Мендель заңы
Автор: hbkugtkv • Декабрь 17, 2018 • Реферат • 2,211 Слов (9 Страниц) • 1,445 Просмотры
Табиғи жағдайда бір ғана белгісінде айырмашылығы бар белгілерімен қатар екі, үш немесе полигибридті будандастырулар деп атайды. Мұндай будандастырулардың нәтижесінде алынған будандар дигетерезигота, тригетерезигота немесе полигетерезиготалар деп аталады. Осындай екі, үш немесе бірнеше жұп гендердің бірге тұқым қуалауын зерттеу барысында Григор Мендель тағы да бір тәжірибелік маңызы зор генетикалық заңдылықты - тәуелсіз тұқым қуалау заңы немесе тәуелсіз комбинациялану заңын ашты.
Екі жұп гендердің бірге тұқым қуалауын зерттейтін дигибридті будандастыруға мысал ретінде бұршақ белгілерінің тұқым қуалауын зерттеуге алған Мендельдің классикалық тәжірибелерінің біреуін қарастырайық. Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары (ААВВ) өсімдікті сырты бұдыр жасыл тұқымды (аавв) өсімдікпен будандастырды. Тәжірибеден алынған бірінші ұрпақтың барлығының тұқымдарының түсі сары сырты тегіс (АаВв) болып шықты.
Р ААВВ х аавв
[pic 1][pic 2]
г АВ ав
[pic 3][pic 4]
Ғ1 АаВв
Бұл жерде тұқымның пішінінің тегістігін анықтайтын ген (В әрпімен белгіленген) оның бұдырлығын анықтайтын генге (в әрпімен белгіленген) басымдылық жасайтыны айқын көрініп тұр.
Р АаВв х АаВв
[pic 5][pic 6]
г АВ,Ав,аВ,ав АВ,Ав,аВ,ав
9А_В_:3А_вв:3ааВ_:1аавв
Ғ2 АВ Ав аВ ав
АВ ААВВ ААВв АаВВ АаВв
Ав ААВв Аавв АаВв Аавв
аВ АаВВ АаВв ааВВ ааВв
ав АаВв Аавв ааВв аавв
Ал тұқымның сары түсін анықтайтын геннің (а әрпімен белгіленген) өзінің рецессивті аллелі тұқымның жасыл тұсін анықтайтын генге (а әрпімен белгіленген) басымдылық жасайды. Төрт типті аталық және аналық гаметалардың кездейсоқ кезігуі екінші ұрпақта тоғыз түрлі генетикалық кластарды береді. ( 1- сурет).
Будан тұқымдардан өсіп шыққан өсімдіктер өздігінен тозаңданып, нәтижесінде екінші ұрпақ тұқымдардың төрт фенотиптік кластасын берді: олардың ішінде тегіс сарылары - 315, бұдыр сарылары - 101, тегіс жасылдары - 108, бұдыр жасылдары - 32, барлығы 556 дән алынды. Төрт класс бойынша белгілердің арақатынасы 9,06:2,91:3,11:0,92 болып шықты, яғни екі жұп гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы бойынша теория жүзінде болады деп күтілген 9:3:3:1 қатынасына өте жақын болып шықты. Екінші ұрпақта алынған екі жұп белгілерді жеке-жеке қарастырсақ, онда 423 тегі: 153 бұдыр, 416 сары: 140 жасыл, яғни әржұп белгілер моногибридті будандастырудағыдай 3:1 қатынасындай болып ажырайтындығын байқаймыз, яғни екі жұп белгі бір-біріне тәуелсіз ажырайды, яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды деген сөз.
Екі жұп белгіні бірге қарастырғанда екінші ұрпақтағы ажырауды анықтау үшін Пеннет торын жасаймыз. Ол тор ұрықтану кезінде аталық және аналық гаметалардың бір-бірімен үйлесу мүмкіндіктерін, екінші ұрпақ дарабастарының генотиптері мен фенотиптік ажырауларын және олардың кездесу жиіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
[pic 7]
1-сурет. Дигибридті будандастыру сызбанұсқасы.
Дигибридтік будандастыруды бір-біріне тәуелсіз екі моногибридті будандастыру деп қарастыруға болады. Әрбір моногибридтік будандастыруда доминантты белгілері бар дарабастардың пайда болу мүмкіндігі 3/4 бөлігіне, рецессивті белгілері бар дарабастардың пайда болу мүмкіндігі 1/4 бөлігіне тең болса, онда екі белгінің бір мезгілде пайда болу ықтималдығы төмендегі көбейтінділерге тең болады:
...