Гүлдің құрылыс ерекшеліктері
Автор: Duisenbek Berdiyarov • Июнь 6, 2018 • Курсовая работа • 5,922 Слов (24 Страниц) • 1,515 Просмотры
Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы «Гүл шоғырының жүйеленуі» деп аталады. Курстық жұмыс кіріспе, аналитикалық шолу, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы сурет саны 7. 28 беттен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................8
1 Аналитикалық шолу............................................................................10
1.1 Күрделі гүлділердің ерекшеліктері....................................................10
1.2 Гүл шоғырының жүйеленуі..................................................................12
1.3 Гүл шоғыры...........................................................................................22
2 Гүлдің құрылыс ерекшеліктері............................................................23
2.1 Жай гүлшоғырының түрлері...............................................................25
2.2 Күрделі гүлшоғырының түрлері........................................................ 26
Қорытынды.............................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................28
Анықтамалар
Ботрикалық гүл шоғырының бұтақтануы моноподийлі өсуі шектелмеген, бүйірлік (жанама) бұтақтануы жиі.
Симподийлік гүл шоғырының бұтақтануы әрі өсуі шектелген, бүйірлік бұтақтануы сиректеу деп қарастырады.
Дихазий немесе екі сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы — жалған дихотомиялы. Бұл гүл шоғырының негізгі өсі гүлмен аяқталады және сонымен өсуін тоқтатады. Негізгі өстегі гүлден төмен екі бүршік пайда болады да, одан әрқайсысының ұштары бір гүлмен аяқталатын, биіктіктері бірдей ашалы өстер жетіледі.
Плейохазий немесе көп сәулелі гүл шоғырында гүлмен аяқталатьш әрбір естен екіден артық шоқтанып орналасқан бірнеше өстер пайда болады. Олардың барлығы бірқалыпты жетіліп, негізгі өстен биіктейді. Одан ары өс гүлмен аяқталып, өз ретінде бірнеше жаңа өстер береді .
Тирс (тирсоидты, тирзус) гүл шоғыры — негізгі өсі моноподийлі, жанама өстері симподийлі болатын күрделі гүл шоғыры. Көбінесе тирс қос ирек (сабынкөк) немесе қос бұйра (шайқурай) гүл шоғырларынан тұрады.
Құрама (агрегатты) гүл шоғырларында негізгі өстің бұтақтануы мен жанама өстің орналасу ерекшеліктері жеке (парциальды) гүл шоғырларындағы бұтақтану мен өстердің орналасуына сәйкес келмейді.
Шашақ гүл- гүлшоғырының осінде орналасатын жеке гүлдерінің сағақтары ұзынды-қысқалы болады (мойыл, ұзынжапырыақ, бөденешөп).
Масақ гүл-ұзынша осьтің бойында біркелкі орналасқан жеке гүлдерінің гүл сағақтары болмайды, бола қойған жағдайда өте қысқа (бақажапырақ, өсек шөп және т.б.).
Собық гүл –негізі осі жуан, етженді масақ гүлге ұқсас собық болады (айыр, жүгері, қала гүлі).
Қалқанша- негізгі осьтегі ұзындығы әртүрлі сағақтарында гүлдері бір деңгейде орналасады (алмұрт, алма).
Шатыр гүл-басты осі қысқарады да, гүлдері шоғырлана ұшынан өседі, сағақтары бірдей болады (сүйелшөп, тасшыгүл).
Шоқпарбас гүл- басты осі қысқарған, кейде етженді көптеген жеке гүлдері осьтің бетінде тығыз орналасады (құлмақ, жоңышқа, беде).
Себет гүл- осі етжеңді, дөңгелек, беті жазық, ортасы ойыс, енді бірде дөңес болуы мүмкін (күнбағыс, кекре, бақбақ және басқа да күрделі гүлдер).
Қосалқы шашақ гүл- қысқарған басты осьте шашақ гүлдер орналасады (бұршақ тұқымдастыр өкілдері).
Күрделі шатыр- ұзарған басты осьте жай масақ гүлдері орналасады (астық тұқымдастар).
Сыпыртқы гүлшоғыры- оның төменгі гүлшоғырлары жоғарғыларыныан жақсы дамып, пәрменді тармақталған.
Белгілеулер мен қысқартулар
т.б.- тағы басқалар
кг.-килограмм
см.-сантиметр
т.с.с.- тағы сол сияқты
Са-тостағанша
Со-күлте
А- андроцей
G- гинецей
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жабық тұқымдылардың шығу тегі және олардың мүмкін болған арғы тегі ғалымдарды ылғи да ойға қалдырғыш келеді. Бұл мәселенің дұрыс шешілуіне осы ғасырдың бас кезінен бастап көп күш жұмсалып келеді. Жабық тұқымды өсімдіктерге көңілдің көп бөлінуі, олардың табиғаттағы және халық шаруашылықтағы маңызының ерекше зор болуымен тікелей байланысты.
...