқастың естіп, тыңдап отырғанына көз жеткізіңіз.

Ақыл –ойы кем, ақылсыз болып көрінетін науқастар дұрыс ести алмағандықтан (нашар еститіндіктен) немесе дисфазия жағдайынан , осылай болып көрінуі мүмкін. Қалай болғанда да тез, жылдам сөйлемеңіз, біршама тоқтап, ақырыңдап, пауза салып отырыңыз.

2. Науқаспен сәлемдесу.

Жағдайға орай түрліше амандасуға болады:

  • Сізге жақсы таныс науқастармен, атын айтып амандасқаныңыз жөн;
  • Бұрын –соңды таныс емес науқаспен ресми түрде амандасқаныңыз жөн;
  • Жас науқастармен немесе балалармен аттарын айтып амандасқаныңыз абзал;
  • 14 жастан асқан бейтаныс науқастармен ресми түрде сөйлесіп, фамилиясын айтқаныңыз жақсы.

Ең алғашқы дұрыс қадам, жағдайға байланысты болады. «Сіз үшін мен не істей аламын?» деген сұрақ сіздің жақсы ниетіңіз бен ілтипатыңызды танытады.

Интервьюдің бірнеше минуттарында сіз мына нәрселерді бағалай алуыңыз қажет:

  • Науқас қарым- қатынас жасауға дайын ба?
  • Оның алғашқы шағымдары қандай?
  • Жасырын жатқан қиындықтары бар ма?
  • Әлі қандай сұрақтарға жауап алуыңыз қажет?
  • Оны қашан және қалай білуіңіз қажет?

Егер науқас сөзге құмар, ауруының симптомдарына тым ұзақ тоқталып отырса, сіз:

     «Өз шағымдарыңызды қағазға жазып берсеңіз дұрыс болар еді» деп айтуыңызға болады.

     Кейде неғұрлым ұзаққа созылатын кездесуге келісіп алғанға дейін, әңгімеңізді кейінге қалдырған жөн.

...

Скачать:   txt (28.1 Kb)   pdf (324.7 Kb)   docx (523.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club