Биоорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы
Автор: tokanlaura • Октябрь 13, 2019 • Реферат • 1,158 Слов (5 Страниц) • 1,183 Просмотры
Биоорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы
Органикалық қосылыстар – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары). Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т.б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.
Табиғи органикалық қосылыстарға жататын:нуклеин қышқылдары, ақуыздар, липидтер, гормодар, витаминдер тіршілігінде және құрылысында маңызды орын алады.
Құрылымына қарай органикалық қосылыстар:
1) ашық тізбекті (алифатикалы),
2) тұйық тізбекті(алициклді, ароматты),
3)гетероциклді болып негізгі үш топқа бөлінеді.
Ашық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді:қаныққан көмірсутектер (формула СnH2n+2) және қанықпаған көмірсутектер (формула СnH2n,СnH2n-2) бұлардың құрамында қос, үш байланыстар болады.
Тұйықтізбекті қосылыстар екіге бөлінеді:карбоциклді және гетероциклді. Гетероциклді қосылыстардың тұйық тізбегі көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқада атомдардан тұрады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.
Карбоциклді қосылыстадың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және сонымен бірге алициклді және ароматты болып бөлінеді.
Және де органикалық қосылыстарды көмірсутек молекулаларындағы сутек атомын өзге элементпен алмастырғанда түзілетін көмірсутек туындысы ретінде қа-растыруға болады:[pic 1][pic 2]
[pic 3]
[pic 4][pic 5][pic 6]
[pic 7][pic 8]
[pic 9]
Мысалы метан СН4 молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарын галоген атомдарына (мысалы, хлор) алмастырсақ, метанның галогентуындылары шығады:СН3СІ, СН2СІ2, СНСІ3, ССІ4 . Метанның бір сутек атомынгидроксид тобына алмастырақ, метил спирті СН3ОН түзіледі.Ал метанның құрамындағы бірнеше сутек атомдарын әртүрлі атомдар мен топтарға алмастырғанда, басқа органикалық қосылыстар түзіледі.
[pic 10] [pic 11] [pic 12] [pic 13]
Метан Хлорметан Метил спирті Құмырсқа қышқылы
Органикалық қосылыстардың негізі етіп көмірсутекті алады да, қалғандары олардың туындылары ретінде қарайды.
Көмірсутектер. Көмірсутектердің жалпы формуласын СхНу деп жазуға болады. Формуладағы индекстер –х пен у бүтін сандар.Мысалы, СН4, С2Н2, С2Н4, т.б. Қазіргі кезде белгілі болған көмірсутектедің саны өте көп.
Құрамында көміртек атомдарының арасындағы байланыстардың түріне қарай:
- Дара
- Еселі
Көміртек атомдарының өзара орналасу ретіне байланысты:
- Қаныққан (шектелген)
- Қанықпаған (шектелмеген)
- Ароматты
деп бөлінеді.
Қаныққан көмірсутектер құрамыдағы көміртек атомдары өзара тек дара байланыс арқылы ғана байланысқан.
Қанықпаған көмірсутектер молекулаларында көміртек атомдарының еселі байланыстары болады.Этилен молекуласының құрамында бір қос байланыс, бутадиенде екі қос байланыс, ал ацетиленде үш қос байланыс болады.
Қаныққан және қанықпаған кқмірсутектерде көміртек атомдары, негізінен, тізбектеліп, сызықты немесе тармақталып жалғасады.
...