Биологиялық белсенді қосылыстардың иондалу және липофильділік мәселелері
Автор: Zhanel • Сентябрь 26, 2018 • Реферат • 861 Слов (4 Страниц) • 1,229 Просмотры
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Фармакология негіздерімен медициналық химия кафедрасы
СӨЖ №1
Биологиялық белсенді қосылыстардың иондалу және липофильділік мәселелері
(Реферат)
Қарағанды 2018 жыл
Дәрілік заттардың адам орғанизміне енгізілу жолдары
Д.З. адам орғанизміне енгізілетін жолдары ауыз арқылы, тіл астына, тіқ шекке /АЖЖ/ энтеральды жол деп айтамыз, және парентеральды жолмен /АКЖЖ қатынысы жоқ/ ине арқылы бұлшық етке тері астына, көк тамыр арқылы өтуі айтамыз. Адам организміне әсерінін тез болуы енгізу жолдарына байланысты. Энтеральды енгізу жолдарынын ішінде. Дәрілерді қөп қолданатын әдіс ол ауыз арқылы. Керекті әсер 15-40 мин. кейін байқалады. Тіқ ішек арқылы енгізіледі дәрілердің сінірілуі 50мин дейін жүреді қаңға түседі бауырға бармайды, және ферменттердін әсері де төмендеиді.
Тіл астына - берілетін дәрілер тез сініріледі, бауырға бармайды, ферменттермен де қатынасы жоқ.
Парентеральды жолмен енгізген дәрілер тез сініріледі, тез арада қөмек қөрсету үшін қолданады. Парентеральды жолмен енгізілетің дәрілерғе не бір талаптар қойылады. Асептиканы сақтау, аппаратуралардын шприцтердің жоғары түрде заласызданған болу керек, өйткені адамға қауапты жағдайлар болуы мүмкін /эмболия, пирогенді йсері, дәрілердін адамнын жоғары сезимталдағы дәріге.
Негізгі сінірілу механизмдері
Сінірілуі процессі ол дәрінін енгізген жерінен қаңға барғаның айтамыз. Сінірілуі процессі енгізу жолдарына байланысты жүреді, және дәрінің тінде еруіне байланысты. Көк тамыр, артерия арқылы енгізген дәріліқ заттар толығымен қаңға туседі.
Белсенді транспорт – заттар концентрациясы аз ортадан концентрациясы көп ортаға қарай, яғни градиентке қарсы бағытт а тасымалданады, әрине мұндай тасымалдануға э нергия қажет. Осы мақсаттағы энергия көзі болы п аденозин трифосфат қышқылы молекуласыны ң (АТФ) ыдырау кезінде бөлінетін энергиясы қолданылады.
Белсенді емес тасымалдану – су, иондар, кейбір төмен молекулалық қосылыстар жасушаның екі жағындағы концентрациялар айырмасына байланысты еркін қозғалады және оларды теңестіреді. Мембрана арқылы орындалады.
Фильтрация - мембрана полярынан өтеді. Гидростатикалық, және осмостық қысымға байланысты жүреді.
Пиноцитоз – үлкен молекулалық ДЗ және ДЗ комплекстері сіңіріледі.
Пиноцитозда дәрі және сұйықпен толатын көпіршіктердің (вакуоль) түзілуіне әкелетін жасушалық мембрананың инвагинациясы (энгоцитоз) орындалады.
Көпіршіктер заттардың ірі молекулаларын ұстап қалған сұйықпен толған. Көпіршік цитоплазманың бойымен жасушаның қарама-қарсы беткейіне көшеді, сол жерде көпіршіктің ішіндегі зат экзоцитоз жолымен сыртқа шығарылады.
Иондалу және липофилдылық
Заттардың мембрана арқылы өтуіне биологиялық белсенді қосылыстар ретінде қарастырылатын молекулалардың иондалуы және липофилдылығы әсер етеді.
Органикалық молекулалардың ерітінділерде иондалу дәрежесі олардың құрылымымен анықталады.
Диссоциациялану константасы заттың иондарға ыдырау қабылетін сипаттайды: K жоғары болса, иондардың ерітіндідегі концентрациясы жоғары.
Диссоциациялану константасын пайдалану қолайлы болу үшін электролиттердің қышқылдылығы мен негізділігі рК шамасымен сипатталады:
рК = - lgK
Заттардың иондарға ыдырау дәрежесі жоғары болған сайын, К мәні жоғары және рК мәні төмен болады.
Органикалық қышқылдың молекуласындағы электронды акцептор орынбасушы қышқылдылықты жоғарылатады, ал электронды донор – бұл параметрді төмендетеді. Негіздер үшін қарама-қарсы, электронды акцептор негізділікті төмендетеді, ал электронды донор – жоғарылатады. Осылайша, қышқылдар мен негіздердегі орынбасушыларды өзгерту арқылы олардың иондалу дәрежесін, яғни ерітіндідегі иондалған формалардың мөлшерін басқаруға болады, бұл қасиет бейтарап және иондалған молекулалардың мембраналар арқылы өтуі мен олардың мембраналармен әртүрлі әрекеттесуі арқылы іске асатын биологиялық белсенділіктің көріністері үшін маңызды.
...