Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ж.Б. Ламарктің тұңғыш эволюциялық теориясы (градациясы)

Автор:   •  Октябрь 14, 2018  •  Реферат  •  955 Слов (4 Страниц)  •  1,632 Просмотры

Страница 1 из 4

Ж.Б. Ламарктің тұңғыш  эволюциялық теориясы (градациясы)

Тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың  басым болуына қарамастан биологтар  осы түсініктерге қарама-қарсы фактілерге  негізделген материалды жинақтауды жалғастырды.  XVII - ғасырда микроскоптың  ашылуы және оны биологиялық зерттеулерде қолдану  ғалымдардың осы ғылым туралы көзқарастарын  одан  әрі кеңейтті. Эмбриология сияқты ғылым  саласы қалыптасты, палеонтология пайда болды.  Бірінші эволюциялық теорияны  жасаған ғалым көрнекті француз  табиғат зерттеушісі - Жан-Батист Ламарк болды. Ламарк өз еңбектерімен  биологияның  дамуына  үлкен үлес қосты. “Биология” терминінің өзін ғылымға Ламарк енгізген еді. Жануарлардың  систематикасымен  айналысып, Ламарк  бір түрге  жатпайтын  жануарлар  құрылысындағы  маңызды  белгілердің  ұқсастығына назар аударды.   Ұқсастықтың негізінде   ол омыртқасыздарды   Линнейдегі   екі кластың  (насекомдар мен құрттар)  орнына  он класқа бөлді.  Олардың ішінде  “шаян тәрізділер”, “Өрмекші  тәрізділер”, “насекомдар” сияқты  топтар  біздің  уақытқа  дейін  сақталды, ал басқа топтар  - “былқылдақ денелілер ”, “ буылтық құрттар”- типтер қатарына жатқызылды. Ламарк  систематикасының  белгілі кемшілігі сол уақыттағы  ғылымның  даму дәрежесімен  түсіндіріледі. Бірақ,  ондағы маңызды мәселе - организмдерді топтастырудағы  жасанды сипаттама  болдырмау талпынысы еді. Ламарктің идеясы  эволюциялық идеяға келеді. Оның үлкен жетістіктерінің бірі эволюциялық  идеясы  егжей-тегжейлі  ойластырылып жасалғандығында  және көптеген фактілермен бекітілгендігінде. Сондықтан оның идеясы  теорияға айналды. Оның негізін біртіндеп  және баяу, қарапайымнан күрделіге қарай даму және сыртқы  ортаның организмдердің  өзгеруіндегі  ролі туралы  түсінік құрастырды. Өзінің 1809 жылы жарық көрген  “ Зоология философиясы ”  деп аталатын негізгі еңбегінде  Ламарк түрлердің өзгеретіндігіне көптеген дәлелдер келтіреді. Ламарк жер бетіндегі гидрогеологиялық  режимнің  және климаттық  жағдайлардың  біртіндеп өзгеруінің  жаңа түрлерін  пайда болуында  маңызды роль атқаратындығын  айтады. Осылайша, Ламарк  биологиялық құбылыстардың  анализіне жаңа  екі факторды  қосады, уақыт факторы және  сыртқы орта жағдайы.  Ламарктің өте үлкен еңбегі  оның органикалық  дүние эволюциясының  бірінші теориясын  жасағандығы,  биологиялық құбылыстарды  түсіну шарты ретінде  тарихи принципті  енгізгені  және түрлердің  өзгеруінің  басты себебі  ретінде  сыртқы орта жағдайын  ұсынуы болды.  Ламарк теориясы біртұтас  организмге және  оның әр бөлігіне  тән тұқым қуалаушылыққа  негізделген. Тұқым қуалаушылық - организмнің  біртұтас құрылым ретіндегі  қасиеті туралы  идея Т. Д. Лысенко  жұмыстарында қайта жандандырылды. Бірақ тұқым қуалаушылық  затының - ДНҚ мен генетикалық кодтың  ашылуы  бұл даудың  себебін алып тастады. Осылайша, Ламаркизм және неоламаркизм өзінен-өзі  жойылды.  Сонымен, түрлердің өзгермейтіндігі туралы  көзқарастардың өзгермегендігіне  қарамастан, олардың жақтаушыларына биологтармен  ашылып отырған  жаңа фактілерді  түсіндіру  қиындай  түсті. ХІХ-ғасырдың  бірінші ширегінде  салыстырмалы  анатомияда  және палеонтологияда  үлкен жетістіктерге  қол жеткізілді. Бұл салалардың дамуында  француз ғалымы Ж.Кювье  үлкен үлес қосты.   Омыртқалы жануарлар мүшелерінің  құрылысын зерттей отырып, ол жануарлардың барлық мүшелері  біртұтас  жүйенің бөлшектері болып табылатындығын анықтады. Дененің бірде-бір бөлігі  басқа бөліктердің  өзгеруінсіз өзгере алмайды, яғни дененің  әр бөлігі  бүкіл  организм  құрылысының сәйкестік  принциптерін көрсетеді. Мысалы, жануарларда тұяқ болса, оның денесінің құрылысының ұйымдастырылуы  оның шөп қоректі  тіршілік түрін көрсетеді; тістері өсімдік текті қатқыл  қоректі ұнтақтауға  бейімделген, жақ сүйектерінің белгілі бір формасы  болады, қарыны көп камералы, ішегі өте ұзын   және т.б.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (86.1 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club