Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмбрионалдық қанжасау,қанның тін ретінде дамуы. Қанжасаушы тіндер(миелоидты,лимфоидты)

Автор:   •  Сентябрь 22, 2023  •  Реферат  •  2,495 Слов (10 Страниц)  •  114 Просмотры

Страница 1 из 10

                   Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

                                         

                                        СӨЖ

  « Эмбрионалдық қанжасау,қанның тін ретінде дамуы.

           Қанжасаушы тіндер(миелоидты,лимфоидты)»

                                         

                                         

                                         Орындаған:Айдарханова А.Д.        

                                                               1-007 Педиатрия

                                               Тексерген:Кушербаев С.А.

                     

                               Қарағанды 2023

                                    Мазмұны

  • Кіріспе: Қан құрамы,пішіндік элементтері,атқаратын қызметі

  • Негізгі бөлім:
  1. Қанжасам (гемопоэз).
  2. Эмбрионалдық гемопоэз.
  3. Гемопоэздің реттелуі.
  4. Қанның адамның жасына байланысты өзгерістері.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

                         

                          Кіріспе

   1.1.Қан - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.Қан- кан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8% белоктар, 2% түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.

Эритроциттер адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардын (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7-8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4-5 млн., әйелдерде 3,94,7 млн. Эритроциттер болады. - Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн- дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мындай). Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай эритроциттер түзіліп, сондай мөлшерде эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады).Эритроциттер өкпеден тіндерге оттек (02), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе- теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді жеткізеді. Адам мен жануарлардың эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады.

Лейкоциттер - ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында құрылады. Қан мен ұлпаларда әр түрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің - қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.

...

Скачать:   txt (31 Kb)   pdf (149.3 Kb)   docx (204.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club