Орталық жүйке жүйесінің зерттеу әдістері
Автор: Kuanysh016 • Сентябрь 19, 2019 • Реферат • 2,320 Слов (10 Страниц) • 2,457 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырып : Орталық жүйке жүйесінің зерттеу әдістері.
Орындаған: Шәмшібек Б, Бижигитов Е.
Тексерген : Шандаулов А.Х
Астана 2019ж
Жоспар:
Кіріспе
1.Орталық жүйке жүйесі физиологиясы
Негізгі бөлім
1. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
2. Стереотаксикалық техника
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады
Негізгі бөлім.
Стереотаксикалық техника
Электрофизиологиялык зерттеулер кезінде бас миының терең
орналасқан құрылымдарына тіркенгіш және тітіркендіргіш электродтарлы енгізу үшін стереотаксикалық әдіс қолданылады. Бұл әдісті қолдану қағидасы мынада: электродтарды ми кұрылымдарына (ядроларына және өткізгіш жолдарына) орналастыру үш бағытта жүреді,тәжірибелерде жануардың бас сүйегіне немесе адамның басына нейрохирургиялық операциялар жасау кезінде бағдарлап анықталады. Көздеген құрылымға нақты түсу үшін екі бөліктен тұратын стереотаксикалық құралдар қолданылады: бас ұстағыш - зерттелушінің басын белгілі бір бағытта ұстап тұруға көмектеседі, және электродтарды ұстағыштар - электродтарды қажетті арақашықтықта тік бұрышты немесе полярлы жүйе координаттары бойымен жылжытып отыруға көмектеседі.
...