Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене тәрбиесі үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы

Автор:   •  Март 20, 2024  •  Реферат  •  2,581 Слов (11 Страниц)  •  117 Просмотры

Страница 1 из 11

Дене тәрбиесі үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы

Эстетикалық тәрбие өзіне қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің рухани өмірінің барлық жағын қамтиды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің көбі сабақ барысында оқушыларының жаттығуды үйрену үдерісін дұрыс жолға қоймайды. Істей алмаса жер-жебіріне жетіп, оқушыларының ынтасын құртады. Сондықтан жаттығуларды үйренгісі келіп, бірақ істей алмайтын оқушылардың ынтасын бұзбай, оларды жөнді жеріне дейін көтермелеу керек, сонда барып оқушының көңіл-күйі көтеріліп, келесі тапсырманы орындауға құлшынып тұрады. Қимыл-әрекеттің әдемелігін тәрбиелеу – керек болса мұғалімнің арнайы міндеті. Жаттығуды таза күш жағынан орындалуын ғана талап ету – тәрбие, әдемілік нәрселерден жұрдай екенін білдіреді. Сондықтан да, жаттығулардың орындалуында эстетикалық, сұлулық жағын да ойлау керек. Күштілікпен қатар, әдемілік, сұлулық, ептілік, иілгіштік жүру керек. Тек дене тәрбиесінде ғана адам бойын тік ұстап, дене бітіміне көз сала жүріп, өзінің жүріс-тұрыстарын әсемдетеді. Сезімді буырқандырмай ұстау ол да үлкен өнер, сонымен қатар балаларға, әсіресе, жарыс кезінде өзін өзі ұстауы, қарсыласқа деген әділ көзқараспен, шындық таза спорттық жағымен ғана жеңу, жеңілгенге менмендік көрсетпей әділ болу, т.б. сезімдерді оята беру керек.

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі – білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, тәрбие, ал соның ішінде эстетикалық, рухани, патриоттық және сана-сезім мен ақыл-ойды дамытып жетілдіретін тәрбие түрлерін ашып көрсету және оны іс жүзінде мекемелердегі оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, жан-жақты білімі бар, дүниетанымы кең жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиенің басты негіздері жанұядан басталатын, көп қажырлылықты талап ететін, бұл күрделі үдеріс тек мектеп тәрбиесімен ғана шектеліп қалмау керек. Сонымен бірге, тек мектепке ғана оның басқа тәрбие институттарымен әлеуметтік-педагогикалық байланыстарын орната отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудың басты рөлі берілген.

Дене қимылы жаттығуларын үйрену кезінде оқушының оқу іс-әрекеті оқу-қозғалыстық іс-әрекеті сипатында болады. Іс-әрекет теориясына және оның адамзаттың дамуына ықпал жасауындағы, оқу үдерісіндегі іс-әрекет рөліне сүйене отырып, мектептегі дене шынықтыру пәні оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптастыратын дене тәрбиесінің жүйесі балалардың тәрбиесіндегі дене шынықтыру мүмкіндіктерін ашып береді. Заманауи педагогика мен психология мамандары адамның рухани қалпы оның сана-сезімінің, тәртібінің және қимыл-әрекетінің бірлігінде екендігін мойындайды. Дене шынықтыру педагогикасы осы рухани категориялардың қарама-қарсы тұруы, үзілуі тәрбиенің барлық үдерісінің жоғалуына, қайта қалыптасуы өте қиын жағдайлары фактілерінде негізделеді. Рухани тәртіптің, сана-сезімнің, қимыл-әрекеттің үйлесімді дамуы – тұтас педагогика секілді, дене шынықтыру педагогикасының мәні болып табылады.

Оқушылардың рухани тәрбиесіндегі оқу іс-қызметінің рөлін зерттей отырып, рухани тәрбиенің басты қайнар көздеріне оқу іс-қызметінің мазмұны болып табылатынын бірқатар ғалымдар көрсеткен. Осы қалыптан мектеп дене тәрбиесі жүйесіндегі оқу-қимыл қозғалыс әрекеті іс-қызметінің мазмұны рухани тәрбиенің мақсат-міндеттерін шешуге арналған үлкен мүмкіндіктермен толтырылған. Себебі, бұл өзіне зияткерлік, білімдік, танымдық, эмоционалдық (буырқанды сезімдік) және моральдік бөліктердің көптүрлілігін қосады. Бұдан шығатын қорытынды: дене шынықтыру сабақтарында әрдайым рухани тәрбиені ұштап тұру.

Тәрбиелік білім берудің тағы бір түріне - достастық педагогикасына, ұжымдық арақатынастарға негізделген оқу іс-қызметін ұйымдастыру түрлерінің мәнін түсіну кіреді. Осындай жағдайда дене тәрбиесі оқу-іс-әрекет іс-қызметтерінің ерекшеліктерімен, оны ұйымдастыру әдістерімен шартталған маңызды тәрбиелік әлеуетке ие болады. Жетекші ерекшеліктердің біріне оқушының тәртіптік әрекеттері мұғалімге көрініп тұратын, оқу-іс-әрекет қызметтері жұмысының орындалу көрнекілігін жатқызуға болады. Тәрбие сараманы үшін бұл өте құнды. Себебі, мысалы «Ұжым немесе жеке тұлға» тақырыбындағы шығарманы «өте жақсы» деген бағаға жазғанымен, оны өмірде қолданбаса, яғни, сын сағатта өзінің әлсіз болмысын тура көрсетіп қойса, оның несі ерлік? Немесе ондай шығармашылық тұрғыда биік белестерге шықпаса да, яғни, оқудағы (тағы да мысалы, әдебиеттен) көрсеткіштері орташа болғанымен, шынтуайтқа келгенде оқыс оқиға кезінде ерлік көрсете алатын, адамгершілігі таза, рухани байлығы биік оқушыны тәрбиелеген әлдеқайда дұрыс. Осындай қасиеттерді дене тәрбиесі сабақтарында тәрбиелеп, жетілдіруге болады. Оқу-іс-қимыл іс-қызметінің ерекшелігіне тағы бір мысал: қатаң тәртіпте пікір алысуын қадағалайтын басқа мектеп пәндеріне қарағанда, дене шынықтыру пәнін өту кезінде ондай шектеу жоқ. Сабақ материалдарын өту кезінде оқушылар бірі-бірімен еркін араласа береді. Оқушылардың мұғаліммен үнемі тығыз байланыста болуы, олардың арақатынасының көптүрлілігі және эмоциялық сезімдердің еркін шығуы – қажетті жағдайларды құруына үлкен мүмкіндіктер беріледі. Осындай жағдайлар, мысалы, спорттық ережелерді сақтауды, спорттық этиканың нормаларын, қарсыласқа деген сыйластықты сақтауды талап ететін қарсыластық жағдайларда болады. Осы оқу-іс-әрекет іс-қызметінің ерекшеліктерін шығармашылық тұрғыда қолдану – мұғалімге нақты тәрбиелеуші жағдайларды құрып қана қоймай, сонымен бірге, оқушылардың тәртібіне жедел түрде назар аудара алуы керек.

...

Скачать:   txt (40.3 Kb)   pdf (107.4 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club