Балықтардың инвазиялық аурулары
Автор: 01011998sk • Ноябрь 26, 2018 • Реферат • 2,545 Слов (11 Страниц) • 1,739 Просмотры
Кіріспе
Инвазия - (лат. іnvasion - шабуыл, басып ену, жұқтыру), адамдарға, жануарларға (балықтарға), жануартектес паразиттердің жұғуы, соның салдарынан организмнің ауруға шалдығуы. Инвазиялық ауруларды паразитарлық аурулар депте атауға болады. Бұл аурудың қоздырғыштары паразиттік тіршілік ететін жануарлар: қарапайымдылар, гельминдтер, шаянтәрізділер, сүліктер және т.б. Осыған байланысты мұндай ауруларды протозойлы (protozoa- қарапайымдылар), гельминтозды (гр.helmins- құрт), крустациозды (crustacea- шаянтәрізділер) болып өзара бөледі. Әрбір аурулар клиникалық белгілерімен немесе симптомдық әсерімен анықталады, ол жүру барысында байқалады.
Паразиттер табиғатта кең таралған олардың тіршілігі басқа организмге тікелей байланысты, себебі тіршілік ету циклінде міндетті түрде иесінің денесіне қоныстанып, оны қоректік орта ретінде пайдаланады. Иесінің организміне парзиттің қоныстануына сәйкес оларды сыртқы паразиттер немесе эктопаразиттер (иесінің терісінде, желбезектерінде мекендейтін) және ішкі паразиттер немесе эндопаразиттер (иесінің ұлпаларында, ішегінде, ішкі қуысында тіршілік ететін). Денесінде паразит ересек түрінде дамитын болса онда жануарлар паразиттің негізгі иесі болып табылады. Ал дернәсіл күйінде кездессе, аралық иесі болады.
1. Протозойлы аурулар
Қарапайымдылардан туындайтын аурулардың қоздырушылары бір жасушалылар – Protozoa. Бұлар мофологиялық жағынан бір жасушалы формалар болса, физиологиялық жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организмдер. Қарапайымдылардың денесі цитоплазмадан, ядродан және органеллалардан құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, тығыздау түйіршік келген ішкі – эндоплазма және сұйықтау сыртқы – эктоплазма. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп аталатын қабықша түзейді.
Қарапайымдылардың даму циклі тікелей, көбеюі жынысты және жыныссыз процесетердің кезектесуі арқылы жүреді. Көптеген қарапайымдылар қолайсыз жағдайда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетіспесе) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады.
Қарапайымдылар тобына кіретін 5 типтің түрлері де балықтардың паразиттері:
Саркомастигофора (Sarcomastigophora)
Апикомплекса (Apicomlexa)
Книдоспоридия (Cnidosporidia)
Микроспоридия (Microspora)
Кірпікшелі инфузория (Ciliophora)
Әр типтің өкілдері әртүрлі аурулар туғызады. Талшықтылар мен саркодалардың ішінен біраз түрлері ғана эпизоотикалық жағдай туғызады. Сондай-ақ миксоспоридиялар балықта ғана паразитті тіршілік етсе, микроспоридиялар ішінен балыққа да және басқа да гидробионттарға тән паразиттер кездеседі.
Кірпікшелі инфузориялар туғызатын аурулар. Бұл типке қысқа кірпікшелері бар бірклеткалы жәндіктер жатады, олардан туындайтын аурулар ихтиопотологияда алатын орны орасан.
Инфузориялардың денесін біркелкі кірпікшелері тегіс жауып тұрады немесе біркелкі кірпікшелері қатар-қатар болып орналасады. Кейбір түрлерінде ауыз айналасындағы кірпікшелері ірі, ал дененің қалған бетінде майда біркелкі кірпікшелері болады, тек бауыр кірпікшелер отрядындағы түрлерінде кірпікшелері қылтандарға және цирраларға айналған. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады. Инфузориялардың цитоплазмасында екі ядро орналасады. Үлкен – макронуклеус және кіші – микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрмебұршақ дәні тәрізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметтерді реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасады, ол тек көбею қызметін атқарады, сондықтан ол генеративті ядро.
Хилодонеллез
Кірпікшелі
...