Адипин қышқылы полиамидті талшықтарға арналған бастапқы шикі зат ретінде
Автор: 1530344 • Сентябрь 12, 2018 • Реферат • 781 Слов (4 Страниц) • 1,873 Просмотры
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Адипин қышқылы полиамидті талшықтарға арналған бастапқы шикі зат ретінде
Орындаған: Ақын Алтынай
Тексерген: Умбетова А.К
Алматы – 2018
Синтетикалық талшықтар алу
Органикалық карбон қышқылдары мен аминдердің конденсациясынан пептидтік байланысы бар қосылыстар түзіледі:
RCOOH + H2NR’ → RCONHR’ + H2O
Полипептидтер мен ақуызды заттарда пептидтік байланыс маңызды роль ойнайды. Көпнегізді қышқылдардың қасиеттері бойынша диаминдер және пептидті байланыстары бар жоғарғы молекулалы салмақ тізбегі полимерлерін қалыптастырады, полиамидті шайырлы нейлон дайындауға негізделеді. Қасиеті бойынша жасанды және табиғи жібекпен белсенді бәсекеге түсе алады.
Поликонденсация бағыты бойынша зерттеулер нәтижесінде CO-NH (пептидтік байланыс) байланысы бар полиамидтер алынды. Зерттеулер бойынша триметиленгликольгексадекадикарбон қышқылы мен α-аминкапрон қышқылын азотты атмосферада конденсациялау нәтижесінде мықты, берік, жеткілікті түрде түссіз әрі жұқа қабатта иілгіш; 40-500 температурада жеткілікті түрде берік жіп алуға болатын полимер алынды.
Полиамидті талшықтар алу бойынша қиыншылықтар, α, ω-диаминдерді -диаминдерді әртүрлі екі негізді карбон қышқылдарымен толығымен зерттеу нәтижесінде шешілді. Ең жақсы нәтиже гексаметилндиамин мен адипин қышқылының поликонденсациясынан алынды. Реакция төмендегі сызбанұсқа бойынша жүзеге асады:
[pic 1]
[pic 2]
Бұндай моекулалар бірнеше реттің пептидтік байланыстан тұрады
[pic 3]
және де осы қатынаста табиғи талшықтарға мәселен, жібек немесе жүнге ұқсас (найлонды «66» деп атайды, құрамындағы амин мен қышқылдың көміртегі атомына байланысты).
Қазіргі таңда найлонды көп мөлшерде өндіреді. Бұл күрделі процестегі ең үлкен ерекшелік ретінде, бастапқы материал қызметін бензолдың атқаруын айтсақ болады. Процестің басқа сатылары сызбанұсқадан айқын көрінеді:
[pic 4]
Қазіргі таңда найлон синтезінің басқада жалпы схемалары ойлап табылған. Осы әдістердіңішіндегі ең қызығы әрі перспективтісі ацетиленнен алу болып табылады.
Найлонды алу технологиясында бастапқы материал мен оның қатынасына (1:1) ерекше назар аударады. Диаминді сақтау қиын болғандықтан, ооны аммониленген тұзы адипин қышқылына ауыстырады, бұдан 2000-тағы азотты атмосферада 2400-2500салмақты полиамид алынады. Соңында молекулярлық массасы 15000-25000 болатын, 200 ат. қыздырып полимер алады. Полимеризацияның барлық сатысын толықтай ауасыз жүргезеді.
...