Бұлшық ет түрлері. Бұлшық ет талшықтарының құрылысы
Автор: LEVFY • Февраль 3, 2021 • Практическая работа • 5,029 Слов (21 Страниц) • 916 Просмотры
№7 Практикалық сабақ. Бұлшық ет түрлері. Бұлшық ет талшықтарының құрылысы. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы мен қуат күші. Хилл теңдеуі. Теңдеуге енген шамалар, олардың мағынасы. Адам биомеханикасы. Эргометрия туралы түсінік.
Сабақтың жоспары
- Бұлшық ет түрлері.
- Бұлшықет талшықтарының құрылысы.
- Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері.
- Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы мен қуат күші.
- Хилл теңдеуі. Теңдеуге енген шамалар, олардың мағынасы.
- Адам биомеханикасы.
- Эргометрия туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Бұлшық еттердің молекулярлық құрылымы мен жиырылуы, талшықтарының қызметтік негізінде жататын физикалық және механикалық заңдылықтар туралы түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бірорыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттер: біріңғай салалы, қаңқа және жүрек бұлшық еттерінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамында, ішектердің, зәр шығару жүйелерінде кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, биологиялық сұйықтықтардың ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады. Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы, бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады.
Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып тұрады. Олар ұзын цилиндрлік жасушалардан тұрады, олар сызылған сызықтарға ұқсайды, көптеген ядроларға ие және сана бақылауында болады . Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын-денесі, ал екі шетін сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75% су және 25% тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады. Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталған. Ересек адамдардың қаңқасындағы бұлшық еттердің орта есеппен алған мөлшері жалпы 70% дене салмағының 43%-на тура келеді де, қанқа бұлшық еттері 30 кг құрайды. Бұлшық еттің негізгі қызметінің бірі — тетіктік (механикалық) жұмыс. Тыныштық күйде бұл бұлшық еттер энергияның 18% ғана пайдаланады, ал ағзадағы энергияның 25% ғана жұмысқа жұмсалады. Яғни, бұл процесті пайдалы әсер коэффиценті деп атайды. Қалған энергия (75%) денеге жылу ретінде таралады. Мұндай қаңқалық бұлшықеттердің төмен тиімділігі кемшіліктер деп атауға болмайды - бұл бұлшық еттер дене үшін жылудың сенімді және тұрақты көзі болып табылады. Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысатын болса, онда қозғалыс немесе динамикалық, ал бұлшық ет жиырылған кезде дене қимылсыз қалса, онда қозғалтпайтын немесе статикалық жұмыс деп аталады. Денедегі әр түрлі бұлшық еттер әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшық еттің күші оны құрайтын талшықтардың санына, яғни оның көлденең қимасының ауданына пропорционал.
...