Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ДНҚ-ның фотохимиялық түрленулері

Автор:   •  Сентябрь 12, 2023  •  Реферат  •  1,597 Слов (7 Страниц)  •  283 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1] 

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 11 БОӨЖ

    Реферат       «ДНҚ-ның фотохимиялық түрленулері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Садуақас Бердаулет

Курс:1 курс

Мамандығы: Стом.

Тобы: 104 Б

Қабылдаған: Уразакынов Д. 

 

 

 

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  • Фотохимиялық реакциялары
  • Фотореактивация
  • Фотохимиялық реакцияларды медицинада қолдануы
  • Люминесценция түрлері III.Қорытынды

         


Фотохимиялық реакциялар

 Нуклеин қышқылдарының фотохимиялық реакциялары- нуклеин қышқылдарының және ең алдымен ДНҚ-ның әртүрлі зақымдалуына әкелетін фотохимиялық реакциялар түрлерінің жиынтығы. Бұл тиминнің, урацилдің, цитозиннің, аралас димерлердің фотодимерлерінің түзілуі; цитозин мен урацилдің гидратациясы; ДНҚ — ның молекулаішілік және молекулааралық айқаспалары; ДНҚ — ақуыздың айқаспалары; нуклеин қышқылдарының сахарофосфат құрылымының бұзылуы.

 Жер бетінде тiршiлiк басталғаннан бері жасушаға дейiнгi бiтiм және бір жасушалы ағзаларға Күн сәулесi үздiксiз әсер етеді. Күн сәулесiн адам ағзасына және жануарларға биологиялық әсерiне сәйкес бiрнеше диапазонға бөлуге болады. Атап айтқанда:

а) инфрақызыл сәулесi ( > 750 нм) - жылулық эффект тудырады.  

б) көрiнетiн жарық ( = 400-750 нм) - көру және фотопериодизм.  

в) ультракүлгін (УК) сәулесі  (- 200-400 нм) үшке бөлiнедi:  

  • А-зонасы ( - 315-400 нм), күнге күю, Д витаминiң провитаминдерден түзу, фотоаллергиялық және фототоксикалық эффект.
  • В-зонасы (= 280-315 нм) - эритема, эдема, күнге күю, көздiң күюi, канцерогенез, Д витаминің түзу.
  • С-зонасы (= 200-280 нм) - эритема, күнге күю, канцерогенез, мутация, бактерияларды жою эффектісі.

 УК сәуленің әсерiнен ақуызда және нуклеин қышқылында фотобиологиялық реакциялар жүредi. Олар ақуыздың және нуклеин қышқылының құрамын бұзады. Бұл фотобиологиялық реакциялар, УК сәуленің әсеріне байланысы жоқ, қосалқы өзгерiстер туғызады. Алдымен ДНҚ-ның құрамын және акуыздардың болмысын өзгертеді. Екінші өзгеріс, болмысы өзгерген акуыздарды жасушалық ферменттердiң ыдыратуының әсерінен болады. Ыдырау өнiмдерi күрделi рефлекторлық реакцияға келтiретiн нерв ұштарын тiтiркендiредi.

 УК сәулемен ақуыз ерiтiндiсiне әсер еткенде ерiтiндiнiң мөлдірлігі, тұтқырлығы, центрифугада тұну жылдамдығы, поляризацияланған жарықтың таралу жазықтығын бұру қасиеттері өзгереді. Қорыта айтқанда, ақуыздың құрылымының бұзылуы нақты байқалады. Ақуыздың құрылымы бұзылса, онда оның ферментативтік қасиетi де бұзылады, одан кейiн жойылып та кетеді. Биологиялық белсендi ақуыздар мен полипептиттерге УК сәулемен әсер етсе, онда ферменттердiң, гармондардың, антибиотиктердiң биологиялық белсендiлiгi бiрнеше минут iшiнде кемиді.  Осы процесс бірнеше сатыда өтедi:

  1. Белсендi сатысы жарықтың жұтылуы және аминқышқылдарының АН молекулаларының қозуы:

AH+ hv1→ AH*.

 Бұл процесс қайтымды, яғни қозған молекула бастапқы күйiне жарық квантын босату арқылы келедi, AH*→AH+ hv2.

         Стокс заны бойынша v1>v2.

  1. Фотоиондану сатысы қозған молекула тұрақсыз болып электрон мен ион-радикалға ыдырайды:

AH*→ AH*+ e.

Электрон басқа молекулалармен көпшiлiк жағдайда, су молекулаларымен қармалады. Ион-радикал орнықсыз құрылым болғандықтан бос радикалға және сутегі атомының ядросына (протон) ыдырайды.

 Нуклеин қышқылының азоттық негiзi ультракүлгін сәулені (-260 нм) жұтады. Сол себепті олар УК сәулемен сәулелендiргенде фотохимиялық түрленуге мәжбүр болады. УК-сәулемен әсер еткенде жүретін реакциялардың iшiндегi ең маңыздысы мыналар: фотохимиялық тотығу, фотохимиялық сулану және фотодимеризация. Фотонның әсерiнен екi азоттық негiздiң арасында өтетін орнықты химиялық байланыс түзетiн реакцияны фотодимеризация (ди-қос, мер-өлшем) немесе қос өлшемді реакция дейді.

...

Скачать:   txt (22.1 Kb)   pdf (153.8 Kb)   docx (903.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club