Биологиядан эксперименттік жұмыстарды жүргізудің заманауи әдіс тәсілдері
Автор: Нұрайым Нархожа • Октябрь 2, 2023 • Доклад • 347 Слов (2 Страниц) • 225 Просмотры
БИОЛОГИЯДАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Нархожа Н.А
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Алматы,Қазақстан
narkhozhannn@gmail.com
Биологиядан эксперименттік жұмыстарды жүргізудің заманауи әдіс тәсілдерін қолдану биология сабақтарында тақырыпты қызықты етуге, сонымен қатар берілген материалды жақсы сіңіруге oқушыларғa көмек ретінде тиімдірек. Эксперимент-оқытудың ұйымдастырылған бөлігі және оқушыларды пәнге қызықтыруға, берілген білімді толықтыруға немесе бекітуге септігін тигізетін әдіс. Эксперимент- оқытудың ұйымдастырылған бөлігі және оқушыларды пәнге қызықтыруға, берілген білімді бекітуге немесе толықтыруға септігін тигізетін әдіс. Сондай- ақ, ол қызығушылықты, ғылыми ойлау қабілетін, жұмысқа шығармашылық көзқарасты және ақыл ой белсенділігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқушылар экспериментті өз беттерінше жасайды, дегенмен бұл әрекеттер мұғалім бақылауында болады. Ол үшін зерттеу барысында белгілі бір тәжірибиені жүзеге асыруға болатын тақырыптар таңдалып алынады. Кез-келген жағдайда оқушыларға не үшін, қандай мақсатта тәжірибиеге қажетті заттардың қолданылуын түсіндіріледі. Эксперименттің мақсаты мен тақырыбы негізгі дидактикалық мақсатпен анықталады. Бұл формулаларды, әдістерді, биологиялық заңдылықтарды, қасиеттерді эксперименттік тексеру болуы мүмкін.
Сондай-ақ, эксперимент оны жүргізу әдістерімен танысу, қасиеттерін анықтау, динамикалық процестерді бақылау, реакциялар мен заттардың өзара түрленуі мақсатында жүргізілуі мүмкін. Эксперименттік әдісті қолдана отырып, зерттелетін объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтауға, оның қасиеттерін зерттеуге болады. Жаратылыстану білімдерін саналы түрде игеру кезінде оқушылар ойлаудың негізгі операцияларын қол жетімді түрде пайдаланады: талдау және синтездеу, салыстыру, абстракциялау және нақтылау, жалпылау; оқушылар индуктивті қорытынды жасайды, дедуктивті пайымдаулар жүргізеді.
...