Гүл, аталық және аналық құрылысы. Гүл шоғыры. Тозаңдану. Гүлдің диаграммасы мен формуласы
Автор: 040630 • Январь 27, 2022 • Доклад • 1,089 Слов (5 Страниц) • 698 Просмотры
Гүл, аталық және аналық құрылысы. Гүл шоғыры. Тозаңдану. Гүлдің диаграммасы мен формуласы
«Гүл өссе – жердің көркі » Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Гүл – әдемілік өлшемнің шыңы. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды,ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау – үлкен құрметтің белгісі. Міне мен бүгін өмірімізде ерекше орын алатын гүл деген ұғымға тереңінен үңіліп,биологиялық тұрғыдан зерттеу жасап, таныстырмақпын.Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.
Гүл бөліктеріне: аталық,аналық гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша және күлте жатады.
Гүл сағағы-жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сағаққа бекінеді. Гүл сағағы болмайтын гүлдерді отырмалы гүлдер деп атайды.
Гүл табаны – гүл сағағының жоғары жағындағы кеңейген жері. Гүлдің барлық бөлімдері гүл табанына бекінеді.
Тостағаншажапырақша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма және т.б.). Жануарлар арқылы таралуға бейімделген, итошағанның тостағанша жапырақшасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.
Күлте жапырақша – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады, саны біреуден бірнешеге дейін жетеді.
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісті, тәтті шірнесі, алуан түрлі ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелерді еліктіреді. Бунақденелілерде шірнелікті адаспай табады. Күлте түбіндегі шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша жолақтар сияқты белгілер арқылы ажыратылады.
Күлтенің ашық түсі тікелей түскен түскен күн сәулесін шағылыстырып, қызуын бәсеңдетеді және аталық пен аналықтыда қызып кетуден сақайды. Түнге қарай салқын түскенде күлте жапырақшалар жабылып қалады. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қарғайды.
Гүлсерік: тостағанша мен күлте жапырақшадан тұрады. Гүлсерік жай және қос болып бөлінеді. Жай гүлсерікте тек тостағанша немесе керісінше күлте жапырақшалары ғана болады. Қос гүлсерікте тостағанша да, күлте де болады. Ал желмен тозаңдануға бейімделген гүлдерде гүлсерігінің екеуі де болмайды. Оларды гүлсеріксіз гүлдер деп атайды.
Аталық-гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әр бір аталық-аталық жіпшесінен және тозаңшадан тұрады. Аталықтың жіңішкереген жері-жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар.Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп-жетілгенде тозаңдары сырқа шашылады. Тозаң-сыртқы жіне ішкі қабықшасы бар жасуша,пішіндері де алуан түрлі.Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді.Әр бір тозаңнің сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер,бұртиған төмпешіктер болады.Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді.Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктер болады.Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.
...