Бұлшық ет жүйесінің негізгі функциясы
Автор: 21121999 • Февраль 22, 2018 • Реферат • 1,073 Слов (5 Страниц) • 2,171 Просмотры
Алматы облысы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университеті
[pic 1]
СӨЖ 2
Тақырыбы: Бұлшық ет жүйесінің негізгі функциясы.
Бұлшық еттің күші және бұлшық еттің жұмысы
Орындаған: Батқалова А.
Тексерген: Атабаева А.М.
Талдықорған 2018 жыл
Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері, қабырға аралық бұлшық еттер, көк ет, т.б. көкірек клеткасын әр түрлі қозғалысқа келтіреді. Асықты жілік пен шыбық сүйегінің бұлшық еттері, балтырдың үш басты бұлшық еті және саусақтарды июші, жазушы, саусақ аралығын ашушы және біріктіруші бұлшық еттер аяқтың басын әр түрлі қозғалыстарға келтіреді. Бұлшық еттер жұмыс істегенде организмдегі зат алмасу процесі одан сайын үдей түсіп, тамырлар арқылы келетін қан ағыны көбейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (мұны бұлшық еттің жұмыстық гипертрофиясы деп атайды). Дене мүшелерінің барлық қозғалысы өзара байланысты, ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы реттеліп отырады. • Бұлшықет көптеген ұзынша жасуша бұлшықет талшықтарынан тұрады.Омыртқалыларда бұлшықеттің үш гистологиялық типі кездеседі: • Қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты немесе ерікті. • Бірыңғай салалы • Жүрек бұлшықеттері (миокард) Бұлшықеттің топтамалары: • 1.Бас пен мойын бұлшықеттері • 2.Тұлға бұлшықеттері: • трапеция пішінді; • ромб тәрізді • 3.Көкірек бұлшықеттері: • көкіректің үлкен бұлшықеттері; • сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер; • Ішкі қабырға аралық бұлшықеттер • көкет; • Құрсақ бұлшықеттер: • Қол бұлшықеттер • Аяқ бұлшықеттер • Бұлшықет жиырылуына қажетті жағдай: Ca++жиырылғыш аппаратпен әрекеттесуі.Мұндай қасиет тек жіңішке жіпшелерде орналасқан тропониннің молекасында болды. Келесі зерттеулер көрсеткендей Ca++ болмаса актин филаменттерінің арасында орналасқан тропомиозин молекуласы жіңішке және жуан филаменттердің әрекеттесуіне кедергі жасайды. Олар актин орамасындағы көлденең көпіршелер жалғанатын үлескілерді оқшаулайды.Ca++ байланыстыру арқылы тропонин молекулалары пішінін өзгертеді, нәтижесінде тропомиозин молекулалары жылжып актинмен байланысатын көлденең көпіршелерді ашады. Егер Ca++ концентрациясы төмендесе, иондары тропонин молекуласынан ажырап, бастапқы конформациясына келеді. Бұлшықет ұлпасында эндоплазмалық ретикулум саркоплазмалық ретикулум деп аталадыБұлшықеттің жиырылуын ацетилхолин нейромедиаторын бөле қозғалтқыш нейрондар басқарады.Ацетилхолин синапстық саңылау арқылы сіңіріліп, бұлшықет жасушаларының плазмалық мембранасында орналасқан ацетилхолин реценторымен әрекеттеседі. Бұл трансмембраналық иондар каналының ашылып,жасуша мембранасының деполяризациялануына әкеледі.Әрекет потенциалы жүйке-бұлшықет қосылыстарынан бұлшықет жасушаларын қоздырып, барлық бағыттарға таралады. Синхронды типтегі бұлшықеттерде саркоплазмалық ретикулум жақсы дамыған ,өйткені олардың жұмысын реттеу үшін жүйке импульстарының көп мөлшері қажет, ал әр импульс кальций иондарының саркоплазмалық ретикулумнан босап шығуымен байланысты. Тропомиозин мен тропониннің ролі • Актин филаменттері Ғ-актинмен көмекші тропомиозин мен тропонин ферментерінен тұрады. Тропомиозин молекулалары Ғ актинді орап жататын екі созылған тізбек түзеді. Тропомиозин жиырылу механизмінің “қосылып” “өшуіне” қатысады. Тропомиозин менCa 2+ қайтымсыз қосатын глобуляры нәруыз тропонин байланысады.Бұлшық ет тыныштықта болғанда тропомиозин миозинді бекіту үшін миофламент актинді “өшіре”үлескісін тоқтатады.
...